bs-preloader__icon
ru kz

Еуропалық сақтандырушылар Solvency II қағидаларына түзетулерді енгізуді ұсынады

Еуропалық сақтандырушылардан алынған сауалнама респонденттердің төрттен үш бөлігі тәуекелдерді, активтерді және міндеттемелерді басқару саласындағы Еуроодақтың Solvency II қағидаларының ықпалын дұрыс бағалайтындығын көрсетті деп ukrstrahovanie.com. хабарлайды.
Еуропалық сақтандырушылар Solvency II қағидаларына түзетулерді енгізуді ұсынады

Сонымен қатар УкрСтрахование анықтағандай,  Insurance Europe сақтандырушылардың еуропалық федерациясының пресс-релизінен ұзақ мерзімді жинақ бағдарламаларын ұсынатын респонденттердің 58% Solvency II осы өнімдерге кері әсер ететіндігін көрсетті.

Респонденттердің 48% Solvency II акцияларға, ұзақ мерзімді облигацияларға немесе жеке орналастыруларға құйылатын инвестицияларды қысқартуды ескерткендігін көрсетті.

«Алынған мәліметтер сақтандырушылар тәуекелді клиенттерге қайта жолдап, ұзақ мерзімді жинақ өнімдерден бас тартып қысымға алынғандығын растайды», – деп Insurance Europe хабарламасында айтылған.

UNIQA сақтандыру тобының бас директоры және төрағасы Андреас Брандстеттер (Andreas Brandstetter) Брюссель қаласында 26 маусымда өткен Solvency II конференциясында баяндама жасай отырып, федерациядан алынған сауалнаманың нәтижелері сақтандырушылардың Solvency II-ге түзетулерді енгізу туралы пікірлерін растағандығы туралы айтты.  

 Insurance Europe сауалнамасы 2018 жылғы мамыр айында жасалған, сауалнамаға ЕО 17 нарығынан 87 сақтандырушы қатысты.

Дереккөзі: https://www.ukrstrahovanie.com.ua/news/evropeyskie-strahovshhiki-vyistupayut-za-vnesenie-popravok-v-pravila-solvency-ii

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
«Екінші өмірдің» жасы. Жапонияда зейнетақы мәселесін қалай шешілді
«Екінші өмірдің» жасы. Жапонияда зейнетақы мәселесін қалай шешілді

Жапония бұрыннан адамның жасына байланысты «е...

ДДСҰ: жыл сайын шылым шегудің зиянды әсерінен 6 млн адам қайтыс болады
ДДСҰ: жыл сайын шылым шегудің зиянды әсерінен 6 млн адам қайтыс болады

1 наурыз күні Бүкіләлемдік иммунитет күні атал...

Айына миллион теңге алу үшін кім жұмыс істеуі керек
Айына миллион теңге алу үшін кім жұмыс істеуі керек

Қазақстанда жалдамалы қызметкердің орташа ай...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру