bs-preloader__icon
ru kz

Коммеск-Өмiр жалпы сақтандыру саласынан өмірді сақтандыру саласына сақтандыру қызметін ауыстыруда

Кезектен тыс жалпы жиналыста «Коммеск-Өмiр» сақтандыру компаниясының акционерлері сақтандыру қызметін «жалпы сақтандырудан» «өмірді сақтандыру» саласына өзгертуге шешім қабылдады. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) ақпаратына сілтемемен Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығы хабарлайды.
Коммеск-Өмiр жалпы сақтандыру саласынан өмірді сақтандыру саласына сақтандыру қызметін ауыстыруда

«Компанияның атауын «Коммеск-Өмір» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-ға өзгерту, сондай-ақ «Сентрас Коммеск Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-ның «Коммеск-Өмір» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-ға қосылуына алдын ала келісім беру шешімі қабылданды», - деп хабарланған KASE сайтында.

Акционерлердің жалпы жиналысында қызметкер еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру портфелін тапсыру туралы да шешімі мақұлданды. «Осы сақтандыру портфелін 2023 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде тапсыру жөнінде іс-шаралар жоспары мақұлданды», - деп нақтыланады құжатта.

Компанияның акционерлері директорлар кеңесіне «сақтандыру портфелі берілетін, сақтандырушы-сатып алушыны таңдау туралы» шешім қабылдауға уәкілеттік берді, делінген KASE хабарламасында.

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Әйел сақтандыру төлемдерін алу үшін жалған құжат жасады деп айыпталуда
Әйел сақтандыру төлемдерін алу үшін жалған құжат жасады деп айыпталуда

Оңтүстік Каролина Тергеу департаментінің (SLED) ...

2024 жылғы қаңтарда ӨСК алымдардың жоғары серпінін көрсетті
2024 жылғы қаңтарда ӨСК алымдардың жоғары серпінін көрсетті

ӨСК жиынтық брутто-сыйлықақылары 2024 жылғы қаң...

Белгісіздік жағдайында өмірді сақтандырудың озық әдістерін енгізу
Белгісіздік жағдайында өмірді сақтандырудың озық әдістерін енгізу

Тұрақсыз экономикалық және саяси жағдайда кли...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру