bs-preloader__icon
ru kz

Шамамен қазақстандық-ата-аналардың жартысы баланың білім алуына ақша жинайды

Freedom Life өмірді сақтандыру компаниясының зерттеуі барысында сауалнамаға жауап берген барлық ата-аналардың тек 6%-ы ғана кез-келген университетте білім алуға ақы төлеуге дайын екені анықталды. Сауалнамаға жауап берушілердің 29%-ы жоғары білімге ақы төлеуге дайын емес және балалары қандай-да бір мамандыққа грантқа түсуі үшін, ҰБТ-дан жеткілікті балл жинайды деп болжайды. 46%-ы ЖОО-да білім алуға бірнеше жыл алдын-ала ақша жинайды. 19%-ы іс жүзінде ойлауды қалайды – егер білім алуға ақы жетпесе, кредит немесе таныстардан қарыз алу көмектеседі.
Шамамен қазақстандық-ата-аналардың жартысы баланың білім алуына ақша жинайды

Сауалнамаға жауап берген ата-аналардың көбісі орта есеппен айына 200 000-нан 400 000 теңгеге дейін табыс табады, олар 47%. Сауалнамаға жауап берушілердің 44%-ы 250 000 теңгеге дейін алады. Аз бөлігі - 9%-дың 400 000 теңге және одан жоғары ай сайынғы табысы бар адамдар.

Сауалнамаға жауап берушілердің арасында 22%-ы ғана бағалы қағаздарға инвестициялау, банктік депозит және өмірді жинақтаушы сақтандыру секілді қаржы құралдарымен таныс.

Балалардың білім алуына жинап жатқан немесе жинауды жоспарлап отырған сауалнамаға жауап берушілердің арасында 38%-ы қолма-қол ақшаны қалдыруға әдеттенген, 11%-ы депозит ашып үлгерді, және тағы 34%-ы осы мақсатпен банктік депозитті ашуды енді жоспарлап отыр. Сұралғандардың 14%-ы өмірді жинақтаушы сақтандыруды (ӨЖС) пайдалануға ниетті және тағы 3%-ы – осы мақсатпен өмірді сақтандыру компаниясымен (ӨСК) шарт жасасты.

Жинақтауға ӨЖС-ны таңдаған немесе сақтандырушымен шарт жасап үлгерген адамдардың арасында 75%-ы 5-тен 10 жыл жинауды есептейді. 23%-ы 3 жылдан 5 жылға дейін мерзіммен шарт жасауды қалайды. Қалғандары 10 жыл және одан артық мерзімге шарт жасайды.

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
AXA болашақ зейнеткерлерге арналған жаңа жоспарды іске қосады
AXA болашақ зейнеткерлерге арналған жаңа жоспарды іске қосады

AXA Гонконг пен Макао кейінге қалдырылған аннуи...

Бүкіл отбасының өмірін сақтандыру
Бүкіл отбасының өмірін сақтандыру

Адамдар дұрыс тамақтанып, уақытында ұйықтай а...

Бір шертіммен сақтандыру: арман немесе шынайылық па?
Бір шертіммен сақтандыру: арман немесе шынайылық па?

Жаһандық сандық жүйеге көшу дәуірінде қызметт...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру