«Біз Мемлекеттік аннуитеттік компанияны жекешелендіруді қолдаймыз, бірақ бұл үшін дұрыс уақытты таңдау керек. Қазір Қазақстанның ішкі жалпы өніміндегі өмірді сақтандырудың үлесі 0,15% ғана құрап отыр, ал дамыған елдерде – орташа есеппен алғанда 5%, дамып келе жатқан нарықтарда – орташа есеппен алғанда 1,7%. Әрине, қазір де жекешелендіруге болады, бірақ бұл үлес 1%-дан асатын кезде дұрысырақ болар», – деп ҚазТАГ үшін Е.Бурабаев МАК-ты жекешелендіру мәселесін қайта қарастыруы мүмкін туралы хабарламаны түсіндіріп берді.
Оның ойынша, жалпы мемлекеттік активтерді жекешелендіру мәселесі өте маңызды және мәнді. «Алайда сақтандыру нарығының қатысушылары қазіргі кезде МАК-ты жекешелендіру мерзімінен бұрын болатындығын алға тартады», – деді сарапшы.
Мемлекеттік аннуитеттік компания қазіргі таңда сақтандыру нарығын, оның ішінде өмірді сақтандыру сегментін тұрақтандырушы рөлін атқарады, деп Н.Бурабаев жалғастырды.
«Сондықтан МАК бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы» Заңынан сәйкес өмірді сақтандырудың бүкіл нарығының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған негізгі компания болып табылады. Заңнамаға сәйкес жеке сақтандыру компаниялары жойылып жатқан сақтандыру компанияларын өзіне қабылдап алуға ниет білдірмеген жағдайда, МАК-қа өз теңгеріміне олардың портфельін қабылдау міндеті жүктелген», – деп сарапшы түсіндіреді.
Мұндай жағдайда МАК банк қызметі саласында Қазақстандық депозиттерді кепілдендіру қоры сияқты қызметтерді атқарады ма деген сұраққа Е.Бурабаев теріс жауап берді. «Жоқ, еш уақытта. Нарықта Сақтандыру төлемдерін кепілдендіру қоры (СТКҚ – ҚазТАГ) қызмет етуде, бірақ оның активтері өмірді сақтандыру сегментінде, шын айтқанда, аса елеулі емес. Яғни МАК-ты жекешелендіретін болса, толық сақтандыруға қордың әлі келмейді», – деп сарапшы мойындады.
«Өмірді сақтандыру сегменті туралы сөз болғанда, нақты айтатын болсақ, МАК тұрақтандыру қызметін атқарады. Егер оны қазір жекешелендіретін болса, онда оның орнын ешнәрсемен толтыра алмайтын ойық пайда болады», – дейді Е.Бурабаев.
Сақтандыру төлемдерін кепілдендіру қоры қазіргі кезде МАК атқаратын қызметтерді қашан өзіне қабылдап алатын болады, деген сұраққа, ол бір мәнді жауап қайтара алмады. «Бұл мәселеде ауқымдырақ ойлану керек. Сақтандыру нарығының жеке бөліктерінің емес, бүкіл нарығының өсуі негізгі факторы болып табылады. Қазір нарықта өте позитивті трендті байқауға болады. Осылайша, 2017 жылғы қорытындылары бойынша Қазақстанда өмірді сақтандыру сегменті 25%-ға өсті, ал 2018 жылғы өткен кезеңінде үлкен плюс тіркелді. Сонымен МАК-ты жекешелендіруге болатын уақыт сіздер ойлағандарыңыздан әлдеқайда тезірек жақындады», – деп Е.Бурабаев қорытындады.
4 желтоқсанда ҚазТАГ Қазақстанның Мемлекеттік аннуитеттік компаниясын жекешелендіру мәселесі қайта қарастыру мүмкін екенін хабарлағанын есіңізге саламыз.
Алдында қазан айының басында ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті МАК жекешелендіру бойынша тендерді өткізу дайындығы туралы хабарлады. Нақты айтқанда, Т6,6 млрд бастапқы бағасы, ал кепілдендірілген жарна – Т72,15 млн. теңге белгіленген.
Осыдан ертерек ақпан айында комитет МАК акцияларын сатылымын болдырмайтындығын хабарлады. Сонда бастапқы бағасы Т5,2 млрд, ал кепілдендірілген жарнасы – Т72,1 млн. теңгені құрады.
Дереккөзі: Агентство КазТАГ.
Фотосурет onyxwealthsolutions.com сайтынан алынды.