Freedom Finance Life жүргізген зерттеу мәліметтері бойынша жыл сайын қазақстандық жоғары оқу орындарында оқу құны 10%-ға қымбаттауда. Мысалы, егер бүгінде бакалавриаттың бір курсы 600 мың теңге болса, бес жылдан кейін бұл құны 900 мың теңгеге дейін артады. Яғни, ата-аналарға төрт жылда 2,4 миллион теңге емес, 3,6 миллион теңге жинақтауы керек. Егер сіз балаңыздың болашағын жоспарласаңыз және оған жақсы жоғары білім беруді қаласаңыз, бұл өте маңызды.
Әрине, мұндай соманы оқу үшін бірден төлеу – көптеген қазақстандық отбасылар үшін қиындыққа соғады. Сондықтан мұндай шығындарды алдын ала жоспарлау керек. Ең дұрысы бала мектепті бітіргенге дейін бірнеше жыл бұрын.
Ата-аналар үшін оқуға қажетті соманы жинақтаудың бірнеше жолы бар: ақшаны «жастықтың астына» салу, банкте депозит ашу, мемлекеттік бағдарлама бойынша банктік депозит ашу, оқуға несие алу немесе өмірді жинақтаушы сақтандыру бағдарламасы бойынша шарт ресімдеу.
«Ақшаны «жастықтың астында» сақтау едәуір қауіпсіз емес жолы, өйткені инфляция біртіндеп оларды құнсыздандырады. Сонымен қатар ата-аналар бұл ақшаны жұмсауы да мүмкін», – дейді «Freedom Finance Life» ӨСК» АҚ басқарма төрағасы Азамат Ердесов.
Банк депозиттері әлдеқайда қауіпсіз және тиімді, өйткені олар бойынша пайыздар ресми инфляциядан жоғары. Сонымен қатар, депозитте жинақталған қаражат Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорымен ішінара қорғалған. Алайда, минус та бар – егер жинақтау кезінде жазатайым оқиға орын алса немесе ата-аналардың біреуі депозитті толтыру мүмкіндігін жоғалтқан жағдайда, қажетті сома жинақталмайтын тәуекел пайда болады.
«Өмірді жинақтаушы сақтандыру бағдарламаларына келетін болсақ, олар депозиттер мен өмірді сақтандыру бағдарламаларының функцияларын қоса атқарады. Олар бойынша сіз ақшаны оқуға жинай аласыз және бұл ретте барлық жинақтау мерзіміне сақтандырылған боласыз, – деп нақтылайды Freedom Finance Life басшысы. – Сондықтан, егер ата-ананың біреуімен сақтандыру жағдайы орын алса, өмірді сақтандыру компаниясы университетке ата-аналары жинақтауы тиіс (бірақ үлгермеген) соманы төлейді. Осылайша, бала диплом алуға кепілдік алады».
Өмірді сақтандыру компаниялары ата-аналар үшін жинақтаудың түрлі шарттарын ұсынады.
Мысалы, Nomad Life кеңес береді, ең алдымен, жинақтау бағдарламасының мерзімі мен жинақтауға қажетті сома таңдалады. Мысалы, жинақтар қазір үш жастағы бала үшін қалыптастырылатын болады. Ата-аналар қазақстандық ЖОО-да оқуды жоспарлап отыр. Бұл үшін шамамен 5 млн. теңге қажет. Бағдарламаның әрекет ету мерзімі 15 жыл болуы керек, себебі бала 15 жастан кейін жоғары білім ала бастайды. Сақтандырылушы ретінде шартты түрде баланың әкесі болады, өйткені ол отбасының негізгі асыраушысы болып табылады.
«Жылдық сақтандыру жарнасының мөлшері 292 157 теңгені құрайды. Әкенің өмірі сақтандыру полисінің алғашқы күнінен бастап 5 млн теңгеге сақтандырылған болады. Полис пайдаға қатысады. Бұл бағдарлама әрекет етуінің үшінші жылынан бастап сақтандыру сомасы ӨСК бөлетін сақтандыру дивидендтерінің есебінен ұлғаяды дегенді білдіреді», – деп түсіндіреді «Nomad Life» ӨСК» АҚ сату және өңірлік даму департаментінің директоры Рамай Курбангалиев.
Спикер дивидендтердің мөлшері ӨСК инвестициялық қызметінің нәтижелеріне байланысты екенін атап өтті. Егер дивидендтер жылдық 7% ставка бойынша орта есеппен бөлінетін болса, бағдарлама мерзімі аяқталғаннан кейін сақтандыру сомасы 7,3 млн теңгеге дейін өседі. Пайдаға қатысу есебінен инфляциялық үдерістер есебінен қалыптасқан жағымсыз әсер жабылатын болады, себебі оқу құны да осы 15 жылда артады. «Егер әкесі өмірден кетсе, онда 5 млн теңге, оған қоса, сақтандыру жағдайы басталған кезде қалыптасқан дивидендтер бірден төленеді. Сақтандырудың бүкіл мерзімінде клиент 4 382 355 теңге төлейді. Дивидендтер ескерілген төлем сомасы 3 млн теңгеге сақтандыру жарналар сомасынан асады. Бұл ретте, бағдарламаның бүкіл мерзімі әкесінің өмірі сақтандырылған, баланың әкесі өмірден кетуіне байланысты ақша болмауының тәуекелі сақтандыру полисі есебінен жабылады», – дейді әңгімелесуші.
Егер әкесі оқу ақысын алдын ала ойламаса, бала оны қарыз қаражаты есебінен алатын болса, онда оның отбасына несие үшін банк пайызын төлеуге тура келеді.
Осындай клиенттер үшін «Халық-Life» АҚ компаниясы "Болашақ-Life" бағдарламасын ұсынады. Сақтандыру бағдарламасы өмірді жинақтау мен сақтандырудың негізгі бағдарламасын және 10 түрлі қосымша опцияларды қамтиды. «Бұл бағдарламаның маңызды ерекшелігі-сақтандыру шартына екі ата-ана да енгізілуі мүмкін. Сақтандыру пайдасы – бұл баланың кәмелет жасына қарай 5%-ға дейінгі мөлшерде кепілді табысы бар жинақтарды қалыптастыру, сақтандырудың үшінші жылынан бастап сақтандыру дивидендтерін бөле отырып компанияның пайдасына қатысу мүмкіндігі (жинақталатын соманың ұлғаюы)», – дейді «Халык-Life» АҚ маркетинг және даму басқармасының басшысы Наталья Ананьева.
Әдетте, егер ата-ана баланы оқытуға жинақтағысы келсе, онда сақтандыру мерзімі бала жоғары оқу орнына түсетін жылдармен үндестіріледі. Егер бала шарт жасасқан кезде 10 жаста болса, және ол 18 жасында жоғары оқу орнына түссе, онда сақтандыру мерзімі 8 жылды құрауы мүмкін. Мысалы, клиент, әйел, 28 жаста, ай сайын 10 000 теңге мөлшерінде сақтандыру сыйлықақысын төлеумен 12 жыл мерзімге өмірді жинақтаушы сақтандыру шартын жасайды. Қосымша өтемді ол енгізбейді. «Клиент сақтандырылған және сақтандыру мерзімі аяқталғаннан кейін алатын сақтандыру сомасы 1 608 000 теңгені құрайды.
Егер дәл осы мысал, бірақ клиент 28 жастағы ер адам болса, онда сақтандыру сомасы 1 601 000 теңгені құрайды. Егер клиент қосымша өтемді – жазатайым оқиға салдарынан өмірден кету ниетін білдірсе, онда әйел үшін сақтандыру сомасы 1 561 000 теңгені, ер адам үшін – 1 555 000 теңгені құрайды», – дейді Халык-Life өкілі.
Freedom Finance Life Өмірді сақтандыру компаниясында Freedom Education бағдарламасы бар. Ол балалардың оқуына тиімді және қауіпсіз ақша жинау үшін әзірленді. Бағдарламаға қатысу үшін университетті (қазақстандық немесе шетелдік) таңдау, компаниямен шарт жасау және жарна төлеуді бастау қажет.
Мысалы, бала мектепті 5 жылдан кейін бітіреді. «Сол уақытта оқу құны бакалавриаттың төрт жылында 3 600 000 теңгені құрайды. Қаражатты 30 жастағы ер адам (әке) жинайтын болса, ал шартқа қосымша өтемі енгізілмейді, ай сайынғы жарна 50 009 теңгені құрайды. Бұл депозитке қарағанда сәл артық (42 500 теңге), бірақ ата-аналар мен балаға 5 жыл бойы сенімді сақтандыру қорғанысы ұсынылады», – дейді компанияның басшысы.
Дивидендтерді есепке ала отырып, төленетін сома сақтандыру жарнасының сомасынан 3 млн теңгеге артық.
Баланың білімі – басымды өмірлік мақсаттардың бірі, сондықтан шығын қауіпі жоғары деңгейімен агрессивті құралдардан аулақ болу керек, дейді сарапшылар.