bs-preloader__icon
ru kz

Қазақстанда өмірді жинақтаушы сақтандыруды қаражаттандыруға ниетті

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) өмірді сақтандыру компанияларын (ӨСК) қолдауға ниетті. Бұл туралы үкімет отырысында ҚНРДА-ның Басқарма төрайымы Мадина Абылкасымова мәлімдеді.
Қазақстанда өмірді жинақтаушы сақтандыруды қаражаттандыруға ниетті

«Сақтандыру нарығының дамуы үшін мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесі аясында өмірді жинақтаушы сақтандыруды қаражаттандыру бойынша заңнамалық шаралар пакеті қабылданатын болады. Сонымен қатар, «жалпы сақтандыру» саласының жеке операцияларын КЖТҚҚІ режимінен шығару жоспарлануда», - деді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы.

Банк салымдары алдында жинақтаушы сақтандыру шарттарының негізгі артықшылығы – қосымша сақтандыру қорғауының болуы.

Осы жылы мемлекет өнімге қолдау жасап үлгерді. Сонымен, салық салуға жататын жеке тұлғаның кірісінен енді жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымдары жүзеге асыратын сақтандыру төлемдері, өз пайдасына және (немесе) жақын туыстардың, жұбайының (зайыбының) пайдасына жеке тұлға төлеген және (немесе) жұмыс берушінің жұмыскердің пайдасына төлеген сақтандыру сыйлықақылары; жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру ұйымдары төлейтін сатып алу сомалары секілді кіріс түрлері алынып тасталады.

S&P Global Ratings-тің бағалауы бойынша 2020 жылы Қазақстанда өмірді сақтандыру компаниялары жақсы қаржы нәтижелерді көрсетті. Сонымен, ӨСК сақтандыру сыйлықақыларының өсімі 16%-ға жуықты құрады. Бес жылда сақтандыру төлемдері 71,8%-ға ұлғайды. Мұндай ілгерілік халықтың өмірді сақтандыруға кызығушылығының артуымен, сондай-ақ жинақтаушы сақтандыру мен зейнетақы аннуитеттері нарығының дамуымен байланысты. ӨСК төлемдері олардың сенімділігінің маңызды көрсеткіші болып табылады, себебі өмірді сақтандыру компаниялары клиенттерге білім алуға және зейнетке ақша қаражатын жинау мүмкіншілігін бере отырып, банк депозиттеріне ұқсас өнімдерді береді.

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
ШОБ және ипотека нарығында көпіршік жетілуде
ШОБ және ипотека нарығында көпіршік жетілуде

Теңгенің орташа жылдық бағамы 432,8 бірлік деңге...

Экономиканың құлдырауы кезінде өз ақшасын қалай басқаруға болады
Экономиканың құлдырауы кезінде өз ақшасын қалай басқаруға болады

Бюджетті бақылау мен басқару жөнінде жалғыз д...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру