bs-preloader__icon
ru kz
✕

Ұлттық банк алаяқтардың белсенділігі туралы ескертті

Алаяқтық топтар өздерін инвестициялық компаниялар ретінде көрсете отырып, танымал мессенджерлерде арнайы құрылған профильдерге сілтеме жасай отырып, әлеуметтік желілерде жарнаманы белсенді пайдаланады, онда азаматтарды ақшалай қаражат салуды жүзеге асыруға шақырады және инвестициялардан айтарлықтай қаржылық пайда табуға уәде береді, деп хабарлайды Қазақстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.
Ұлттық банк алаяқтардың белсенділігі туралы ескертті

Алаяқтар жалған лицензиялар мен басқа да құқық белгілейтін құжаттарды, оның ішінде Қазақстан Ұлттық Банкі атынан берілген құжаттарды жариялайды.

"Қаскүнемдер азаматтарды биржалық алым үшін біржолғы төлем жасауға шақырады. Бұл ретте азаматтар инвестициялық табыс алуға қазақстандық криптовалюта биржасы немесе өзге де қаржы институттары кепілдік береді деп сендіреді. Алайда, ақша аударылғаннан кейін алаяқтар байланысқа шығуды тоқтатады", - делінген Ұлттық банктің хабарламасында.

Жадынама

ҰБ жеке тұлғалардың шоттарына қызмет көрсетпейді, ақшалай есеп айырысулар мен мәмілелер жүргізбейді.

ҰБ Мемлекеттік қорлардан ақша табу үшін қандай да бір платформаларды әзірлеуге қатыспайды.

Инвестициялық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардың тізбесі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми сайтында жарияланған.

Ашық дереккөздерден алынған сурет

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Сізге өмірді сақтандырудың қанша мөлшері қажет
Сізге өмірді сақтандырудың қанша мөлшері қажет

Өмірді сақтандырудың қажетті көлемін анықтау ...

Жинақталған зейнетақы қаражатының жол картасы
Жинақталған зейнетақы қаражатының жол картасы

Сарапшылардың пікірі бойынша, зейнетақыға 20 ж...

Сақтандыру агентін жасанды интеллект (ЖИ) алмастыра алмайды
Сақтандыру агентін жасанды интеллект (ЖИ) алмастыра алмайды

Алдағы онжылдықтарда билетшілер, кассирлер, т...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру