bs-preloader__icon
ru kz en

Қандай компаниялар зейнетақы ақшаларына қолжетімділік ала алады

ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары (ҚНРДА) Мария Хаджиева олардың басқаруына қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігі берілуі мүмкін, басқарушы компанияларға талаптар туралы айтып берді. Онлайн-брифинг барысында реттеуші басқарушы компанияларды іріктеуді жүзеге асыратын критерийлер, сондай-ақ азаматтардың жинақтары есебінен алуға рұқсат берілген қаржы құралдарының тізбесі айтылды.
Қандай компаниялар зейнетақы ақшаларына қолжетімділік ала алады

«Зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқаруға лицензиясы бар, 3 млрд теңгеден кем емес мөлшерінде меншікті капиталы, 5 млрд теңгеден кем емес мөлшерде соңғы үш жылдың ішінде клиенттердің активтерін басқару тәжірибесі бар, сондай-ақ соңғы екі жыл ішінде шығындық қызмет фактілері жоқ компанияларға тапсыруға болады», - деді Мария Хаджиева брифинг барысында.

ҚНРДА-ның төраға орынбасары айтқандай, сапалы критерийлердің арасынан соңғы 6 ай ішінде пруденциялық нормативтерді бұзу фактісінің болмауын, қадағалауға жауап қатудың орындалмаған шараларының, санкциялардың болмауын, сондай-ақ басқарушының ірі қатысушысының болуын бөліп айтуға болады.

Сондай-ақ, инвестициялау және портфельді әртараптандыру тәуекелдерін азайту қарастырылған. Реттеуші бір қаржы құралдарын шығаруға – облигациялар үшін 50%-дан артық емес және акцияларға 10%-дан артық емес, сондай-ақ бір ұйым және оның үлестес тұлғалары шығарған қаржы құралдарына – зейнетақы активтерінен 10%-дан артық емес зейнетақы активтерін инвестициялау лимиттерін қойды. Валюта түрлері бойынша қаржы құралдарының үйлестірілген портфелін қалыптастыру үшін зейнетақы активтерінен 50%-дан артық емес – шетелдік валютада ұсынылған қаржы құралдарына инвестициялау лимиттері қарастырылады. Бұл ретте сол немесе өзге қаржы құралына зейнетақы активтерін инвестициялаудың нақты лимиттері басқарушы компания бекітетін, инвестициялық декларациямен белгіленетін болады.

Қазіргі таңда Агенттіктің инвестициялық портфельді басқаруға лицензиясы бар басқарушы компаниялардың 18-ден 6-сы бекітілген талаптарға сәйкес келеді, атап айтқанда:

  1. «First Heartland Jysan Invest» АҚ
  2. «BCC Invest» АҚ - «Банк ЦентрКредит» АҚ-ның еншілес ұйымы
  3. «Halyk Global Markets» АҚ («Қазақстан Халық Банкі» АҚ ЕҰ)
  4. «Қазақстан Халық Банкінің «Halyk Finance» ЕҰ» АҚ
  5. «First Heartland Capital» АҚ
  6. «Сентрас Секьюритиз» АҚ

Басқарушы компаниялардың тізімі Агенттіктің сайтында орналастырылған. Осы тізімге басқарушы компанияларды қосу басқарушы компаниялар зейнетақы активтерін басқару бойынша қызметтерді көрсететін болады дегенді білдірмейді. Шешімді компанияның өзі және оның акционерлері қабылдауы тиіс. Бұл компанияларға басқаруға зейнетақы жинақтарын беру үшін оларға сенімгерлікпен басқаруға және кастодиандық қызмет көрсетуге шарттар жасау қажет. БЖЗҚ өзінің интернет сайтында өзі сенімгерлікпен басқаруға шарттар жасаған басқарушы компаниялардың тізімін жариялайды. Содан кейін салымшылар өз жинақтарын осы компанияларға басқаруға аударуға құқылы.

Салымшылар зейнетақы жинақтарын сенімгерлікпен басқаруға бір басқарушы компаниядан басқасына бір жылда бір ретен көп емес тапсыра алады, ал оларды Ұлттық Банктің басқаруынан қайтаруды екі жылдан кейін ғана жүзеге асыру мүмкін.

«Зейнетақы активтерін инвестициялаудан мүмкін шығындармен байланысты немесе операциялық қызмет барысында туындайтын  тәуекелдерді азайту мақсатында реттеуші белгілеген негізгі талаптардың бірі басқарушы компаниялардың меншікті капиталына талап болып табылады. Бұдан басқа, зейнетақы активтерін басқарушылар сенімгерлікпен басқаруға қабылдаған зейнетақы активтерінің табыстылығының ең төмен деңгейін қамтамасыз етуі тиіс болады. Бұл егер бағаланатын кезеңнің қорытындысы бойынша зейнетақы активтері бойынша басқарушы компанияның табыстылық көрсеткіштері табыстылықтың ен төменгі мәнінен төмен болса, басқарушы компания осы теріс айырмашылықты меншікті капиталы есебінен өтеуі тиіс. Өз кезегінде, табыстылықтың ең төменгі деңгейі барлық жеке басқарушы компаниялардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің ұсынылған табыстылықтың орташа өлшемді коэффициентінен 70% деңгейінде белгіленетін болады», - деді Хаджиева.

БЖЗҚ-ның деректеріне сәйкес 2021 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтары бар 829 368 адам БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтарының бір бөлігін жеке басқарушы компанияларға сенімгерлікпен басқаруға тапсыру құқығын пайдалана алады.

Жеке басқаруға зейнетақы жинақтарын тапсыру құқығын беру БЖЗҚ салымшыларының өз жинақтарын басқаруға қызығушылығын арттырады, қазақстандық эмитенттердің бағалы қағаздарына институционалдық сұранысты ынталандырады және экономикада тұтас оң нәтижені көрсететін болады деп күтіледі.

Сурет ашық дереккөздерден

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру