Бірінші нұсқа – өмір бойы төленетін аннуитетті таңдау. Бұл оған ай сайынғы ең жоғары табысты қамтамасыз етеді, алайда төлемдер өзі қайтыс болғаннан кейін тоқтатылады. Екінші нұсқа – жұбайының пайдасына төленетін бірлескен аннуитет. Мұндай жағдайда, егер жұбайы одан ұзақ өмір сүрсе, зейнетақы төлемдерінің бір бөлігі оған төленуін жалғастырады.
Алғаш қарағанда, жұбайының мүддесін қорғайтын екінші нұсқа ең дұрыс шешім болып көрінді. Алайда Роберт есептерді мұқият қарастырған кезде, таңдаудың оңай емес екенін түсінді.
Өмір бойғы аннуитетті таңдаса, оның ай сайынғы зейнетақысы 4 800 долларды құрайтын еді. Ал жұбайының пайдасына төленетін 50 пайыздық бірлескен аннуитет ай сайынғы төлемді 3 900 долларға дейін төмендететін. Яғни, Роберт жұбайын қаржылай қорғау үшін өмірінің соңына дейін ай сайын 900 доллардан айырылатын еді.
Стандарттан тыс шешім
Роберт өмір бойғы төлемі жоғары нұсқаны таңдауға шешім қабылдады. Ал артық түсетін ай сайынғы 900 долларды жұбайын бенефициар ретінде көрсете отырып, өмірді сақтандыру полисін сатып алуға бағыттады. Нәтижесінде ол 720 000 доллар көлемінде сақтандыру қорғанысын рәсімдей алды.
Егер Роберт бірінші болып қайтыс болса, сақтандыру төлемін оның жұбайы алады. Роберттің зейнетақы төлемдері тоқтатылғанымен, әйелі қаржылық тұрғыдан қорғалған күйде қалады.
Осылайша, Роберт зейнетақы төлемдерін барынша ұлғайту стратегиясын тиімді пайдаланып, бір жағынан өмір бойы жоғары табыс алып отырса, екінші жағынан, қайтыс болған жағдайда жұбайының қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ете алды.
Дереккөз: Yahoo Finance
Фото ашық дереккөздерден алынды.


