Unit-linked сияқты өнімдерді дамыту күтіледі, бұл Қазақстанның қор нарығында институционалдық инвесторлар ретінде өмірді сақтандыру жөніндегі компаниялардың рөлін арттыруға мүмкіндік береді.
«Жалпы сақтандыру саласын дамыту шараларының ішінен кәсіпкерлік субъектілерінің үшінші тұлғалар алдындағы кәсіби жауапкершілігін міндеттелген сақтандырудың дамуына жағдай жасауды ерекше атап өтуге болады. Егер қазір заңнамада кәсіптік жауапкершілікті сақтандырудың 8 түрі көзделген болса, онда заң жобасы кәсіпкерлердің халыққа қызмет көрсетуі кезінде туындайтын кәсіби тәуекелдер аясын кеңейтуге мүмкіндік береді», - деді қаржы реттеушісінің басшысы.
Сақтанушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының кепілдік беруіне жататын сақтандыру сыныптарының тізбесін кеңейту, сондай-ақ клиенттердің сақтандыру ұйымымен келіспеушіліктері бойынша Сақтандыру омбудсманының сотқа дейінгі міндетті реттеуін енгізу жоспарланып отыр. Бұдан басқа, сақтандыру қызметтерін одан әрі цифрландыру жүзеге асырылатын болады.
Сурет ашық дереккөздерден