bs-preloader__icon
ru kz en

Қазақстанда жоғары білімді қалай қол жетерлік етуге болады

Freedom Finance Life Басқарма төрағасы Азамат Ердесов компанияның жобалары туралы әңгімелеп берді.
Қазақстанда жоғары білімді қалай қол жетерлік етуге болады

Freedom Finance Life Өмірді сақтандыру компаниясы өз алдына жоғары білімді қазақстандықтар үшін қолжетімді етуді мақсат қойды. Ол үшін компания бірнеше жобаны іске қосты: ата-аналар үшін тегін мастер-кластар сериясы, балаларға арналған қаржылық сауаттылық бойынша тегін жазғы мектеп және Freedom Education өмірді жинақтаушы сақтандыру бағдарламасы, бұл бағдарламаның арқасында қазақстандық, сондай-ақ шетелдік жоғары оқу орындарында оқуға жинақтауға болады.

Қазақстандықтар неге жоғары білім ала алмайтынын ең көп таралған себептердің бірі – қаржылық қиындықтар. 2018 жылы осы себептен оқушылардың жалпы санынан 9,5% студент оқуын тастап кетті, жалпы ЖОО-да 18-22 жастағы адамдардың 54% ғана білім алды.

Жоғары білім туралы

Жыл сайын шамамен 200 мың қазақстандық жоғары сынып оқушылары жоғары білім қажет пе деген сұрақ қояды? Дипломсыз және мектептен кейін бірден жұмыс істеуге, тәжірибе жинақтауға және осы өмірде өзін табуға бола ма? Бұл туралы даулар ешқашан аяқталмайтын сияқты.

Бір жағынан, тарихта адамдар университетті тастап, немесе оған мүлдем оқуға түспей, бәрі бір табысқа жеткен мысалдар өте көп. Әрине, диплом кепілдік бола алмайды, және көптеген компанияларда оны түсінеді. Мысалы, Apple-ға және Google-ға жоғары білімі болмаса да, жұмысқа орналасуға болады. Екінші жағынан, университетте оқу – бұл өте маңызды кезең, соның арқасында біз дамимыз, пайдалы дағдыларды шыңдаймыз және мансаптық саты бойынша алғашқы қадамдар жасауға мүмкіндік аламыз.

Көптеген елдерде диплом алған мамандар неғұрлым көп болса, экономика соғұрлым тиімді, яғни өмір сапасы мен жалақы деңгейі жоғары екенін түсінеді. Сондықтан онда жұмысқа қабілетті халық арасында диплом алған мамандардың пайызын арттыратын бағдарламалар енгізілуде. Мұндай бағдарламалар АҚШ-та, Қытайда, Еуропада, Ресейде бар. Оның міндеті бұл көрсеткішті 50%-ға арттыру. Екі жыл бұрын Қазақстанда жұмысқа қабілетті халықтың тек 36%-ы ғана диплом алды.

Бірақ мұндай бағдарламаларға ақшаны, мыңдаған мамандардың уақыты мен күшін салатын болсақ, егер жоғары білім көптеген азаматтардың қалтасы көтермейтін болса, бұның барлығы жұмыс істемейтін болады. Жоғары білімнің қолжетімділігі-экономиканың маңызды көрсеткіштерінің бірі. Бұл Қазақстан үшін де өзекті. Сондықтан да біз алдымызға ҚР-да жоғары білім беруді қолжетімді ету мақсат қойдық. Оқудың құнына біз әсер ете алмайтынымыз анық, бірақ біз қазақстандықтарға оқуға ақшаны жинауға көмеке беретін өнімдерді шығара аламыз.

Неғұрылым көп жинау керек болса, соғұрылым тәуекелдер де жоғары

Өмірді сақтандыру компаниялардың жұмысы – күрделі өнімдерді сату. Біз клиенттерге оңай және түсінікті болатын өнімдерді жасауға тырысамыз. Мұны істеу үшін бізде қатаң талап бар: өнімдер нақты міндеттерді шешу қажет. Өз балаларына жақсы жоғары білім беру – осындай міндеттердің бірі болып табылады.

Наурыз айында жүргізілген зерттеу деректері бойынша Қазақстандағы бакалавриатта оқу жылының орташа құны (2018-2019 оқу жылында) – 396 мың теңге. Төрт жыл ішінде 1,5 млн теңге төлеуге тура келеді. Бірақ бұл орташа көрсеткіш, ал оқу әлдеқайда қымбат – жылына бірнеше миллион теңгеге дейін болуы мүмкін. Бұл тек қана қазақстандық жоғары оқу орындарында. Егер шетелдік оқу орындарына келетін болсақ, олардың құны әлдеқайда жоғары. Қандай жағдай болмасын, бұл отбас бюджеті үшін үлкен салмақ.

Ата-аналарға мұндай ақшаны бірден іздемеу үшін, менің ойымша, жалғыз дұрыс шешім – алдын ала жинауды бастау. Мысалы, егер ай сайын 50 мың теңгеден жинап отырса, төрт жылдан кейін 2,4 млн теңге жинақтауға болады. Бұл сома балаға орта статистикалық Қазақстан университетінде жоғары білім беру үшін жеткілікті. Егер ақшаны жинауды бұрын бастасаңыз – мысалы, бала түсуден жеті жыл бұрын – мұны істеу оңайырақ болады. Бұл қарапайым, бірақ тиімді схема.

Алайда ерекшеліктер де бар – неғұрылым көбірек жинауға тұра келсе, соғұрылым тәуекелдер жоғары болады. Біз бұны сақтандырушылар ретінде жақсы түсінеміз. Кез-келген уақытта жоспарланбаған шығындарға әкелетін жазатайым оқиға немесе жағдай орын алуы мүмкін. Мұндай жағдайларда адамдар бар нәрселерді жұмсауға мәжбүр. Тіпті егер бұл баланың оқуына ақша болса да. Сондықтан балалардың болашағына қауіп төндірмеу үшін, қажет болған жағдайда қорғай алатын қаржы жастығын құру қажет.

Оқуға қалай ақша жинауға болады

Клиенттерді осындай жағдайлардан қорғау үшін, біз Freedom Education өмірді жинақтаушы сақтандыру бағдарламасын әзірледік. Ол білім беру депозиті мен өмірді сақтандырудың кейбір функцияларын біріктіреді.

Бағдарлама былай жұмыс жасайды: ата-аналар баланың оқуға түскенге дейін бірнеше жыл бұрын қолайлы қазақстандық немесе шетелдік жоғары оқу орынды таңдап, біздің компаниямен шарт жасасып, ақшаны жинауды бастайды. Теңгемен жарналарды ыңғайына қарай – айына бір рет, тоқсанда бір рет, немесе жылына бір рет төлеуге болады. Бағдарламаның ерекшелігі – ата-аналар ақшаны жинақтағанша, олардың өмірлері сақтандырылған. Егер осы уақыт ішінде олардың біреуі жарақат алса, ауырып қалса және ақша табу мүмкіндігін жоғалтады немесе қайтыс болады, біздің компания барлық қалған жарналарды өзі төлейді. Егер осы кезеңде ештеңе болмаса, онда ата-аналар оқуға қажетті соманы жинақтап, инвестициялық табыс алады. Бұл ретте жинақталған сома осы уақыт ішінде оқу құны жоғары болған жағдайда да университетке тікелей түседі. Егер бала грантқа түссе, ата-аналар шарттың барлық сомасын қайтарып алады.

Бағдарлама баланың кез келген жағдайда жоғары білім алуына кепілдік береді

Бағдарлама ұзақ «дистанцияларда» едәуір тиімді – бала университетке түскенше неғұрлым көп уақыт болса, соғұрылым ата-аналарға жинақтау оңай. Шарт талаптары бойынша қайтыс болған жағдайда және мүгедектік, сыни аурулардың, сондай-ақ жарақаттану және олармен байланысты уақытша еңбек қабілетінен айрылған және емдеуге жатқызу жағдайларға сақтандырылуға болады.

Әрине, көптеген ата-аналарды олардың жинақталуының сенімділігі мәселесі алаңдатады. Freedom Finance Life – сақтандыру нарығының кәсіби қатысушысы, сондықтан біздің қызметіміз бен клиенттер алдындағы жауапкершілікті Ұлттық Банк реттейді. Бұдан басқа, біз Freedom Finance холдингінің бір бөлігіміз, бұның өзі кепіл болып табылады, өйткені біз үшін бедел бос сөз емес. Сонымен қатар, біз ірі шетелдік қайта сақтандыру компанияларымен жұмыс істейміз, сондықтан біздің тәуекелдеріміз әрдайым сенімді қорғалуда.

Неліктен балалардың жоғары білімі туралы ертеден ойлағаны ата-аналар үшін тиімді болғаннан, басқа да көптеген нюанстар бар. Мысалы, болашақта талап етілген мамандықты, елді және университетті таңдау қажет. Сонымен қатар оқуға түсуге дайындалу керек. Егер бұл мәселелерге өте байыпты қарайтын болсақ, оған көп уақыт кетеді. Сондықтан бұл туралы алдын ала ойлағаны дұрыс.

Осы кезеңде ата-аналарға көмектесу үшін біз мастер-сыныптар сериясын іске қостық, бұл – балаға болашақ мамандығын анықтауға қалай көмектесу керек, жоғары білімді қалай және неге бағалайды, оқуға жинауды қалай бастау керек және қандай қаржы құралдарымен мұны жақсы жасау керек. Бұл іс-шараларға қатысу тегін, біз оларды Алматыда екі айда бір рет өткіземіз, бірақ басқа қалаларға да ауқымдауды жоспарлап отырмыз. Әрине, бұл жобаның басты міндеті – қазақстандық ата-аналарға баланың жоғары білімі туралы ойлану керек деген ой жеткізу. Бұл оларға үлкен артықшылық және кейін толықтыруға келмейтін – өзін және баланы дайындауға болатын ең құнды ресурсты уақытты  береді. Бірақ, осы міндеттен басқа жағы да бар – сондықтан біз мақсатты аудиториямен қарым-қатынас жасауға, оған біздің жоспарларымыз туралы айтуға және ең бастысы – оның қажеттіліктерін тыңдауға және тануға мүмкіндік аламыз. Бұл өте құнды ақпарат, оның арқасында біз тағы не істей алатынымызды түсінетін боламыз. Мастер-сыныптардан басқа, бізде басқа да маңызды жоба бар – Freedom Finance Camp.

Бұл 11-13 жас аралығындағы балаларға арналған қаржылық сауаттылық бойынша тегін білім беру лагері. Оның міндеті-балалардың кім болғысы келетінін және ол үшін не істеу керектігін түсінуге көмектесу. Біз жобаны шілде айында Алматыда іске қостық және бір жарым ай ішінде бес білім беру легін өткіздік. Барлығы 100-ден астам бала оқытылды.

Балаларға оңай болу үшін біз лагерь креативті форматта және интерактивті ойындармен өткізілуі керек деп шештік. Бағдарлама әрқайсысы екі сағаттан бес сабақтан тұрды. Алғашқы төрт кезеңде біз қатысушыларға ақша не екенін, олармен қалай қарым-қатынас жасау, ақша табу, ақылмен жұмсау және көшіру туралы әңгімеледік. Сонымен қатар балалар қор нарығы, бағалы қағаздар, сақтандыру және банктер туралы білім алды.

Бесінші сабақта балаларға олар кім болуды армандайтын және ол үшін не істеу керектігі туралы жобаны таныстыру тапсырмасы берілді. Ол үшін балалар плакаттарда мектеп, қосымша білім беру, спорт, университет, мансаптық баспалдақпен алғашқы қадамдар, өз ісі және соңында – арманның суретін салды.

Балалар жанып тұрған көздерімен атақты спортшы, ірі бизнесмен, ІТ-маманы, ғарышкер немесе жай миллиардер болғысы келетіндері туралы айтқанын көру өте қуанышты болды.

Біз жазғы лагерьдің нәтижелеріне өте риза болдық. Өйткені бұл жоба біз үшін алғашқы, сондықтан өте маңызды болды. Біз Freedom Finance Camp қатысушыларымен тәжірибе бөлісіп, өзіміз көп нәрсені үйрендік. Енді біздің алдымызда үлкен мақсат тұр – лагерьдің әр түрлі қалаларда және демалыс күндері өтетіндей етіп жасау.

Біздің барлық білім беру жобаларымыз да балалары бар немесе ата-ана болуды жоспарлап отырған мамандардың арқасында іске қосылды және жұмыс істейді. Әрине, біз барлығымыз балаларда бақытты болашақ болуын армандаймыз, сондықтан қазір ол үшін не істеу қажет деп ойлаймыз: университетке ақша жинау, балаға болашақ мамандығын анықтауға көмектесу, оны барлығына қолдау және дұрыс университетті таңдау. Бұл біздің ұстанымымыздың бірі – біз өзіміз пайдаланатын өнімдерді іске қосу.

Дереккөзі: https://kursiv.kz/news/obrazovanie/2019-09/kak-sdelat-vysshee-obrazovanie-v-kazakhstane-dostupnee

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру