Ай сайын 10 мыңдай клиентке олар қазіргі төлем жүргізілген кезінде аман-сау ма, әлде жоқ па екенін тексеру үшін қоңырау шалу мүмкін емес, немесе қалай болғанда да өте қиын екенімен келісетін шығарсыз. Алайда Қазақстандағы өмірді сақтандыру компаниялары бұл мәселені өз күшімен шешуге мәжбүр. Сонымен қатар егер деректерді растауға қол жеткізе алмай қалса, ал төлемдер жүргізіліп жатса, компаниялар шығынға ұшырайды. Егер төлемдерді клиентпен болған жағдайды анықтап алғанға дейін тоқтататын болса, онда осы төлемдерге тәуелді болып отырған еліміздегі мыңдаған отбасыларының өмір сапасына кері әсер етіп, елдегі әлеуметтік жағдайының шиеленісуіне әкеліп соғуы мүмкін. Ал өмірді сақтандыру компаниялары бұған жол бергісі келмейді.
Осы және басқа да деректердің тексерілуін қызмет ерекшелігі ғана емес, заңның өзі де міндеттеп отыр. Мысалы, сақтандырудың міндетті түрлері бойынша, оның ішінде қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша шартты барлық заңды тұлғалар-кәсіпорындар жасауы тиіс, ӨСК төлемдерді жасамас бұрын олардың меншік иесі кім екенін анықтап алып, олардан тиісті растаушы құжаттарды сұратып алуы тиіс.
ҚР Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңына сәйкес заңды тұлғалармен сақтандыру шартын жасамас бұрын сақтандырушылар олардан бенефициарлық меншік иелері (құрылтайшылар/акционерлер) туралы мәліметтерді сұратуға міндетті. Оның ішінде бенефициарлық меншік иесінің / акционердің аты-жөнін, оның жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтерін, ЖСН, сонымен қатар ұсынылып отырған мәліметтердің шынайылылығын растайтын құжаттарды (жарғы, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысымен жүргізілетін қатысушылар/акционерлердің тізілімі және т.б.) сұратылуы тиіс.
Бірақ бүгінгі таңда мұндай мәліметтерді сұрату ӨСК үшін қиынға соғып тұр, өйткені көптеген жағдайда клиенттер-заңды тұлғалар өздерінің құрылтайшылары/акционерлері дербес деректердің қорғалуына сілтеп, қажетті ақпаратты, оның ішінде тиісті құжаттарды ұсынудан бас тартады. Сақтандыру ұйымдары жоғарыда аталған Заңның талаптарына сәйкес мұндай клиенттермен сақтандыру шарттарын жасасудан бас тартуға мәжбүр болады.
Сол арада кейбір елдерде алдын ала онлайн-тіркеумен бенефициарлық меншік иелерінің тізіліміне (толық және шынайы ақпаратты қамтитын) кіру рұқсатын береді. Бұл ретте осытізілімге кіру рұқсаты заңнаманың талаптарына негізделген осындай мәліметтерге қызығушылықты танытқан барлық тұлғаларға беріледі. Бұл елдердің қатарына Ұлыбритания, Франция, Италия, Норвегия, Ирландия, Аргентина, Бразилия және көптеген елдер кіреді.
Сондай-ақ ӨСК өкілдері мемлекеттік органдарға (Еңбек басқармасының аймақтық органдарына, Еңбек және көші-қон мемлекеттік инспекциясының еңбек басқармасы, медициналық-әлеуметтік сараптаманың аймақтық бөлімдері) жазатайым оқиғаның басталу жағдайларының, кәсіби еңбекке жарамдылығынан айырылу дәрежесін белгілеудің негіздемесінің және т.б. даулы мәселелері бойынша сұрау хаттарын жолдайды.
Сондықтан қазақстандық сақтандырушылар төлемдерді мәжбүрлі тоқтатуымен немесе заңды тұлғаларға шартты жасасудан мәжбүрлі түрде бас тартумен байланысты жағдайларды болдырмау үшін мемлекетке оларға деректер базасына (мемлекеттік органдардың, азаматтар үшін үкіметтің, Egov платформасының) кіру рұқсатын ашуды ұсынып отыр, бірақ ресми шарттар жасалған клиенттердің деректеріне ғана, және олар сол деректердің тексерілуіне рұқсатын берген болса.
Мемлекет, шын мәнінде өмірді сақтандыру өнімдерінің (зейнеткерлік аннуитеттер, өндірісте орын алған жазатайым оқиғаның нәтижесінде айырылған жалақысын өтеу бойынша аннуитет) әлеуметтік маңыздылығына байланысты бұл мәселенің шешімін табуға мүдделі.
«Мысалы, зейнетақы аннуитеті бойынша бізде міндеттеме бар: сақтандыру компаниясы азамат тірі болғанша, төлем жүргізеді. Ал ол азамат тірі ме, жоқ па біз бақылап отыра алмаймыз. Біз сақтанушылардың өздерін бізге хабарлағануын міндеттейміз. Бірақ олар өздері бұған қызығушылық танытпайды: кейде адам қайтыс болса да, ал төлемдер жарты жылдан аса жүргізіліп жатады. Кейіннен ғана біз ол адамның қайтыс болғаның білеміз. Бұл ақшаны кейін қайтару қиынға соғады. Кейде олар шотта қалып қалады, немесе ол ақшаны сақтанушының туыстары заңсыз пайдаланады», – деп «Номад Life» ӨСК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Асқар Шәкенов баяндады.
Зейнетақы аннуитеттері шарттары бойынша ӨСК ай сайын ағымдағы төлқұжат мәліметтерін (құжаттың нөмірі, күні, түрі, жынысы, туған күні), клиент тірі ме екенін тексеріп, ресми растауды алуы тиіс, сонымен қатар жеке тұлғада ЖК бар ма және оның ағымдық тіркеу деректері қандай екеніне көз жеткізуі керек.
ӨСК-ның үнемі тексеруге мәжбүр жұмыс көлемі қаншалықты үлкен екені төмендегідей цифрлардан байқауға болады. Мысалы, «Номад Life» ӨСК» АҚ-ның өзінде Асқар Шәкеновтың сөзінше, сақтандырудың міндетті түрлері бойынша 20 мың шарт жасалған, осыған сәйкес бүкіл нарықтың көлемі бірнеше есе жоғары. Өмірді сақтандыру компанияларының төлемдерінің көлемі де аз емес, мысалы үшін, Шәкенов мырзаның сөзінше, оның компаниясы осы жылғы 11 ай ішінде 1,3 млрд теңгеден астам төлем жүргізген екен. Сонымен қатар дәл осындай кезең үшін өндірісте орын алған жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттары бойынша – мүгедектерге және кәмелет жасына толмаған балалары бар қайтыс болған қызметкерлердің отбасыларына 1,2 млрд теңгеден астам сома төленді.
Бүкіл нарық бойынша әлеуметтік бағыттағы төлемнің мөлшері едәуір маңызды болып шықты. Осылайша, 2018 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Ұлттық Банктің статистикалық деректеріне сәйкес зейнетақы аннуитеттері шарттары бойынша төлемдердің жалпы сомасы 5 млрд теңгеден асады.
ҚР «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» заңына сәйкес аннуитет шарттары бойынша өмірді сақтандыру компанияларының жасаған төлемдердің сомасы 2018 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 2,9 млрд теңгені құрап отыр, деп ҚР Ұлттық Банкінің сайтында «Статистика» бөлімінде хабарланады.
Осыған байланысты, сонымен қатар аталған шарттар мен төлемдердің әлеуметтік маңыздылығына байланысты қазақстандық ӨСК әділет органдарының және өзге мемлекеттік органдардың электрондық деректер базасынан жеке тұлғалардың тірі/қайтыс болған күні, жақын шетелге кеткен азаматтар туралы ақпаратты алу мүмкіндігін қарастыруды ұсынып отыр. Сонымен қатар олардың әлеуметтік миссиясын сапалы атқаруы үшін ӨСК заңды тұлғалардың бенефициарлқық меншік иелерінің тізіліміне кіру рұқсатын алып, МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемнің мөлшері туралы анықтаманы сұрату арқылы алу мүмкіндігі болуы тиіс. Аннуитет шартын жасасқан, бірақ шетелде жүрген азаматтар бойынша сақтандырушылар ай сайын заңға сәйкес олар тірі ме жоқ па туралы мәліметті қашықтықтан нақтылап отыруы тиіс. Алайда бұл ақпаратты тиісті мемлекеттік органдар ұсына алар еді.
Сақтандыру төлемін жасау немесе одан бас тарту туралы (сақтандыру жағдайы басталған кезде) шешімді қабылдау үшін қажетті құжаттарды қарастыру мерзімін қысқарту мақсатында «өмірді сақтандыру» саласында сақтандыру ұйымдарына мүгедекті бойынша, еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша, асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақысын тоқтату туралы мәліметтерді элеткрондық тәсілмен ұсыну мүмкіндігін қарастыру қажет.
Сонымен қатар қазақстандық ӨСК өкілдері біздің уәкілетті органдарымыздан кәсіпорындардың тізілімін Бірыңғай деректер сақтандыру базасымен (БДСБ) немесе сақтандыру ұйымдарының базаларымен мемлекеттік қатысуымен біріктіру мүмкіндігін қарастыруды сұрайды.
Тіркеу деректеріне кіру рұқсаты сақтандыру компанияларына бұл ақпаратты өздерінің есептік жүйелеріне енгізуге кететін уақытты оңтайландыруға және заңды тұлғалар клиенттері бойынша, клиенттің бенефициарлық меншік иесі бойынша да құжаттардың көшірмелерін ұсынылуын және қажетті мәліметтерді толтырылуын талап етпеуге мүмкіндік береді. бұл жағдайда ақпарат мәліметтердің расталуын, олардың толық толтырылуын емес талап ететін форматқа біріктірілетін еді.
Өмірді сақтандыру бойынша отандық компанияларының пікірінше, кәсіпорындардың тізілімін БДСБ немесе сақтандыру ұйымдарының базаларымен мемлекеттік қатысуымен біріктіру деректермен алмасу үдерісін жеңілдетуге және жеделдетуге мүмкіндік береді. ал бұл клиенттерге қызмет көрсетудің сапасын жақсартуға әсер етеді, мемлекеттік деректер базасынан өзекті және шынайы ақпаратты ұсыну есебінен едәуір жедел төлемдерге алып келеді, құжаттарды ұсынған кезде алаяқтықтың ықтималдылығын төмендетіп, андеррайтинг деңгейіне де жақсы әсер етеді.
Ал әзірше бұл мәселе шешілмегендіктен, 2019 жылдан бастап сақтандырудың онлайн-шарттарын жасасу мүмкіндігі жалпы БДСБ-мен өзара әрекеттесу арқылы сақтандыру компанияларында ғана болады.
Анықтама
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 233 «Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес
Мемлекеттік корпорацияның бөлімі уәкілетті органның шешімі негізінде мәліметтер келіп түскен айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап зейнетақы мен жәрдемақылардың төлемдерін тоқтатады:
1) зейнетақы мен жәрдемақыны төлеу бойынша уәкілетті ұйымымен ұсынылған төлем алушының банктік шоты бойынша үш және одан көп айдан бері шығыс операциялары болмаған жағдайда;
2) шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ тұлғаның, оралманның жеке басын куәландыратын құжаттың қолданылу мерзімі аяқталғаны туралы, оның ішінде ақпараттық жүйелерінен;
3) іздеу жарияланған жоғалып кеткен тұлғалардың дерегі анықталғаны туралы, оның ішінде ақпараттық жүйелерінен;
4) ата-аналар құқығынан және қамқоршының құқығынан айыру дерегін анықтау туралы, босатылған және шеттетілген қамқоршылар туралы, қамқоршыны ауыстыру туралы, оның ішінде қамқорлыққа алынған бір медициналық-әлеуметтік мекемеден екіншісіне ауыстыру жағдайларында, жаңа қамқоршыны тағайындағанға дейін, оның ішінде ақпараттық жүйелерінен;
5) жәрдемақы және зейнетақы алушыларының Қазақстан Республикасы аумағынан тыс тұрақты тұрғылықты орынға кету дерегі анықталғаны туралы, оның ішінде ақпараттық жүйелерінен;
6) міндетті зейнетақы жарналарын (міндетті кәсіби зейнетақы жарналары) хабарсыз кеткен ретінде танылған немесе қайтыс болған ретінде жарияланған тұлғалардың жеке зейнетақы шоттарына аудару деректері немесе азаматтың тірі екені дерегін растайтын ақпарат келіп түскені анықталғаны туралы, оның ішінде ақпараттық жүйелерінен;
7) қайтыс болған асыраушының балаларына, інілеріне, әпкелеріне немесе немерелеріне қамқор жасаған тұлғалардың жұмысқа орналасқан дерегі анықталғаны туралы, оның ішінде ақпараттық жүйелерінен;
8) он сегіз жастан асқан асыраушысынан айырылған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны төлем алушыны жоғары оқу орнынан шығару, немесе оны сырттай оқу түріне ауыстыру туралы, оның ішінде ақпараттық жүйелерінен;
9) шетел азаматының ықтияр хатын алғанға дейін оны жоғалтып алу немесе Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу дерегі анықталғаны туралы, оның ішінде ақпараттық жүйелерінен.
Фото: tass.ru, bilimvko.gov.kz, blog.contabilrio.com.br