Өмірді сақтандыру секторы 2019 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша алты сақтандырушымен ұсынылып отыр. Жетінші ойыншы – Ұлттық Банк былтырғы жылдың қараша айында құруға рұқсат берген «Евразия» ӨСК («Евразия» СК еншілес ұйымы) лицензияны тек осы жылдың наурыз айының басында ғана алды, сондықтан жалпы статистиканы құруға қатыспады.
«Өмірді сақтандыру» сыныбы бойынша сыйлықақылар (жылдан жылға) 48,4%-ға немесе 3,2 млрд. теңгеге, 9,9 млрд. теңгеге дейін өсті. 2018 жылдың ақпан айында бұл секторда позицияларды екі компания – 3,6 млрд. теңге сыйлықақылардың мөлшерімен Halyk Life («Казкоммерц-life» портфельін есепке алмай) және 2,1 млрд. теңге құрайтын портфельі «Еуропалық сақтандыру компаниясы» анықтады. Олар өмірді сақтандыру нарығының 84,5% қалыптастырды.
Биылғы жылғы наурыз айына қарай «өмірді сақтандыру» сыныбында жинақтаушы сақтандыруды дамыту есебінен жинақталатын сыйлықақылардың 97% (немесе абсолюттік цифрларда 9,7 млрд. теңге) шоғырландырған үш ірі ойыншы анықталды. Сондай-ақ өмірді сақтандыру бойынша кері динамиканы көрсеткен «Мемлекеттік аннуитеттік компаниядан» басқасы, сыйлықақылардың алымын шағын компаниялар да ұлғайтты.
Halyk Life 4,2 млрд теңге мөлшерінде «өмірді сақтандыру» бойынша сыйлықақысы бар ең ірі сақтандырушы («Казкоммерц-life» портфельін есепке алғанда) болып қалуда. Алайда оның динамикасы 7,6% (жылдан жылға) есеге басқа ӨСК өсімінің көрсеткіштерінен қалып барады. Бұл осы сақтандырушының банк сақтандыру мен серіктес банктің сақтандыру мүдделеріне қызмет ету сегментінде бекітілуін растайды. Керісінше, Nomad Life 2,6 млрд теңге сыйлықақыларын жинап алып, 4,2 есеге керемет өсуін көрсетті. Сыйлықақысының мөлшері 2 млрд теңгеден асқан сақтандырушы «өмірді сақтандыру» сегментінде үшінші компанияға айналды.
Сыйлықақылардың жақсы өсімін (37,9%-ға, 12,9 млрд. теңгеге дейін) қарызгерлердің өмірін сақтандыруды дәстүрлі түрде сататын «Еуропалық Сақтандыру Компаниясы» тіркеді. Сыйлықақылардың 46,5 есеге максималды өсімін Standard Life көрсетті. Алайда сыйлықақылардың жалпы мөлшеріндегі бұл компанияның үлесі өте аз, және нарықтың жалпы жағдайына әсер етпейді. 2018 жылғы ақпан айынан бастап 2019 жылғы ақпан айына дейін Standard Life-тың өмірді сақтандыру бойынша алымдары 3,5 млн теңгеден 165 млн теңгеге дейін өсті.
Аннуитеттік сақтандыру оң нәтижелерін көрсетуін жалғастыруда. 2018 жылғы ақпан айынан бастап 2019 жылғы ақпан айына дейін сектор 71,7%-ға (2,7 млрд. теңгеге) 6,6 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Бүкіл дерлік алымдар 2,1 есе (3 млрд. теңгеге) 5,7 млрд. теңгеге дейін өскен зейнетақы аннуитеттеріне түсіп тұр. Зейнетақы аннуитеттері бойынша ең ірі ойыншы болып Standard Life табылды. Ол 3,3 млрд. теңге сыйлықақыларын жинады, барлық зейнетақы аннуитеттері бойынша жиынтық сыйлықақыларында 57,6% құрап отыр. бір жыл бұрын компания бұл бағыт бойынша мүлдем жұмыс жасамағаны қызық. Сыйлықақыларының мөлшері бойынша екінші орында Nomad Life орналасты. Компанияның портфельі 1 млрд теңгеден асады.
ЖОМС бойынша аннуитет шарттары бойынша сыйлықақылары 25 млн. теңгеге, 734 млн. теңгеге дейін азайды. Аннуитеттік сақтандырудың өзге түрлері плюсқа шыға алмай, екі есеге, 188 млн теңгеге, 203,8 млн. теңгеге дейін қысқарды. ЖОМС бойынша аннуитеттері шарттары бойынша ең ірі сақтандырушы болып 2019 жылғы наурыз айындағы жағдай бойынша бір жыл бұрын 1,2 млрд. теңгемен салыстырғанда 1,7 млрд. теңге жинап алған Nomad Life болып табылады. Оның портфельі бір кезеңде 122 млн. теңгеден 874 млн. теңгеге дейін ұлғаяды. Halyk Life 2019 жылғы наурыз басындағы жағдай бойынша 1,9 млрд. теңгені («Казкоммерц-life» портфельін есепке алғанда) жинады. Егер бір жыл бұрын Halyk Life өз портфельі 1,2 млрд теңгені құрағаның назарға алатын болсақ, оған қоса 1,3 млрд. теңге «Казкоммерц-life» портфельіне шақ келген екен, ЖОМС бойынша Halyk Life бірлескен портфельі бұл жылда «отырып қалды».
«Жазатайым оқиға» (ЖО) және ерікті медициналық сақтандыру (ЕМС) сияқты сақтандырудың сыныптары бойынша сыйлықақыларға келетін болсақ, мұнда өмірді сақтандыру компаниялары нық орныққан екен. ЖО бойынша жиынтық сыйлықақылары 1,9 млрд. теңгені құрады (29% немесе 445 млн. теңгеге дейін), оның ішінде түсімдердің 60,8% ӨСК өзі қамтамасыз еткен.
Nomad Life 731 млн. теңге жинады, барлық сақтандыру ұйымдарының арасында бұл ең үздік көрсеткіш болды. Екінші орынға 705 млн. теңге жинаған Halyk Life ие болды, үшінші орынға «Евразия» СК (616 млн. теңге) иеленді. «Еуропалық сақтандыру компаниясы» 431 млн. теңге жинап алып, төртінші орынды иеленді. Осы түрі бойынша ең ірі сақтандырушылардың топ-3 сыйлықақылардың 67% (1,3 млрд. теңге) жинайды. Топ-4 1,7 млрд. теңгені жинап отырып, сыйлықақылардың 89% шоғырландырады.
Ерікті медициналық сақтандыру (ЕМС) өмірді сақтандыру компанияларында аса жоғары сұранысқа ие болмайды. 2019 жылғы наурыз басындағы жағдай бойынша сыйлықақыларды үш ӨСК жинады, бір жыл бұрын төрт ӨСК жнаған еді. Жалпы сыйлықақылардағы ӨСК үлесі аса маңызды емес. 2019 жылғы наурыз басындағы жағдай бойынша ЕМС бойынша жиынтық сыйлықақылары 23%-ға немесе 1,8 млрд. теңгеге, 9,6 млрд. теңгеге дейін өсті.
Сонымен қатар ӨСК 2019 жылғы қаңтар айынан бастап тәжірибеге енген шетелге кететін адамдарды сақтандыру – жаңа бағытты меңгеруге енді ғана кірісті. Сыйлықақыны әзірше екі ӨСК жинап отыр: Halyk Life (76 млн. теңге) және Freedom Finance Life (54 млн. теңге). Сектордың өзі төменгі базаның тиімділігін көрсете білді және осының арқасында жылдың басынан 88%-ға 437 млн. теңгеге дейін өсті.
ӨСК тұрғысынан сыйлықақылар 41%-ға, 22,7 млрд. теңгеге дейін, ал төлемдер бойынша шығындар 8,8%-ға 3 млрд. теңгеге (жылдан жылға) өсті.
Өмірді сақтандыру компанияларының активтері жылдың басынан 331,7 млрд. теңгені құрап, аса өсе қоймады. Кері динамиканы тек қана «Мемлекеттік аннуитеттік компания» көрсетті. Дегенмен 2018 жылғы осыған ұқсас кезеңмен салыстырғанда, ӨСК активтері 18,6%-ға ұлғайды.