bs-preloader__icon
ru kz

Өмірді сақтандыру компаниялары жаңа түзетімдер бойынша өнім желісін өзгертуде

Мәжіліс сақтандыру нарығы мен бағалы қағаздар нарығын реттеу және дамыту мәселелері бойынша заң жобасын мақұлдады. Сонымен, құжат қазақстандықтарға бірлескен зейнетақы аннуитетін сатып алуға мүмкіндік береді, сақтандырылған қарызгерлер үшін қарызды мерзімінен бұрын өтеген жағдайда сақтандыру шартын бұзу кезінде 10%-ға дейін сақтандырушының әкімшілік шығыстарына лимит көзделген. Бұдан бөлек, қазақстандықтар сақтандырушылардың көмегімен балалардың білім алуына жинай алады.
Өмірді сақтандыру компаниялары жаңа түзетімдер бойынша өнім желісін өзгертуде
Өмірді сақтандыру компаниялары жаңа түзетімдер бойынша өнім желісін өзгертуде
Өмірді сақтандыру компаниялары жаңа түзетімдер бойынша өнім желісін өзгертуде
Өмірді сақтандыру компаниялары жаңа түзетімдер бойынша өнім желісін өзгертуде
Өмірді сақтандыру компаниялары жаңа түзетімдер бойынша өнім желісін өзгертуде

Осы жылы зейнетақы аннуитеті шарты бойынша өзгертулер күтілуде. Бірлескен зейнетақы аннуитетін жасасу мүмкіншілігі іске асырылатын болады, бұл ерлі-зайыптылардың (жақын туыстардың) біреуінде БЖЗҚ-да қаражат жеткіліксіз, ал екіншісінде артығымен болатын кез. Бұл біріктірілген сома ерлі-зайыптылардың әрқайсысына ең төменгі күнкөріс деңгейінен 70%-дан кем емес ай сайынғы сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін шартпен. Бұрын мұндай мүмкіншілігі болмаған адамдарға аннуитеттік төлемдерді алуға мүмкіндік береді. «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру» (бұдан әрі - ЖОМС) басқа өнімі бойынша егер БСДҚ-да тиісті ақпараттың растауы болған жағдайда, сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін құжаттарды, мүгедектік, медициналық мәліметтерді және т.б. жинау кезінде жеңілдетілген тәртіп көзделген. Сонымен қатар, жұмыс беруші зардап шеккен қызметкерге аннуитет шартының көшірмесін беруге міндетті болады, тиісінше зардап шеккен қызметкер немесе оның асырауындағы адамдар кепілді түрде оларға тиесілі сақтандыру төлемдері туралы хабардар болады», - деп түсіндіреді Халық-Life ӨСК-нің басқарма төрайымы Жанар Жұбаниязова.

Өзгертулер қарызгерлердің өмірін сақтандыруда да болады. Жеке тұлғалар үшін қарызды мерзімінен бұрын өтеген жағдайда сақтандыру шартын бұзу кезінде 10%-ға дейін сақтандырушының әкімшілік шығыстарына лимит көзделген, осыған ұқсас шарттар қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша міндеттемелерді орындау аясында жасалған зейнетақы аннуитеті шарты және аннуитеттік шартты қоспағанда, кез-келген сақтандыру шартын жасаған күннен бастап 14 күнтізбелік күн ішінде мерзімінен бұрын бұзған кезде агенттік сыйақы лимиті бойынша кезделген.

«Сонымен қатар, қарызгердің өмірін сақтандыру шартында агенттік сыйақының мөлшері көрсетілетін болады. Осы барлық өзгерістер қарызды рәсімдейтін азаматтардың өмірін сақтандыру үшін неғұрлым қолайлы шарттарды жасайды», - деп нақтылады сұхбаттасушы.

Қазір елдің бірнеше банктері қазақстандықтарға білім беру депозиттерін ұсынады. Қысқаша, МБЖЖ. Бұл салымдарға мемлекет жыл сайын 9%-ға дейін мөлшерлемеге 5% немесе 7% меншікті сыйлықақысын қосады. Өмірді сақтандыру компаниялары банктермен қатар осы мемлекеттік бағдарламаға қатысатын болады, олардың клиенттерінің жинақтары қазынамен қаражаттандырылатын болады.

Өнімдерді өзгерту

«Біз осы жылы нарыққа жаңа өнімді ұсынамыз деп болжаймыз. МБЖЖ Қазақстанның барлық азаматтарына сақтандыру сыйлықақыларының 5% және 7% (көпбалалы отбасылар үшін) – мемлекетпен қаражаттандыру көмегімен күні бұрын өз балаларының оқуына қаражатты жинауға бірегей мүмкіндік береді. Сыйлықақыларды мемлекеттің қаражаттандыруына байланысты жинақтаушы сақтандырудың тартымдылығы біршама жоғарылайтынын ескере отырып, біз қазіргі қолданыстағы баланың пайдасына жинақтаушы сақтандыру шарттарына өмірді жинақтаушы сақтандыру шарттары көлемінің ұлғаюын күтеміз. Әдеттегі депозиттермен бәсекеге түсетін болғандықтан, жинақтардан басқа тағы сақтандыру қорғауы болады, және сақтанушы қайтыс болса немесе оның мүгедектігі жағдайында сақтандыру төлемі сондай-ақ баланың білім алуына ақы төлеуді қамтамасыз ететін болады», - деді Халық-Life ӨСК басшысы.

Freedom Finance Life ӨСК бірнеше өнімдерді іске қосуға күш жұмсап жатыр. Атап айтқанда, бірлескен ерлі-зайыптылар аннуитеті және білім беру полисі. «Жуық арада заңды ерлі-зайыптыларға бірлескен зейнетақы аннуитеті бағдарламасын ашу үшін жинақтарды біріктіруге мүмкіндік беретін, бірлескен зейнетақы аннуитетін іске қосу күтілуде. Жалпы біз онлайн-сақтандыруды дамытуды жалғастырамыз, қазіргі бар өнімдерді онлайн форматқа бейімдейтін боламыз және жаңа өнімдерді жасаймыз. Қазіргі таңда компания өмірді сақтандырудың бес онлайн бағдарламасын іске қосты, олардың ішінде: коронавирустен сақтандыру, шетелге шығушыларды ерікті сақтандыру, ауыр аурулардан сақтандыру және өмірді жинақтаушы сақтандыру бағдарламасы», - деп түсіндіреді Freedom Finance Life ӨСК-нің басқарма төрағасы Азамат Ердесов.

«Сентрас Коммеск Life» өмірді сақтандыру компаниясында 2022 жылы ӨСК нарығында драйверлер өмірді жинақтаушы сақтандыру және аннуитеттік сақтандыру болады деп санайды. «ӨСК саласы үшін келешегі бар бағдарлама - unit-linked – өмірді инвестициялық сақтандыру, ол классикалық өмірді жинақтаушы сақтандырудың сақтанушының өзі инвестициялау стратегиясын анықтайтын кезде, қаржы құралдарына үлестер түрінде инвестициялық құрауышпен үйлестікті білдіреді. Өмірді сақтандыру полисі шеңберінде қаржылық жоспарлау екі маңызды аспектіге әкеледі – салынған ақшалар есебінен жинақтар құру және күтпеген жағдайлар жағдайына материалдық қорғауды қамтамасыз ету», - дейді «Сентрас Коммеск Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-ның басқарма төрайымы Гүлжан Жақсымбетова.

Топ-менеджер компанияның жаңа өнімдерді әзірлеуге дайындалып жатқанын нақтылайды. «Біздің компания өмірді жинақтаушы сақтандыру, зейнетақы аннуитеті, инвестициялық бағдарламалар өнімдерін одан әрі дамытуды, клиенттер аудиториясының қамтуын кеңейту үшін серіктестермен бірігуді дамытуды жоспарлап жатыр. Өнімдердің бір бөлігі онлайн-форматта корпоративтік сайтта рәсімдеу және сатып алу мүмкіншілігімен цифрландырылатын болады».

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өмірді сақтандыру дегеніміз не
Өмірді сақтандыру дегеніміз не

АҚШ-та 373,5 млн сақтандыру полисі жұмыс істейді....

АҚШ-тағы өмірді сақтандырудың танымал түрлері аталған
АҚШ-тағы өмірді сақтандырудың танымал түрлері аталған

Өмірді сақтандыру - қаржылық жоспарлау процес...

Қазақстанда 3,9 миллион оқушы бар
Қазақстанда 3,9 миллион оқушы бар

Ағымдағы 2023/2024 оқу жылында Қазақстан мектепте...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру