bs-preloader__icon
ru kz en

ӨСК активтері 600 млрд теңгеден асты, сыйлықақылар 16%-ға өсті

Өмірді сақтандыру секторы 2020 жылдың қорытындысы бойынша есеп берді.
ӨСК активтері 600 млрд теңгеден асты, сыйлықақылар 16%-ға өсті

Өмірді сақтандыру компаниялары ауыр 2020 жылды көтеріңкі күйде аяқтады. ӨСК брутто-сыйлықақылары жылдық көріністе 228,9 млрд теңгені құрап, 16%-ға өсті. 2020 жылдың қорытындысы бойынша жалпы жинақтар мөлшері бойынша көшбасшы «Nomad Life» ӨСК болды. Ол жалпы жинағы 66,5 млрд теңгеден асқан «Halyk life» ӨСК-ні басып озып, 72 млрд теңге жинады. Ұлттық Банктің деректеріне сәйкес, 01.01.2021 жылғы жағдай бойынша «Nomad Life» ӨСК сонымен қатар активтер мөлшері (208,4 млрд теңге) және сақтандыру резервтері (146,9 млрд теңге) бойынша ӨСК арасында бірінші позицияны алды. Бұл ретте, «Nomad Life» ӨСК сақтандыру резервтерінің көлемі бойынша тіпті жалпы сақтандыру компанияларынан озып келеді.

Сақтандыру сегменттерінің бөлігінде 2020 жылдың қорытындысы бойынша сыйлықақылардың 97,6 млрд теңгеде ең үлкен көлемі өмірді сақтандыруға түсіп отыр. 2020 жылдың он екі айында сыйлықақылар 2019 жылдың сол кезеңіне 26,9%-ға өсті. ӨСК-нің жиынтық жинақтарында өмірді сақтандыру бойынша сыйлықақылардың үлесі 2019 жылдағы 39%-ға қарсы 42,6%-ға өсті.

2020 жылдың қорытындысы бойынша өмірді сақтандыру бойынша ең ірі сақтандырушы «Halyk life» ӨСК болды. Сыйлықақылар 2019 жылдағы 36,1%-ға қарсы 2,3% жылдық өсімді көрсетіп, 36,6 млрд теңгені құрады. Өмірді сақтандыру бойынша жиынтық сыйлықақыларда «Halyk life» ӨСК-нің үлесі 2019 жылдағы 46,6%-ға қарсы 37,6%-ды құрады.

«Nomad Life» ӨСК – өмірді сақтандыру сегментінде екінші ең ірі сақтандырушы. 2020 жылдың қорытындысы бойынша ол 2019 жылдағы 16,1 млрд-қа қарсы 35 млрд теңгені жинап, сыйлықақыларды жинауын екі есе көбейтті. Сыйлықақылардың жылдық динамикасы 117,6%-ды құрады және сегментте 20,9%-дан 35,9%-ға дейін үлесін ұлғайтуға мүмкіндік берді.

«Еуропалық сақтандыру компаниясы» ӨСК (ЕСК) өмірді сақтандыру сегментінде үшінші ең ірі сақтандырушы болып қалады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша ӨСК 2019 жылдағы 28,5%-дан 18,1%-ға дейін өмірді сақтандыру сегментінде нарықтық үлесін қысқартып, 17,6 млрд теңге жинап, 19,3%-ға (жылдан жылға) сыйлықақылардың түсімін көрсетті.

2020 жылдың қорытындысы бойынша аннуитеттік сақтандыру 2019 жылы сегмент 106,6%-ға өскен кезде, 8,8%-ға өсімді көрсетті. Абсолюттік көріністе сыйлықақылар 77,6 млрд теңгені құрады. Өсімнің баяу темпі ӨСК-нің жиынтық сыйлықақыларында аннуитеттік сақтандыру бойынша сыйлықақылардың үлесін 36,1%-дан 33,9%-ға дейін төмендетті.

Аннуитеттік сақтандырудың құрамына кіретін зейнетақы аннуитеттері 2020 жылы 2019 жылдағы 131,6% динамикаға қарсы 71,3 млрд теңгеге дейін, 9,2%-ға өсті. Зейнетақы аннуитеттері сегментінде және аннуитеттік сақтандыру секторында 2020 жылдың қорытындысы бойынша көшбасшы болып «Nomad Life» ӨСК болды. Ол аннуитеттік сақтандыру бойынша ӨСК-нің сыйлықақыларында 34,4%-ды алып, аннуитеттік сақтандыру бойынша 26,7 млрд теңге сыйлықақылар жинады. ӨСК-нің зейнетақы аннуитеттері бойынша ол сегменттің 35,1%-ын алып, 25 млрд теңгені жинады.

Портфель көлемі бойынша екінші орында «Halyk life» ӨСК. Компания аннуитеттік сақтандыру бойынша (сақтандырудың осы сегментінің 23,6%-ын алады) 18,3 млрд теңге сыйлықақыларды және зейнетақы аннуитеттері бойынша (осы сегменттің 22,3%-ын алады) 15,9 млрд теңгені жинады.

2020 жылы аннуитеттік сақтандыру сегментінде үшінші орынға едәуір күрес болды. 2019 жылы үшінші позицияда «Standard Life» ӨСК болған. Ол аннуитеттік сақтандыру сегментінің 9%-ын алған, оның ішінде зейнетақы аннуитеттері сегментінде 9,3%. 2020 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша аннуитеттік сақтандыру бойынша ең ірі ӨСК үштігіне «Евразия» ӨСК шыққан және желтоқсанға дейін көшбасшылар үштігінде болды. 2020 жылы аннуитеттік сақтандыруда үшінші ең ірі сақтандырушы «Freedom Finance Life» ӨСК болды. Оның аннуитеттік сақтандыру бойынша үлесі 14,7%-ды (11,3 млрд теңге), зейнетақы аннуитеттері бойынша 15,5%-ды (11 млрд теңге) құрады. 2019 жылы ӨСК тиісінше 5,1% және 5,3% үлестерді алған.

«Жұмыс берушінің жауапкершілігі аннуитеті» (ЖЖА) сыныбы бойынша сыйлықақылар 2020 жылдың қорытындысы бойынша 4,4 млрд теңгені құрап, жылдық көріністе 6,3%-ға түсті. ЖЖА сегментінің көшбасшысы болып «Halyk life» ӨСК қалады. Компания портфелі 1,37 млрд теңгеге жетеді және сегменттің 30,8%-ын алады (2019 жылы 38,4%). Екінші орынға «Nomad Life» ӨСК жайғасты. Компанияның портфелі 1,35 млрд теңгені құрады және ЖЖА сегментінің 30,3%-ын алады. Үшінші позицияда «KM Life» ӨСК қалды. 2020 жылда оның портфелі 497,9 млн теңгеге дейін өсті, ал нарықтық үлесі 11,2%-ға дейін ұлғайды.

«Аннуитеттік сақтандырудың өзге түрлері» сегменті 2020 жылдың қорытындысы бойынша 2019 жылдағы 18,7% түсімге қарсы жылдық көріністе 43,9%-ға сыйлықақылардың жақсы өсімін көрсетті. ӨСК жинақтары 1,8 млрд теңгеден асты. Сақтандырушылардың белсенділігі табыс әкелуде, сегментте шоғырлану қысқаруда. 2019 жылы екі ӨСК 98,9% сыйлықақылар жинаған. 2020 жылы көшбасшылардың үштігіне сыйлықақылардың 96,3% түсті. Бірінші позицияда 988 млн теңге жинаған және сегментте сыйлықақылардың 54,6% (2019 жылы 59,4%) құрып отқан «Halyk life» ӨСК орналасты. «KM Life» ӨСК 2020 жылдың қорытындысы бойынша 434,7 млн теңге жинады (сегменттің 24% үлесі). «Nomad Life» ӨСК сыйлықақылардың 322,8 млн теңгесін тартты және сегменттің 17,8%-ын алады.

ӨСК бөлігінде жиналатын жазатайым оқиғаны сақтандыру (ЖО) бойынша сыйлықақылар жақсы өсімді көрсетуді жалғастыруда. 2020 жылы олар 2019 жылдағы 2,4%-ға өсімге қарсы 27,7%-ға ұлғайды. Ақшалай көріністе ӨСК сыйлықақыларының портфелі бұл сегментте 12,7 млрд теңгені құрады.

Жылдық көріністе сыйлықақылардың елеулі өсімін екі ӨСК көрсетті. «Nomad Life» ӨСК-нің сыйлықақыларының портфелі 319,1 млн теңгені құрап, 298,7%-ға өсті. «Freedom Finance Life» ӨСК сыйлықақыларды 3,178 млрд теңгеге дейін 338,7%-ға ұлғайтты. Нәтиже компанияға 2020 жылдық қорытындысы бойынша ӨСК бөлігінде ЖО сыйлықақыларының жинағы бойынша бірінші орынға шығуға мүмкіндік береді. «Freedom Finance Life» ӨСК-нің сыйлықақылар үлесі 2019 жылдағы 7,2%-ға қарсы 24,9%-ға дейін өсті. Екінші орынға «Halyk life» ӨСК түсті. 3,176 млрд теңге көлемде жинаған сыйлықақылар сегментте көшбасшылықты ұстап қалу үшін жеткіліксіз болды. 2020 жылдың қорытындысы бойынша ӨСК сыйлықақылардың 42,1%-ын жоғалтты, оның сегментте үлесі 2019 жылдағы 54,8%-ға қарсы 24,9%-ға дейін түсіп кетті. 2020 жылдың қорытындысы бойынша үшінші орынды ЕСК ӨСК алып отыр. Ол 2,6 млрд теңге сыйлықақыларды жинады және сегменттің 20,5%-ын алады, ал 2019 жылы үлесі 35,2%-ды құраған. 2020 жылы сегментте бәсекелестік күшейді, ол сыйлықақылардың шоғырлануының төмендеуіне әкелді. Егер 2019 жылы сегментте екі ең ірі ӨСК сыйлықақылардың 90%-ын жинаса, 2020 жылдың қорытындысы бойынша төрт ӨСК сыйлықақылардың 86%-ын құруда.

ӨСК бөлігінде ауыру жағдайына сақтандыру бойынша сыйлықақылар (ЕМС) 1,09 млрд теңгені құрап, 2019 жылдағы 57,9% төмендеуге қарсы бір жылда 5559,1%-ға өсті. Сегментте белсенділікті «KM Life» ӨСК әкелді. 2020 жылы ол 1 млрд теңгеден аса сыйлықақыларды жинады және 92,4% нарықтық үлесін алды.

«Қызметкер еңбек міндеттерін атқару барысында оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру» (ЖОМС) секторында сыйлықақылар 2020 жылдың қорытындысы бойынша 2019 жылдағы 40,9% өсімге қарсы 2,2% әлсіз динамиканы көрсетті. Ақшалай көріністе ӨСК-нің жиынтық портфелі сегмент бойынша 39,8 млрд теңгені құрады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша ЖОМС сегментінің көшбасшысы болып «Nomad Life» ӨСК болды. Ол 10 млрд теңге сыйлықақыларды жинады және ЖОМС сегментінің 25,1%-ын алады. Екінші орында «Halyk life» ӨСК, оның портфелі 8,3 млрд теңгені құрады және сегментте 21%-ды алады. Үшінші позицияға «KM Life» ӨСК шықты. 2020 жылдың қорытындысы бойынша ол 6,69 млрд теңге сыйлықақыларды жинады, ол ЖОМС сегментінде 16,8%-ды алуға мүмкіндік берді. «KM Life» ӨСК жинақтар бойынша 2020 жылдың қорытындысы бойынша портфелі 5,4 млрд теңгені құраған, ал сегментте нарықтық үлесі 13,8%-ға дейін қысқарған «Евразия» ӨСК-ні озып шықты. 2020 жылдың ішінде ЖОМС сегментінде бәсекелестік өте жоғары болды. Сегментте екі ең ірі сақтандырушылар үлесі 46,1%-ға дейін қысқарды, ал 2019 жылы олар сыйлықақылардың 56,7%-ын жинаған.

2020 жылдың қорытындысы бойынша ӨСК-нің жиынтық активтері 37,7%-ға (жылдан жылға) өсті және 603,9 млрд теңгеден асты. Сақтандыру резервтері 28,6%-ға ұлғайып, 421 млрд теңгені құрады. ӨСК-нің меншікті капиталы 110,7 млрд теңгеге дейін, 42,2%-ға (жылдан жылға) өсті.

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өмірді сақтандыру қаржылық мақсаттарға жетуге қалай көмектесе алады
Өмірді сақтандыру қаржылық мақсаттарға жетуге қалай көмектесе алады

Әлемде көптеген қаржылық өнімдер бар, бірақ со...

Ауытқыма ыстыққа қалай шыдауға болады
Ауытқыма ыстыққа қалай шыдауға болады

Күн ыстық болғанда ағзаның қызып кетуі – тәуе...

Сақтандыру арқылы қорғауы бар «Жинақ сандықшасы»
Сақтандыру арқылы қорғауы бар «Жинақ сандықшасы»

Неліктен банктер өмірді сақтандыру өнімдерін ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру