bs-preloader__icon
ru kz

Өмірді сақтандыру компаниялары өзгерістерге дайындалуда

2018 жылы Қазақстанда көптеген уақыт ішінде алғаш рет сақтандыру нарығына реформа жүргізілді. Сақтандырушылар интернет арқылы полистерді сатуды ретке келтірді, компанияларды капиталдандыру өсті, өмірді сақтандыру секторы инвесторлар мен тұтынушылар үшін тартымды болды. Реттеуіштің мәліметінше, 2020 жылдың 1 мамырына сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2019 жылдың сәйкес кезеңіне 13,6%-ға артып, 176 млрд теңгені құрады..
Өмірді сақтандыру компаниялары өзгерістерге дайындалуда

Қаржы нарығын реттеу мен дамыту жөніндегі агенттік (АРРФР) коронавирус пандемиясы және төтенше жағдай режимінен сақтандырушылардың залалдарын есептеу аясында өтетін нарықтың жаңа реформасы туралы мәлімдеді. 

Құжат Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығында (ҚҚҚ) бірнеше апта талқылануда, жұмыс топтары өткізілді, ескертулер мен ұсыныстар реттеушіге берілді. «Маусым айында нарық пен реттеуші құжатты келіседі деп үміттенемін, содан кейін қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу жұмыстары басталады», – деп ҚҚҚ басқарушы директоры Ерлан Бурабаев түсіндіреді.

Өмірді сақтандыру компаниялары (ӨСК) алдағы өзгерістерге бар ынтамен түсініктеме берді. Бұл нарық екінші жыл қарқынды дамуды бастан кешіруде және unit-linked (инвестициялық сақтандыру) сияқты жаңа өнімдерге реттеушінің жауабын күтуде.  «Біз жинақтарды ұлғайту есебінен халықты өз болашағына қамқорлық жасауға ынталандыратын, әлеуметтік проблемаларды шешуге және зейнетақы жүйесін дамытуға көмектесетін өзекті сақтандыру өнімдерінің дамуын оң бағалаймыз», – деді Freedom Finance Life  басқарма төрағасы Азамат Ердесов.

Сондай-ақ жаңа тұжырымдама КСЖ мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне (МБЖЖ) қатысуға мүмкіндік береді. «Біз өнім 3 жылдан 20 жылға дейін әрекет етеді деп болжаймыз. Бірақ жинақ мөлшері мен мерзімін клиент таңдайды. Біздің пайыздардан басқа мемлекет тарапынан осы салымдарға жылына 5-7% дейін есептелетін болады», – деп Nomad Life  басқарушы директоры Елена Тайтуголева атап көрсетеді. Қазақстанда әзірге тек банктер ғана білім беру депозиттерін ашуға құқылы.

«Полис ата-ананың өмірі мен денсаулығын сақтандыру қорғаумен қамтамасыз етеді. Тағы бірқатар артықшылықтар бар: бұл бағдарлама мерзімі аяқталғаннан кейін жоспарланған төлемді алу; егер, мысалы, бағдарлама ашылған бала грантқа түссе, екінші баланың пайдасына жинақтауды аудару мүмкіндігі», – деп нақтылайды әңгімелесуші.

АҚШ-та балаларды оқытуға арналған қаражат салықтық шегеруге жататын «529» жинақ шоты әрекет етеді.

Нидерландыда білім беру шоттары таралған, олар бойынша бір білім алушыға жұмыс берушіден және мемлекеттен жеке жарналар түседі. «Сақтандырушылардың МБЖЖ-ға қатысуы – халықты мемлекеттік қолдаудың әлеуметтік функциясы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары үшін өмірді сақтандыруды танымал ету бойынша іс-шараларды жүзеге асыру мүмкіндігі үйлескен өте маңызды бастама», – деп «Халык-Life» басқарушы директоры Виталий Любимов бөліседі.

Тұжырымдама зейнетақы аннуитеті шартына бір адам емес, ерлі-зайыптылар жұбының қатысуын білдіретін бірлескен аннуитеттерді енгізуді ұсынады. «Егер ерлі-зайыптылардың біреуінде ӨСК аннуитетті сатып алу үшін зейнетақы жинақтары жеткіліксіз болса, ал екіншісінде артық болса, онда бірлескен аннуитеттің көмегімен екеуінің де өмір бойы төлемдері қамтамасыз етіледі», – делінген құжатта.

Кейінге қалдырылған аннуитеттерді енгізу БЖЗҚ-да зейнетақы аннуитетін жасау үшін жеткілікті сомасы бар салымшыларға өмір бойы зейнетақы төлемдерінің құралын 45 жастан бастап индекстеу арқылы сатып алуға мүмкіндік береді. Бұл ретте зейнетақы аннуитеті бойынша төлемдер 55 жасқа толғанша жүзеге асырылатын болады. «Жас ауқымын кеңейту сақтандырушылардың осындай жас санаты үшін инвестициялық мүмкіндіктерді қоса алғанда, өзінің зейнетақы жинақтарына иелік етуді таңдау баламасын ұсынады», – дейді Любимов.

Тұжырымдама өмірді сақтандыру нарығында онлайн-технологияларды қолдануды кеңейтуді көздейді. «Бұл компаниялардың ішінде де, реттеуші үшін де көптеген бизнес-процестерді цифрландырады, нарыққа миллиондаған сағат еңбек шығынын үнемдейді, клиенттерге өмірді қатты жеңілдетеді», – деп Ердесов түсіндіреді.

Қаржылық қадағалаудың ӨСК-ға қатысты заңнамалық бастамаларын халықаралық сарапшылар оң бағалайды. «Бұл ұсыныстар орта мерзімді перспективада секторды дамытуды ынталандыратын болады. Мысалы, инвестициялық құрамы бар сақтандыру өнімдерін енгізу және зейнетақы қаражатын басқару жөніндегі функциялардың бір бөлігін ӨСК-ға беру жөніндегі реттеуіштің мүмкін болатын шаралары», – дейді S&P Global Ratings  «Қаржы институттары» тобының директорының орынбасары Екатерина Толстова

Жаңа тұжырымдама нарықтың инфрақұрылымын айтарлықтай өзгертеді. Бірыңғай сақтандыру деректер қоры (БСДҚ) қазіргі уақытта сақтандыру статистикасын жинайды, есептерді қалыптастырады, «бонус-малус» коэффициенттері мен сақтандыру сыйлықақыларын есептейді. «Бұл электрондық сақтандыру шарттарына қатысты сервисті жетілдіру жөніндегі процестің өте маңызды бөлігі болғандықтан, БСДҚ мемлекеттік деректер қорына қол жеткізу бөлігінде дамитын болады», – деп Любимов болжамдайды.

Бұдан басқа, жаңа тұжырымдама сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесін жетілдіруді көздейді. «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының рөлі кеңейтіледі. Әзірге нақты өзгерістер туралы айтуға ерте, бірақ кепілдік берілетін сақтандыру түрлерінің артуы халықтың сақтандыру өнімдеріне деген сенімі үшін қолайлы жағдай жасайды», – дейді Бурабаев.

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды

Источник: https://kursiv.kz/news/strakhovanie/2020-06/kak-afn-khochet-izmenit-regulirovanie-strakhovogo-rynka

 

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Халық-Life басшысы: Өмірді жинақтаушы сақтандыруға сұраныс едәуір өседі
Халық-Life басшысы: Өмірді жинақтаушы сақтандыруға сұраныс едәуір өседі

Өмірді сақтандыру нарығы үшін өткен жыл оңай б...

Зейнетақы аннуитеті шарттары үш есе көп болды
Зейнетақы аннуитеті шарттары үш есе көп болды

2024 жылдың алғашқы жарты жылдығында қазақстанд...

Филиппинде бір жынысты серіктестерге сақтанушы болуға рұқсат етілді
Филиппинде бір жынысты серіктестерге сақтанушы болуға рұқсат етілді

Филиппиннің сақтандыру комиссиясы бір жыныст...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру