bs-preloader__icon
ru kz

«Халық-Life» ӨСК журналистерге арналған республикалық байқаудың қорытындысын жариялады

«Халық-Life» өмірді сақтандыру компаниясы журналистер арасында ҚР өмірді сақтандыру туралы үздік материалға жариялаған Республикалық байқаудың қорытындысын шығарды, деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметі.
«Халық-Life» ӨСК журналистерге арналған республикалық байқаудың қорытындысын жариялады

Сонымен, 500 мың теңге жүлдесі бар бірінші орынды «Семей Телеарнасының» тілшісі, Диана Төлеудің «Өмірді сақтандыру-болашаққа инвестиция!» атты арнайы репортажы жеңіп алды. Екінші орын және 300 мың теңге жас журналист Абай Аймағамбетке бұйырды. Оның материалы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды. Мақала «Сақтандыру секторын қандай өзгерістер күтіп тұр?» деп аталады. Cosmo –да жарық көрген Үмітжан Сасанованың «Адам өмірі — ең қажетсіз актив. Бұл рас па?» материалы 3 орынды иеленіп, өз қанжығасына 200 мың теңгені байлады.

«Өмірді сақтандыру-оңай тақырып емес, біз сақтандыру нарығы туралы, оның ішінде өмірді сақтандырудың жинақтаушы бағдарламалары туралы жазатын журналистердің кәсіби жұмысы атап өтілуі тиіс деп есептейміз. Сондықтан біз барлық өмірді сақтандыру Компаниялары арасында бірінші болып ҚР өмірді сақтандыру тақырыбын жария ететін журналистер арасында республикалық байқауды өткізуді шештік. Және бұл тек бастамасы ғана: біз ары қарай жылжуға ниеттіміз және осындай байқауларды өңірлерде өткізуді қарастырып жатырмыз. Біз үшін республиканың барлық аймақтарын қамтып, барлық журналистерге бақ сынауға мүмкіндік беру өте маңызды», - деп түсіндірді компанияның басқарма төрайымы Жанар Жұбаниязова.

Байқаудың негізгі міндеті сақтандыру институтының әлеуметтік маңыздылығын насихаттау және халықтың сақтандыру мәдениетін арттыру, сондай-ақ журналистерді Қазақстанның сақтандыру нарығындағы өзекті проблемаларды жариялауға ынталандыру болды.

Дереккөзі: https://www.halyklife.kz/about/press_center/news/252

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
«Standard Life" ӨСК» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің жаңа құрамы таңдалды
«Standard Life" ӨСК» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің жаңа құрамы таңдалды

Сәйкес шешім осы жылдың 6 сәуір күні Компания а...

Диетолог күзде иммунитетті нығайтуға арналған өнімдерді атады
Диетолог күзде иммунитетті нығайтуға арналған өнімдерді атады

Дәрігер-диетолог, медицина ғылымдарының докто...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру