bs-preloader__icon
ru kz

Мемлекеттің көмегімен баланың колледжде немесе жоғары оқу орнында білім алуына қалай жинауға болады

МБЖЖ – бұл кез келген азамат үшін өз баласы үшін Қазақстанда немесе шетелде кәсіптік-техникалық және жоғары білім ақысын төлеуге жеткілікті қаражат жинақтау мүмкіндігі, деп хабарлады ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттінің (ҚНРДА) баспасөз-қызметінде.
Мемлекеттің көмегімен баланың колледжде немесе жоғары оқу орнында білім алуына қалай жинауға болады

Бүгінгі күні МБЖЖ бағдарламасында екінші деңгейдегі төрт банк қатысады, 33,5 млрд теңгеге жуық жалпы сомада 22 мың білім беру депозиттері ашылған.

Осы инвестициялық өнімді сатудың баламалы каналы банктермен қатар, енді сақтандыру ұйымдары да ұсынатын болады. МБЖЖ шеңберінде білім беру жинақтаушы өмірді сақтандыру шартын жасасу арқылы ата–аналар сақтандыру ұйымы есептейтін инвестициялық табысқа қосымша жылдық 5% мөлшерінде мемлекет сыйлықақысын (халықтың басым санаты үшін, мысалы, жетім балалар, мүгедектер, көп балалы отбасылардан шыққан балалар – жылдық 7%) ала отырып, өз балаларын оқытуға жинай алады.

Сақтандыру өнімінің бірқатар артықшылықтары бар. Біріншіден, кірістілік мөлшерлемесі депозиттен айырмашылығы (8%-дан 10%-ға дейін), сақтандыру шартының қолданылуының бүткіл мерзіміне кепілдік беріледі. Екіншіден, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының кепілі жинақталған толық соманы өтейді, ал Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының кепілі 20 млн теңгеге дейінгі соманы ғана өтейді. Үшіншіден, ата-ананың еңбекке қабілеттілігінен айырылған немесе ол қайтыс болған жағдайда жинақталған сомаға тәуелсіз оқудың толық құны төленеді.

Білім беру жинақтаушы сақтандыру өнімін енгізу ата-аналардың көпшілігіне өз балаларын оқытуға қаражат жинауға мүмкіндік алуға көмектеседі. Бұл мемлекеттің қаражаттандыруымен бірінші сақтандыру өнімі.

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Салмақ жоғалтуға арналған қосымшаны таңдаңыз
Салмақ жоғалтуға арналған қосымшаны таңдаңыз

Салмақ жоғалтуға арналған қосымшалар тамақта...

Инвестициялық сақтандырудың артықшылықтары
Инвестициялық сақтандырудың артықшылықтары

Unit Linked сақтандыру жоспарлары біраз уақыттан б...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру