bs-preloader__icon
ru kz en

Өмірді сақтандыру жөніндегі компанияны қалай дұрыс таңдау керек

Өмірді сақтандыру жөніндегі компанияны таңдау – қабылдануы белгілі бір білімді талап ететін жауапты шешім. Forbes үздік сақтандырушыны таңдауға бірнеше кеңес береді.
Өмірді сақтандыру жөніндегі компанияны қалай дұрыс таңдау керек

Өмірді сақтандыру жөніндегі компанияны таңдай отырып, түрлі полистердің бағасын зерттеу керек. «Көптеген компаниялар өздерінің сайттарында төмен мөлшерлемелерді көрсетеді, бірақ медициналық тексерістен өткеннен кейін олардың клиенттері жиі полистің өте жоғары құнын алады, – дейді AccuQuote Өмірді онлайн-сақтандыру ұлттық агенттігінің бас директоры Байрон Уделл. – Мұндай сәйкессіздіктен кейін кейбір әлеуетті клиенттер өмірді ерікті сақтандырудан көңілдері қалады және сала өнімдерінен бас тартады».

Бiр өтiнiш берушi үшiн өмiрдi сақтандыру жөнiндегi тарифтер әртүрлi компанияларда айтарлықтай айырмашылығы болуы мүмкiн. Кейбір ӨСК белгілі бір ауруға шалдыққандарға жақсы тарифтер бере алады. Темекі шегушілерге немесе жүрек-қан тамыры аурулары бар адамдарға жеңілдіктер жасайтын сақтандырушылар бар. «Мысалы, егер Сіз диабетке шалдыққан болсаңыз, Сіз бір компанияда екіншісімен салыстырғанда екі-үш есе көп төлей аласыз», – дейді AccuQuote компаниясынан Уделл.

Бұдан басқа, компанияның қаржылық көрсеткіштерін жіберіп алуға болмайды. Өйткені, полисті сатып алу кезінде клиент он жылдыққа созылатын ұзақ мерзімге шарт жасасады. Бұл жерде рейтингтік агенттіктердің – S&P, A.M. Best, Moody's, Fitch Ratings бағалауы маңызды рөл атқарады. «Өткен нәтижелер болашақ оң серпінге кепілдік бермейді, бірақ төлем қабілеттілігі жоғары сақтандырушылар жақсы жұмыс істейтін болады», – дейді түрлі нарықтарда аналитиканы ұсынатын Veralytic компаниясының негізін қалаушысы Барри Флэгг.

Дереккөзі: https://www.forbes.com/advisor/life-insurance/choose-right-company/

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Қазақстанда өлім-жітім төмендеді
Қазақстанда өлім-жітім төмендеді

Биылғы қаңтар–қыркүйек айларының қорытындыс...

Сақтандыру компанияларының пайдасы бір жылдың ішінде 11 есе өсті
Сақтандыру компанияларының пайдасы бір жылдың ішінде 11 есе өсті

2018 жылғы наурыз айындағы қорытындылары бойынш...

Әйелдер аудиториясының сақтандыру артықшылықтары қандай?
Әйелдер аудиториясының сақтандыру артықшылықтары қандай?

Әйелдер қандай тәуекелдерге қандай тәуекелде...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру