bs-preloader__icon
ru kz

ҚР инфляциясы жылдық есептеуде 16%-дан асып түсті

Тамызда инфляция жылдық есептеуде – 16,1%-ды құрады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы.
ҚР инфляциясы жылдық есептеуде 16%-дан асып түсті

2022 жылғы тамызда азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылғы тамызбен салыстырғанда 20,8%-ға өсті, азық-түлікке жатпайтын тауарларға 15,5%-ға, ақылы қызметтерге 10,1%-ға көтерілді.

Азық-түлік нарығында жылдық мәнде баға айтарлықтай құмшекерге – 92,8%, басты пиязға – 46,9%, ұнға 41,4% өсті. Қызылша бағасы 12,4%, сәбіз 11,6% төмендеді.

Тамызда азық-түлікке жатпайтын тауарлардың баға өсімі 15,5% құрады. Баға деңгейі кеңсе тауарларына – 60,5%, мектеп сөмкесі, оқушылар рюкзагына – 44%, жеке қолданылатын тауарларға – 28,4%, жуу және тазалау заттарына – 26,6%, тұрмыс құралдарына – 24,2%, құрылыс материалдарына – 20%, балалар аяқ киіміне – 19,6% өсті.

Бір жылда ақылы қызметтер бағасы 10,1% өсті.

«Бюро ай сайын инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткішін есептейді. Біз жалпы алғанда 508 позиция бойынша қызметтер мен тауарлардың тарифтер мен баға өзгерісін бақылаймыз», – деп ақпарат берді Бюроның баға статистикасы департаментінің директоры Қуанышбек Жақыпбекұлы.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Қазақстандықтардың жаңа жылдық шығындары бір жыл ішінде қалай өзгерді
Қазақстандықтардың жаңа жылдық шығындары бір жыл ішінде қалай өзгерді

Freedom Life ӨСК мамандары зерттеу жүргізіп, қазақс...

EVALI ауруы немен байланысты
EVALI ауруы немен байланысты

EVALI ауруы дамуының барлық жағдайлары, вейптерд...

Несиелік сақтандырудың артықшылықтары
Несиелік сақтандырудың артықшылықтары

Тұтынушылық несие – ең танымал банк өнімдерін...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру