bs-preloader__icon
ru kz

Чикаголық рэпер сақтандыру төлемін алу үшін анасын өлтіруге тапсырыс берді

Ол әйгілі болуды қатты қалаған еді, бірақ сот басқаша шешті. Young QC қалған өмірін түрмеде өткізетін болады, өйткені ол сақтандыру төлемін алу үшін анасын өлтіргісі келген, деп жазады The Root.
Чикаголық рэпер сақтандыру төлемін алу үшін анасын өлтіруге тапсырыс берді

Бұл қайғылы оқиға 2012 жылдың қыркүйек айында орын алды. Сол кезде жалдамалы кісі өлтіруші (100 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған) өз төсегінде жатқан рэпердің анасын атып тастады.

Журналистердің айтуынша, Иоланда Холмс – сұлулық салонының иесі болды, және бүкіл бос уақытын жалғыз ұлға және волонтерлік қызметке арнады. Бірақ 23 жастағы рэпер өзінің ең жақын адамының қаражаты арқасында әйгілі болғысы келді. «Сотталушы нені армандаған? Анасы оны жұмыспен қамтып, ақшалай көмектесіп жүрген, оған көлікті де алып берген болатын. Ал ол болса, кәдімгі ерке бала болып өсті, сондықтан ол өзіне өмір сыйлаған адамға қастандық жасады!» – деп музыкантты 99 жылға түрмеге жабу туралы үкім шығарған сот мәлімдеді.

Young QC анасында жинақтар да, зейнетақы аннуитеті де бар екенін білді. Прокуратура Иоланда Холмстың сақтандыру полисі ұлына $90 мыңды алып келуі тиіс болатын. Бұл оны қылмыс жасауға итермелеген.

45 жастағы Холмс қоғамда танымал еді. Бұл әйел мектепке, өмірлік қиын жағдайларға тап болған жас аналарға көмектесетін, ауданның түрлі комитеттерінің құрамына кірген.

Дереккөзі https://www.theroot.com/chicago-rapper-sentenced-to-99-years-for-putting-hit-on-1841418893

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
No-code технологиясы өмірді сақтандыру нарығында төңкеріс жасай алады
No-code технологиясы өмірді сақтандыру нарығында төңкеріс жасай алады

UnderwriteMe андеррайтеринг процесін автоматтандыр...

Өмірді инвестициялық сақтандыру туралы нені білу керек
Өмірді инвестициялық сақтандыру туралы нені білу керек

Unit Linked қосымша табыс алу үшін және сәтсіз болғ...

Қазақстанда өмірді сақтандыру компаниялары қанша табыс тапты
Қазақстанда өмірді сақтандыру компаниялары қанша табыс тапты

Ұлттық Банктің мәліметтері бойынша 2019 жылдың ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру