bs-preloader__icon
ru kz

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың жүйесі дамуды талап етеді

Астана қаласында 28 қыркүйекте «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін дамытудың болашағы» атты республикалық семинар өтті.
Міндетті әлеуметтік сақтандырудың жүйесі дамуды талап етеді

Аталған іс-шара «Қазақстанның ең үздік әлеуметтік жобалары» республикалық байқау аясында өткізілді. Оның ұйымдастырушылары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және «Нұр Отан» партиясы.

Семинар барысында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей сарапшыларының баяндамалары тыңдалды. Қатысушылар тәжірибемен бөлісіп, пікір алмасты, әлеуметтік саладағы өзекті мәселелерді шешу жолдарын талқылады. Нақты айтқанда, «МАК» ӨСК» АҚ Басқарма төрағасы Ғалым Амерходжаев Қазақстанда өндірісте жазатайым оқиғалардан жұмыскерлерді міндетті сақтандыру жүйесі туралы баяндады.

Сонымен қатар іс-шара барысында байқауға қатысқан барлық жобалардың көрмесі және жеңімпаздарды марапаттаудың ресми рәсімі өтті.

Байқау тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, күрделі өмірлік жағдайлардан өтуде көмек көрсету, әлеуметтік саладағы еріктілер қозғалысын дамыту және т.б. сияқты бағыттар бойынша өткізілді. Оған бүкіл елден 318 жоба авторы қатысты, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда, екі есе артық болды.

Дереккөзі: http://www.gak.kz/news_detail?news_id=199

Фото:  Нұр Отан

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
2020 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша ӨСК динамиканы ұлғайтты
2020 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша ӨСК динамиканы ұлғайтты

2020 жылдың қаңтар-қазан айларында ӨСК-ның брутт...

Зейнетақы төлемдері – БЖЗҚ немесе сақтандыру компаниясынан
Зейнетақы төлемдері – БЖЗҚ немесе сақтандыру компаниясынан

2024 жылы 62 592 салымшы БЖЗҚ-дан өмірді сақтандыру...

Жаңа зейнеткерлер
Жаңа зейнеткерлер

Елімізде зейнетақы жинақтарының жеткілікті м...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру