bs-preloader__icon
ru kz en

Коронавирус жылы өмірді сақтандыру саласына сәтті болды

Қазақстанның Ұлттық Банкінің деректері бойынша бір жылда тұтас нарық бойынша сақтандыру сыйлықақыларының жалпы көлемі 8%-ға ұлғайды және 452,5 млрд теңгені құрады. Ерікті жеке сақтандыру секторында сыйлықақылар көлемі 9,3%-ға өсті және 197,4 млрд теңгені құрады. Атап айтқанда, өмірді сақтандыру бағдарламалары бойынша көрсеткіштер 23,1%-ға ұлғайды. Сақтандырудың осы түрі бойынша жиналған сыйлықақылардың көлемі 197,4 млрд теңгені құрады. Белгілі себептер бойынша саяхатшыларды сақтандыру ғана қатты түсті. 2020 жылдың қорытындысы және осы жылға жоспарлар туралы LIFE INSURANCE-ке өмірді сақтандырудың бірнеше компанияларының басшылары айтып берді.
Коронавирус жылы өмірді сақтандыру саласына сәтті болды

Енгізілген карантинге қарамастан 2020 жылдың бірінші жарты жылдығында, 2020 жылғы он айда өмірді сақтандыру саласының нарығы қызметкерді жазатайым оқиғадан міндетті сақтандыру сыныбын ескеріп, 14%-ға немесе 22,6 млрд теңгеге өсті. Нарықтың өсуі «өмірді сақтандыру» сыныбының өсуі есебінен ғана қамтамасыз етілген жоқ. Осылай, «зейнетақы аннуитеті» сыныбы 4 млрд теңгеге немесе 8%-ға, ал «жазатайым оқиғадан сақтандыру» сыныбы 3,2 млрд теңге немесе 40%-ға ұлғайды.

«Егер қаржылық деректерді қарайтын болсақ, онда едәуір қиын жылға қарамастан, өмірді сақтандыру нарығының шамамен барлық қаржылық көрсеткіштері өскенін айтуға болады, - деп белгілейді KM Life-тің басқарма төрағасы Назым Бекболатова.

- Бұл ретте, компаниялардың барлығы қызметкерлердің бір бөлігін жұмыстың қашықтағы режиміне ауыстыруға, сондай-ақ біз коронавирусты білмегенге дейін жасалған осы жылға өз жоспарларын ішінара қайта қарауға мәжбүр болды. Онымен қоса, індет жағдайлары кәдімгі қалпымен компанияларды бизнестің цифрлық құраушысын одан әрі дамытуға итермеледі, клиенттермен және әріптестерімен қарым-қатынас және өзара әрекет етудің жаңа тәсілдерін енгізуге ынталандырды, компанияларға өз бизнестерінің ақпараттық қауіпсіздігіне көбірек көңіл бөлуді мәжбүр етті.

2019-2020 жылдары жаңа ойыншылардың пайда болуы нәтижесінде, нарықта өмірді сақтандыру бойынша енді тоғыз компания жұмыс істейді және бәсекелестік күшейіп жатыр. 2020 жылды сақтандырушылардың өздері былай бағалауда:

 

«Біздің компаниямыздың активтері желтоқсанның біріндегі жағдай бойынша өткен жылдың осы көрсеткішімен салыстырғанда 59%-ға ұлғайды. Қазанда S&P Global Ratings рейтингілік агенттігі қаржылық тұрақтылық рейтингісін және эмитенттің кредиттік рейтингісін "ВВ+" дейін (рейтинг бойынша болжам – «Тұрақты») жоғарылатты. Және дәл осы айда біз бірінші болып біздің нарығымыз үшін сақтандырудың жаңа өнімін – өмірді инвестициялық сақтандыруды іске қостық. Аз уақыттың аралығында біз айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік.

Жылдың басынан бастап компания сатудың цифрлық каналдарын белсенді дамытып жатыр, портфельде клиенттерге сақтандыру шартын онлайн режимде жасауға, сондай-ақ жеке кабинетте өз инвестицияларыңыздың нәтижелерін қадағалауға мүмкіндік береді», - дейді Nomad Life-тің басқарма төрағасы Кайрат Чегебаев.

«Халык-Life сәуірде нарыққа COVID-19 коронавирустық инфекция ауруының жағдайына да өмірді сақтандырудың бағдарламасын іске қосты, оған сәйкес кейін ауруханаға жаттызумен немесе осы ауру себебі бойынша қайтыс болумен бірге COVID-19 диагноздалған жағдайда сақтандыру төлемін жүзеге асырады. Мұндай бағдарламаның құны 5 мың теңгені құрады. Екіншіден, біз тәулік бойы біздің клиенттерімізге әлемнің кез-келген нүктесінен жылдам сақтандыру шарттары бойынша ақпаратпен танысу; сақтандыру жарналарын төлеу және төлемдер тарихын қадағалау; есептелген сақтандыру дивидендтерінің мөлшерін бақылау сияқты сервистік қызметтердің кешенін алуға мүмкіндік беретін, клиенттің Жеке кабинетінің жаңа нұсқасын іске қосып, сервисті кеңейттік. Бұдан басқа, алғашқы рет өмірді сақтандыру нарығында біздің компания мобильдік қосымшаны іске қосты», - дейді Халык-Life-тің басқарма төрағасы Жанар Жубаниязова.

«Қолданыстағы өнімдерді оңтайландыру және бірқатар жаңаларын іске қосу есебінен біз сақтандыру сыйлықақыларының жалпы сомасын 2019 жылмен 

салыстырғанда 51,2%-ға ұлғайттық. Төлемдер 50,5%-ға ұлғайды. Сәуірде біз коронавирустен сақтандырудың Corona Protect бағдарламасын іске қостық. Қазіргі таңда сақтандыруды 5 мыңнан астам адам сатып алды, және біздің ойымызша бұл жаңа өнім үшін жақсы көрсеткіш. Оң динамиканы сонымен қатар басқа да бағдарламалар бойынша айтуға болады. Мысалы, зейнетақы аннуитеті. Осы жылы біз жиналған сыйлықақыларды 72%-ға ұлғайттық. Бұдан басқа, ӨЖС бағдарламаларына артқан қызығушылықты байқап отырмыз. Бұл көктемгі девальвациядан кейін қазақстандықтар ұлттық валютаның құнсыздануынан қорғанудың баламалы тәсілдеріне қызығушылық таныта бастағанымен байланысты», - деген пікір білдіреді Freedom Finance Life-тің басқарма төрағасы Азамат Ердесов.

Өсім ненің есебінен

Сақтандыру секторы санаулы күндерде өз жұмысын қайта пішімдеді: дамудың тұжырымдамасы және бизнес-жоспар қайта қаралды. Өмірді сақтандыру компаниялары өз басымдықтарын өмірді ерікті сақтандыру шарттарын сату жағына қарай жылжытты, бұл 2020 жылы осы бағыттың өсіміне ықпал етті. Бұдан басқа, кейбір өнімдердің онлайн жолмен сатуы және қолжетімді бағасы тұтынушылардың оларға қатынасын өзгертті. «Жиі өмірді сақтандырудың кейбір өнімдері өз жұмыскерлері үшін әлеуметтік пакетке ірі жұмыс берушілерді қосады, бұл біртіндеп адамдардың тұтас сақтандыруға қатынасының өзгеруін куәландырады», -дейді Nomad Life-тің басшысы.

Нарықта ӨСК арасында клиенттердің негізінен сол немесе басқа ірі өндірістік қаржылық топқа кіруге байланысты ағылуы байқалады, бұл бәсекелестікті күшейтеді, сол үшін сақтандырушылар өз иеленушілеріне жоғары кірістілікті қамтамасыз ететін полистерге үміт артып отыр. «Соңғы уақытта өмірді сақтандыру нарығында валютаға индекстеумен өмірді сақтандыру, сондай-ақ инвестицияларға сақтанушының қатысуымен өмірді сақтандыру сияқты өмірді сақтандырудың жаңа өнімдері танымалдылық жинауда, - дейді Халык-Life-тің басқарма төрағасы. Бұл сақтандыру өнімдері клиенттердің заманауи талаптарын ескеріп, сақтандыру полистерінің иеленушілеріне салынған қаражатқа неғұрлым жоғары кірістілікті қамтамасыз етеді.

Жаңа үміттер

2020 жылы Қаржы нарығын реттеу және қадағалау агенттігі сақтандырушылармен бірлесіп жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша салық ынталандыруларын, сондай-ақ қазақстандықтарға кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеттері қызметін ұсынуға мүмкіндік беретін өзгертулерді көздейтін түзетулерді жасады. «Барлық ұсыныстардың қабылдануына байланысты біз одан әрі өсімді және экономикада біздің саламыздың болуы кеңейгенін күтеміз. Біз бұл жұмысқа белсенді қатысып отырмыз және ол өмірді сақтандыру нарығында одан әрі даму түрінде өз табыстарын беретініне үміттенеміз», - деген сенімде KM Life-тің басшысы.

Нарық пен реттеуіш арасында сақтандыру нарығының даму тұжырымдамасы келісілді. Қазіргі уақытта егжей-тегжейлі жасалуы келесі жылы да жалғасатын заң жобасын келісу жүріп жатыр. «Ұсынылып жатқан өзгертулер, атап айтқанда, өмірді сақтандыру компанияларының мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесіне қатысу, бірлескен зейнетақы аннуитеті құралын енгізу өмірді сақтандыру саласының жаңа бағыттарын дамытуға мүмкіндік береді», - дейді Кайрат Чегебаев.

Бүгінгі күні сарапшылардың көбісі келер жыл коронакризистің салдарымен күресу атауымен өтеді деген пікірге қосылып отыр. «Ел үшін негізгі себептердің бірі кедейліктің өсуі болады, себебі халықтың басым бөлігі, әсіресе жеке меншік сектордағы адамдар локдаун және карантин уақытында айтарлықтай шығынға ұшырады. Сол себепті, келесі жылы біз нарыққа өмірді сақтандырудың қолжетімді, түсінікті және қымбат емес бағдарламаларын ұсынуға ниеттіміз», - дейді Жанар Жубаниязова. Бұдан басқа, Халык-Life цифрландыруға және инвестициялық құраушысымен өмірді жинақтаушы сақтандыру өнімдеріне шоғырланады.

Freedom Finance Life жаңа өнімдерді жасауды және қолданыстағы бағдарламаларды дамытуды жоспарлап жатыр. «Біріншіден, өмірді жинақтаушы сақтандыру бағдарламалары және зейнетақы аннуитеті. Бұл қазақстандықтарға ақшаны құнсызданудан қорғауға және капиталды көбейтуге, әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектеседі», - дейді Азамат Ердесов.

 

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Сақтандыру нарығы өзгерістерге дайын
Сақтандыру нарығы өзгерістерге дайын

Алматыда сақтандыру секторының топ-менеджмен...

БЖЗҚ-дағы жинақтарына не болмақ
БЖЗҚ-дағы жинақтарына не болмақ

«Капитал» газеті зейнетақы жүйесінің реформа...

БЖЗҚ қаражаты қандай бағалы қағаздарға салады
БЖЗҚ қаражаты қандай бағалы қағаздарға салады

2020 жылғы наурыз айының соңындағы жағдай бойын...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру