bs-preloader__icon
ru kz

«Халык-Life» және «Казкоммерц-Life» ерікті қайта ұйымдастырылуы туралы хабарлады

«Казкоммерц-Life» АҚ-ның «Халык-Life» АҚ-ға қосылу түрінде ерікті қайта ұйымдастырылуына рұқсат беру туралы шешім ҚР Ұлттық Банкімен осы жылғы 27 қыркүйекте қабылданды.
«Халык-Life» және «Казкоммерц-Life» ерікті қайта ұйымдастырылуы туралы хабарлады

Бұрын ерікті қайта ұйымдастыру туралы осы шешім «Қазақстан Халық банкі» АҚ Директорлар кеңесінің мәжілісінде 2018 жылғы 13 тамызда қабылданды, бұл туралы біздің басылымымыз хабарлаған болатын.

Қайта ұйымдастыру нәтижесінде «Казкоммерц-Life» АҚ-ның жасалған сақтандыру шарттарын және өзге шарттар бойынша барлық міндеттемелері құқықтық мирасқорлық тәртібінде Алматы қ., Абай даңғ., 109В мекенжайы бойынша орналасқан «Халык-Life» АҚ-ға өтеді», – деп екі компанияның halyklife.kz және kklife.kz сайттарында бір уақытта хабарланады. «Қосылу түріндегі компаниялардың қайта ұйымдастырылуының арқасында «Халык-Life» АҚ Қазақстан Республикасында өмірді сақтандыру нарығында ең ірі компания болады. Компаниялардың қайта ұйымдастырылуына байланысты туындайтын барлық мәселелер бойынша «Халык-Life» АҚ және «Казкоммерц-Life» АҚ жақын маңында орналасқан филиалдарына компаниялардың ресми сайтында «Байланыстар» бөлімінде көрсетілген мекенжайлары бойынша хабарласа аласыздар».

«Тапсыру актісіне қол қою күні туралы ақпарат біздің сайтымызда жарияланатын болады», – kklife.kz хабарламасында хабарланды.

Дереккөздер: http://www.kklife.kz/about/news/uvedomlenie-o-reorganizatsii-ao-kompaniya-po-strahovaniyu-zhizni-kazkommerts-life/

https://halyklife.kz/presscenter/novosti/obyavlenie_reorganizaciya_

Фото https://halyklife.kz сайтынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
РФ-да өмірді инвестициялық сақтандыру қалай дамитын болады
РФ-да өмірді инвестициялық сақтандыру қалай дамитын болады

Ресейде өмірді инвестициялық сақтандыруды қа...

Nomad Life-тің Басқарма төрағасы болып Ерлан Камбетбаев сайланды
Nomad Life-тің Басқарма төрағасы болып Ерлан Камбетбаев сайланды

«Nomad Life» ӨСК» АҚ Директорлар кеңесінің 2022 жылғ...

Қазақстандықтар МАК-тан 900 млн теңгеге жуық төлем алды
Қазақстандықтар МАК-тан 900 млн теңгеге жуық төлем алды

"Мемлекеттік аннуитеттік компания "Өмірді сақ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру