bs-preloader__icon
ru kz en

Яндекс.Такси Қазақстанда жолаушылардың өмірі мен денсаулығын сақтандырады

Яндекс.Такси жолаушылар мен жүргізушілердің өмірі мен денсаулығын 2,5 млн теңге сомаға сақтандырды, деп inAlmaty.kz хабарлайды.
Яндекс.Такси Қазақстанда жолаушылардың өмірі мен денсаулығын сақтандырады

Яндекс.Такси серіктестермен бірге сервис жұмыс істейтін Қазақстанның барлық 20 қаласында жолаушылар мен жүргізушілердің өмірі мен денсаулығын сақтандырудың өз бағдарламасын іске қосты. Сақтандыру Яндекс.Такси қосымшасы арқылы тапсырыс берілген барлық сапарларға автоматты түрде таратылады.

Бағдарлама бойынша максималды өтемақысы 2,5 млн теңгені құрайды. Бұл сомаға сапар уақытына жүргізуші де, көлікте отырған әрбір жолаушы да сақтандырылады. Бағдарламаның алғашқы серіктестер Amanat ж «Казахинстрах» компаниялары болды.

«Біз Қазақстанда жолаушылар мен жүргізушілердің өмірі мен денсаулығын сақтандыратын таксиге тапсырыс берудің алғашқы онлайн-сервисі болдық. Республикадағы заңнама бізден бұны талап етпейді, бірақ пайдаланушылар және жүргізушілер өздерін қорғалған етіп сезінгенін қалаймыз. Әрбір жергілікті компаниялардың қолынан мұндай жобаларды іске асыру келе бермейді, бірақ біз ірі халықаралық платформа жасай аламыз, және мұнда ерікті болса да өз жауапкершілігімізді көріп отырмыз», – дейді Яндекс.Такси Орталық Азиядағы нарықтарды дамыту жөніндегі атқарушы директоры Тамирлан Шапиев.

ЖКО (ДТП) жағдайында жолаушылар мен жүргізушілер қосымша арқылы Яндекс.Такси қолдау қызметіне хабарласу керек. Олар сапарды сақтандырған компанияның байланыс нөмірлерін және не істеу керектігі туралы толық нұсқаулықты алады.

Пайдаланушылар үшін сапар құны қымбаттамайды: серіктес-сақтандырушыларға барлық төлемдерді Яндекс.Такси өз есебінен өтейтін болады.

Дереккөзі: https://www.inalmaty.kz/news/2144330

Фото tavio.ru, kuzrab.ru сайттарынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Емдәмнің көмегімен белсенділік пен денсаулықты қалай сақтауға болады
Емдәмнің көмегімен белсенділік пен денсаулықты қалай сақтауға болады

Адамның калорияға деген тәуліктік қажеттіліг...

Шетелдегі жоғары білімнің құны аталды
Шетелдегі жоғары білімнің құны аталды

Қолда бар отбасылық бюджетте баланы жоғары бі...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру