bs-preloader__icon
ru kz en

Қазақстанда және әлемде жоғары білім алу құны қаншалықты қымбаттады

Freedom Life ӨСК мамандары қазақстандық және әлемдік жоғары оқу орындарының мәліметтерін зерттеп, әлемдегі ең қымбат және беделді білім алу мекемелерін анықтады, және сол жерде оқу үшін қаражатты қалай жинауға болатынын айқындады.
Қазақстанда және әлемде жоғары білім алу құны қаншалықты қымбаттады

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сәйкес, 2010–2011 оқу жылдарында бакалавриатта оқитын студенттер саны 620,4 мың құраған, олардың ішінде, грантта – 140, 5 мың студент. Ақылы негізде оқуға түскендер үшін, ҚР университетінде оқудың орташа құны, шамамен 480 мың теңге құрайды.

2015–2016 оқу жылдарының басында, елде – 127 жоғары оқу орны тіркелген, бакалавриатта оқитын студенттер саны 414,7 мың құраған. Олардың ішінде, грант иеленгендері 137,7 мың адам. Жоғары білім алу құны сол сәтте, орташа алғанда, 400-600 мың теңге құраған.

2020-2021 оқу жылдарында, жоғары оқу орындарында оқитындардың саны 576,6 мың адам құраған. Күндізгі бөлімшесінде оқу құнының, жылдық орташа бағасы - 825 мың теңге. Ал қашықтықта оқу жылының құны, COVID-19 пандемиясы кезеңінде - 378,4 мың теңге құраған.

2022-2023 оқу жылының басында студенттер саны шамамен 600 мың адам құраған. Қазақстандық жоғары оқу орындарында оқу құны - 250 мың теңгеден бастап, 9 млн теңгеге дейін, орналасқан жері және беделіне байланысты. Ең жоғары бағалар Алматы университеттерінде (КИМЭП, КБТУ) және Астанада (Назарбаев Университеті). Ең арзан университеттері Шымкент қаласында. 

Ұлыбритания. Британ үкіметінің сайтындағы мәліметтеріне сәйкес, Корольдықта танымал 154 жоғары оқу орны белгіленген. Университеттерде бакалавр ретінде 2 млн артық студенттер, магистрант және аспиранттар оқуда, олардың ішінде, 500 мың шетел оқушылары.

Ұлыбританияда оқу құны әлемде ең қымбат болып есептеледі. Беделді университеттерде төлемі жылына 50 мың фунт стерлингтен асуы мүмкін (28 млн теңгеден артық), орташа алғанда, британ университеттері оқу құнын жылына 35 мың фунтқа бағалайды. (19,8 млн теңге). Бұған қосымша, жылына минимум 10–15 мың фунт (5,6–8,4 млн теңге) ауқаттауға бөлу қажет.

12 жыл ішінде, британдық жоғары білім алу құны қазақстандықтар үшін 9,2 есе қымбаттады.

Австралия. Мемлекетте 43 университет тіркелген, онда 600 мынан артық адам оқиды. Шетел студенттеріне өмірсүрудің орташа құны, айына шамамен 1,4 мың австралиялық доллар құрайды (426 мың теңге).

12 жыл ішінде, жоғары білім алу құны қазақстандықтар үшін 6,5 есе ұлғайған.

АҚШ. Қазіргі күнде, 4726 жоғары оқу орны жұмыс істейді, және онда 21 млн студенттер оқиды. Жылына қазақстандықтардың минималды шығындары шамамен 35–40 мың доллар (16–18 млн теңге) құрайды, соның ішінде, мемлекеттік және жекеше оқу орнында білім алу, тамақтану, орналасу және басқа қажетсінуін қосқанда.

12 жыл ішінде, жоғары білім алу құны қазақстандықтар үшін 10 есе ұлғайған.

БАЭ. Бұл жерде екі мемлекеттік университеті және 80-ге жуық жекеше оқу орындары бар. Жекеше оқу орындарының 70% Дубай және Абу-Даби қалаларында орналасқан. Барлығын алғанда, 200 мыңнан артық студент оқиды. Білім алу төлемінен басқа, оқушылар айсайын 2,5 мың. дирхам ауққаттарына жұмсайды (309 мың тенге).

12 жыл ішінде, жоғары білім алу құны қазақстандықтар үшін 12,7 есе ұлғайған.

Оңтүстік Корея. 267 университет ашылған, шамамен 1,9 млн студент оқиды. Оңтүстік Кореяда өмірсүру құны (үй жалдау төлемін қоспағанда), айына 1,3 млн оңтүстіккореялық вон құрайды, тамақтану, көлік, коммуналдық және ойын-сауық шығындарын алғанда. Үй жалдау құны, орналасқан жеріне және түріне тәуелді, орташа бағамен айына 400 мыңнан 1,2 млн вонға дейін құрауы мүмкін (136–400 мың теңге).

12 жыл ішінде, жоғары білім алу құны қазақстандықтар үшін 6,4 есе ұлғайған.

Қытай. Қазіргі уақытта, 2900 университет жұмыс істейді, онда 38 млн студент оқиды. Өмірсүру құны айына орташа бағамен 3000–4500 юань құрайды (200–300 мың теңге).

12 жыл ішінде, жоғары білім алу құны қазақстандықтар үшін 13,8 есе ұлғайған.

Түркия. Елде 200 артық мемлекеттік және жекеше университеттер бар, ондағы оқушылар саны 8,2 млн адамнан артық, олардың ішінде, 4,6 млн-ға жуық студент бакалавриатта білім алуда. Түркиядағы мемлекеттік университеттерде оқу шетел азаматтары үшін арзанға түседі, егер бағдарлама түрік тілінде жүргізілетін болса. Оқу төлемінен басқа, студенттердің өмірсүру шығындары айына 10 мың түрік лирін құрайды (235 мың тенге).

12 жыл ішінде, жоғары білім алу құны қазақстандықтар үшін 11,9 есе ұлғайған.

Жоғару оқу орнында оқуға қаражат жинауға көмектесетін бағдарламалар

Қазақстанда және шетелде білім алу құны жыл сайын қымбаттауда, орташа алғанда, 14-20% дейін. 2010 жылдан бастап, кейбір елдерде, қазақстандық студенттері үшін оқу бағасы 10 еседен артық өскен.

Баланың жоғары оқу орнында оқуына қаражат жинау процесін жеңілдетудің бірнеше қолайлы әдістері бар. Оқу депозитін пайдалануға болады. Сонымен қатар, 2023 жылдан бастап, білім берудің Мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесі (МБЖЖ) шеңберінде қазақстандықтар үшін, өмірді жинақтаушы сақтандыру бағдарламасы қолжетімді болды. Басқа өнімдерден оның елеулі ерекшеліктері бар, мысалы банк өнімдерінен, себебі сақтандырумен қорғауды қамтамасыз етеді. Ата-анасы қайтыс болғанда немесе І және ІІ топ мүгедектің тағайындау нәтижесінде еңбекке қабілеттілігінен айырылған жағдайда, сақтандыру бағдарламасы мерзімі ішінде жүзеге асыруға үлгерген, Шарт бойынша білім беру қызметіне ата-анасымен жинақталған сомасынан тәуелсіз, төлем атқарылатын болады.

МбЖЖ шеңберінде өмірді сақтандыру бағдарламасы бойынша жинау тәсілі мынадай: ата-анасы сақтандыру кезеңін белгілейді (3 жыл және одан астам), жарна сомасын және төлем атқару кезеңдігін анықтайды (айына, тоқсанына, жарты жылда бір мәрте, жылына бір рет). Содан кейін, Сақтандырушымен Шарт жасасады, шартқа сәйкес мемлекет тарапынан 20 жылдан аспайтын мерзімге сыйақы есептеледі. «Білім беру ерікті жинақтаушы сақтандыру (МБЖЖ) депозит ретінде жүзеге асырылады, кепілді жылдық тиімді мөлшерлемесі 8% шамалас. Бұл жағдайда, сақтандыру мерзімі ішінде жинақталған ақшасы, есеп сомасынан 5% мөлшерде, мемлекеттік сыйақы сомасына қарасты жыл сайын ұлғаяды, оған төленген сыйақысы және заңнамамен реттелетін қаржыландыру табысы кіреді»-деп түсініктеме берді Freedom Life ӨСК-де.

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Сақтандыру: 2022 жылдың жаңа инвестициялық тренді
Сақтандыру: 2022 жылдың жаңа инвестициялық тренді

Әлемде көптеген елдерде үкіметтердің қолдауы...

Миллениалдар үшін өмірді сақтандыру
Миллениалдар үшін өмірді сақтандыру

Үндістанда 426 миллион миллениал тұрады – бұл е...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру