bs-preloader__icon
ru kz

Өз өмірін не үшін сақтандыру қажет

Өмірді сақтандырудың мақсаты - жақындарын қаржылық шығындардан қорғау. Себебі, дәл осы бенефициарлар сақтандыру жағдайы басталған кезде ақша алады. Егер балаларыңыз болмаса, Сіздің қаржылық жағдайыңызға ешкім тәуелді болмауы мүмкін, деп жазады Business Insider.
Өз өмірін не үшін сақтандыру қажет

Өмірді сақтандыру бойынша өнімдер желісі бүгінде кең. Оған жинақтаушы сақтандыру, инвестициялық сақтандыру, шетелге шығатын спортшыларды сақтандыру, тәуекелді құрауышы бар және жоқ бағдарламалар, қосымша сервистері бар бағдарламалар (телемедицина, чек-ап) кіреді. Бұл ретте жеке сақтандырудың ең танымал түрлері - кредиттік және инвестициялық. Олар өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсім көрсетіп отыр және ұлғайтудың үлкен әлеуетіне ие.

«Мен 30 жастамын. Мен тұрмыс құрғанмын, бірақ бізде әлі бала жоқ. Күйеуім екеуміз жұмыс істейміз, табысымыз жаман емес және әрқайсымыз өз өмірімізді сақтандырдық. Бұл мерзімді сақтандыру және біз бір-біріміздің бенефициарымыз. Нәтижесінде, біз арзан ипотеканы ала алдық», - дейді Business Insider мақаласының кейіпкері. Егер ерлі-зайыптылардың біреуіне бірдеңе болса, екіншісі $500 мың алады. Мұндай сақтандырудың ай сайынғы сыйлықақысы - $26.

Сарапшылар, егер ерлі-зайыптылардың бірі көптеу табыс тауып жатса, олардың өмірін сақтандыруды ұсынады. «Әдетте, адам көп жұмыс істеген кезде ол үй шаруашылығымен айналыса алмайды. Бұл басқа жұбайынан айырылған кезде де, үй шаруасы соған қалатынын және ол үй қызметкерін жалдайтынын білдіреді. Бұл шығындарды, сондай-ақ «ақша табушы» өмірден өткен кездегі қаржылық жетіспеушілікті де сақтандыру компаниясы өтейді, - деп айтылады Business Insider материалынды.

Дереккөзі: https://www.businessinsider.com/personal-finance/why-have-life-insurance-dont-have-kids-2020-6

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
106 жастағы ер адам ұзақ өмірдің басты қағидаларын атады
106 жастағы ер адам ұзақ өмірдің басты қағидаларын атады

АҚШ тұрғыны қыркүйектің басында өзінің 106-шы т...

Қазақстандық банктер кибер шабуылдардың саны өскенін айтады
Қазақстандық банктер кибер шабуылдардың саны өскенін айтады

Ағымдағы жылдың тоғыз айында интернет-алаяқты...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру