bs-preloader__icon
ru kz
✕

Өмірді сақтандыру полисін сатып ала отырып, назар аударуға тиіс пункттер

Өмірді сақтандыру қаржылық жоспарлаудың негізі болып табылады және қаржылық активтерге инвестициялау үшін бастапқы нүктелердің бірі болуы тиіс. Індеттің оң нәтижелерінің бірі қаржылық жоспарлаудың таралуы болды, деп жазады Indian Express.
Өмірді сақтандыру полисін сатып ала отырып, назар аударуға тиіс пункттер

Цифрлық әлем өмірді сақтандыру полисін сатып алуды жеңілдетті. Бірақ адамдардың көбісі кейбір маңызды қыр-сырына назар аудармайды.

1. Бағалауды жүргізіңіз: өзіңіздің өмірлік мақсаттарыңызды түсініңіз.

Әрбір адамның өмірлік жолы мен міндеттері, сондай-ақ мақсаттары әр түрлі. Өмірді сақтандырудың мінсіз полисі сіздің алдын-ала айқындалған мақсаттарыңызға сәйкес келу керек және сіздің асырауыңыздағылардың келешегін қамтамасыз етуі тиіс.

2. Өз зерттеуіңізді жүргізіңіз.

Өмірді сақтандыру полисін сатып алмас бұрын, нарықты мұқият зерттеңіз. Мысалы, егер ұзақ мерзімді жоспар зейнетақы қорын құру секілді ұзақ мерзімді мақсаттарға жетуге көмектессе, ал өмірді ипотекалық сақтандыру шарттың үлкен емес мерзіміне банктің алдындағы сіздің міндеттемелеріңізді ғана қорғайды.

3. Полисіңіздің күші жойылуына жол бермеңіз.

Сіз өмірді сақтандырудың жылдық жарнасын төлеуді тоқтатпайтыныңызға көз жеткізіңіз. Ақшаның тұрақты түсімі сақтандыру жағдайы басталған кезде тұрақты төлемдерді қамтамасыз етеді.

Егер сіз негізгі және маңызды кеңестерді есте сақтасаңыз, онда сіздің өмірді сақтандыруыңыз сіздің жеке талаптарыңызға сәйкес келетін болады.

Дереккөзі: https://indianexpress.com/article/business/four-boxes-to-check-before-picking-a-life-insurance-plan-7537313/

Сурет ашық дереккөздерден

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Forbes Kazakhstan өмірді сақтандырушылардың рейтингін жариялады
Forbes Kazakhstan өмірді сақтандырушылардың рейтингін жариялады

Forbes Kazakhstan KPMG Caucasus and Central Asia көмегімен оқырманд...

ДДСҰ: жыл сайын шылым шегудің зиянды әсерінен 6 млн адам қайтыс болады
ДДСҰ: жыл сайын шылым шегудің зиянды әсерінен 6 млн адам қайтыс болады

1 наурыз күні Бүкіләлемдік иммунитет күні атал...

Сақтандырушылардың активтері бір триллион теңгеден асты
Сақтандырушылардың активтері бір триллион теңгеден асты

2018 жылдың 11 айы ішінде сақтандыру компаниялар...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру