Егер сақтандыру сегменттері туралы айтатын болсақ, жиынтық сыйлықақылардың өсіміне елеулі үлесті өмірді сақтандыру секторы қосты. Он айдың қорытындысы бойынша жылдық көріністе ол 73,4 млрд теңгеге жетіп, 22,9%-ға өскен. Өмірді сақтандыру бойынша сыйлықақылардың максималды портфелі «Halyk life» ӨСК-да.
2020 жылдың он айының қорытындысы бойынша ӨСК-ның портфелі жылдық көріністе 1,2%-ға дейін өсімді үдетіп, 30 млрд теңгеден асты. Сыйлықақылар динамикасының үдеуі, алайда, «Halyk life» ӨСК-ға өмірді сақтандыру секторында нарықтың үлесін ұстап тұруға көмектесе алмады. Он айдың қорытындысы бойынша үлес 41%-ға дейін қысқарған.
Өмірді сақтандыру секторында портфель көлемі бойынша екінші позицияны «Nomad Life» ӨСК алады. 2020 жылдың қаңтар-қазанының қорытындысы бойынша компания 23,9 млрд теңге жинап, 143,8%-ға дейін сыйлықақылардың динамикасын ұлғайтты. Үдеу «Nomad Life» ӨСК-ға өмірді сақтандыру секторында 32,6%-ға дейін нарықтық үлесін ұлғайтуға мүмкіндік берді.
«Еуропалық сақтандыру компания» (ЕСК) ӨСК өмірді сақтандыру сегментінде үшінші ірі ойыншы болып қалады. 2020 жылдың он айының қорытындысы бойынша ӨСК 14 млрд теңге жинап, 21,5%-ға (жылдан жылға) сыйлықақылар жинауды жоғалтты. Сыйлықақылардың теріс динамикасы нарықтың бөлігін жоғалтуға әкелді. Өмірді сақтандыру бойынша ӨСК-ның жиынтық сыйлықақыларында ЕСК-ның үлесі 19,2%-ға дейін төмендеді.
Сыйлықақылардың жоғары динамикасын «Standard Life» ӨСК көрсетуді жалғастыруда. Қаңтар-қазанда өмірді сақтандыру сегментінде сыйлықақылардың өсімі 79%-ды (жылдан жылға) құрады, қаңтар-қыркүйекте ӨСК-ның сыйлықақылары жылдық көріністе 78,4%-ға өскен. 2020 жылдың он айы ішінде «Standard Life» ӨСК 1,26 млрд теңге сыйлықақы жинады. Өмірді сақтандыру бойынша сыйлықақылардың тұрақты жинағы бүткіл нарықтың күш салуымен, ӨСК-ның жиынтық сыйлықақыларында 38%-дан 40,9%-ға дейін (жылдан жылға) сегмент үлесінің өсіміне әкелді.
2020 жылдың он айының қорытындысы бойынша аннуитеттік сақтандыру сыйлықақылардың оң динамикасын сақтап тұр. Жылдық өсім абсолюттік цифрлармен 62,3 млрд теңгеге жетіп, 6,6%-ды құрады. Дегенмен, өмірді сақтандыру сегментімен салыстырғанда аннуитеттік сақтандыруда сыйлықақылардың баяу өсуі ӨСК-ның жиынтық сыйлықақыларында аннуитеттік сақтандыру портфелі үлесінің төмендеуіне әкеледі. 2020 жылдың он айының қорытындысы бойынша аннуитеттер үлесі 2019 жылдың осы кезеңінің 37,3%-ына қарсы 34,7%-ды құрады.
Аннуитеттік сақтандырудың құрамына кіретін зейнетақы аннуитеттер 2020 жылдың қаңтар-қазанында 7,6% (жылдан жылға) батыл өсімді көрсетті. Зейнетақы аннуитет бойынша ӨСК-ның жиынтық портфелі 57,4 млрд теңгені құрады және ӨСК-ның жиынтық сыйлықақыларында бір жыл бұрынғы 34%-ға қарсы 32%-ды алады.
Зейнетақы аннуитеттер сегменті және аннуитеттік сақтандыру секторының көшбасшысы болып «Nomad Life» ӨСК қалады. 2020 жылдың қазанының аяғына аннуитеттік сақтандыру бойынша ӨСК-ның портфелі осы сегменттің 36%-ын алып, 22,4 млрд теңгені құрады. Зейнетақы аннуитеттер бойынша «Nomad Life» ӨСК-ның портфелі дәл осы күнге 21 млрд теңгені құрады, бұл зейнетақы аннуитеттер сегментінің 36,7%-ын құрайды.
Портфельдер көлемі бойынша екінші орын - «Halyk life» ӨСК-да. 2020 жылдың қазанының аяғына компания аннуитеттік сақтандыру бойынша 14,9 млрд теңге (осы сақтандыру сегментінің 23,9%-ын алады) және зейнетақы аннуитеттер бойынша 13 млрд теңге (осы сегменттің 22,8%-ын алады) сыйлыақақы жинады.
2020 жылдың он айының қорытындысы бойынша аннуитеттік сақтандыру бойынша ӨСК ірі үштігінде «Евразия» ӨСК кірді. Компанияның аннуитеттік сақтандыру бойынша портфелі 8,1 млрд теңгеге дейін өсті және аннуитеттік сақтандыру сегментінде 13%-ды алады. «Евразия» ӨСК-ның зейнетақы аннуитеттер бойынша портфелі 7,89 млрд теңгеге жетті, бұл сегментте 13,7% үлесті алады.
2020 жылдың он айының қорытындысы бойынша «Жұмыс берушінің жауапкершілігі аннуитеттері» (ЖЖА) класы бойынша сыйлықақылар төмендеуін қысқартты. Бұл сегментте ӨСК-ның жиынтық портфелі 11,9%-ға (жылдан жылға) төмендеді, ал тоғыз айдың қорытындысы бойынша түсім 17,4%-ды (жылдан жылға) құраған. ЖЖА бойынша ӨСК-ның ақшалай көрінісінде жинағы 3,58 млрд теңгені құрады.
2020 жылдың он айының қорытындысы бойынша ЖЖА сегментінде көшбасшы болып «Nomad Life» ӨСК қалады. Компанияның портфелі 1 млрд теңгеден асып түсті, сол арқылы ЖЖА сегментінде компанияның нарықтық үлесін 30,1%-ға ұлғайтты. Екінші орынды «Halyk life» ӨСК алып отыр. Бұл сегментте компанияның портфелі сондай-ақ 1 млрд теңгеге дейін өскен, ал нарықтық үлесі ЖЖА сегментінің 29,1%-ына дейін бекінді.
Үшінші орында - «KM Life» ӨСК. 2020 жылдың он айының қорытындысы бойынша оның портфелі 368,7 млн теңгеге дейін өсті, ал нарықтық үлесі 10,3%-ды құрады, бұл тоғыз айдың қорытындысы бойынша, ЖЖА сегментінде үлесі 10,5%-ға теңескен кездегіден сәл ғана аздау.
«Аннуитеттік сақтандырудың өзге түрлері» сегменті 2020 жылдың он айының қорытындысы бойынша жылдық көріністе 29,7%-ға сыйлықақылардың жоғары өсімін көрсетті. ӨСК-ның жинағы 1,3 млрд теңгеден асқан. Бұл сегментте жетекші рөл екі компанияға тиесілі. «Halyk life» ӨСК 800,9 млн теңге сыйлықақы жинады, алайда қаңтар-қыркүйектегі 64,7%-ға қарсы 60,2% дейін сегментте нарықтық үлесін қысқартты. «Nomad Life» ӨСК 287,8 млн теңге сыйлықақы тартты және сегменттің 21,6%-ын алады. Басқа ӨСК-ның сыйлықақыларының өсуі есебінен, 2020 жылдың қаңтар-қазанының қорытындысы бойынша сегментте көшбасшы-компаниялардың үлесі қаңтар-қыркүйектегі 89,4%-ға қарсы 81,8%-ға дейін қысқарды.
Үшінші орында позицияларды нығайтуды «KM Life» ӨСК жалғастыруда. 2020 жылдың он айы ішінде ол қаңтар-қыркүйектегі 66,4 млн теңге сыйлықақыларға қарсы 187,2 млн сыйлықақы жинады. Нәтиже ӨСК-ға сегментте қаңтар-қыркүйектегі 6%-дан 14,1%-ға үлесті ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Сегменттің төртінші елеулі ойыншысы - «Freedom Finance Life» ӨСК кезеңнің қорытындысы бойынша нарықтық үлесті қаңтар-қыркүйектегі 4,2%-ға қарсы 3,5%-ға дейін қысқартты. Абсолюттік цифрлармен компанияның портфелі 46 млн теңгені құрады.
ӨСК жинайтын жазатайым оқиғадан (ЖО) сақтандыру бойынша жинақтар айтарлықтай өсімді көрсетуді жалғастыруда. 2020 жылдың он айы ішінде бұл сегментте ӨСК-ның жиынтық сыйлықақылары 11 млрд теңгеден асып түсті, ол 2019 жылдың қорытындысына 40%-ға көбірек.
Сыйлықақылардың 750%-ға (жылдан жылға) максималды өсімін 240,3 млн теңгеге дейін портфельді ұлғайтып, «Nomad Life» ӨСК көрсетті. Сыйлықақылардың тағы жоғары өсімі «Freedom Finance Life» ӨСК-да (409,21%). Компанияның портфелі 2,7 млрд теңгеге жеткен, нәтиже ӨСК-ға 24,6% нарықтық үлеспен ЖО сегментінде екінші орынды ұстап тұруға мүмкіндік береді.
2020 жылдың он айының қорытындысы бойынша бірінші орында «Halyk life» ӨСК-да. Ол 2,8 млрд теңге сыйлықақы тартты, алайда олардың динамикасын баяулатты. Осы себеппен компанияның нарықтық үлесі ӨСК бойынша ЖО бойынша жиынтық сыйлықақыларда 25,7%-ға төмендеген. 2020 жылдың он айының қорытындысы бойынша үшінші позицияға ЕСК ӨСК шықты. 2020 жылдың қаңтар-қазанында ол 19,1%-ға дейін нарықтық үлесін ұлғайтып, 2,1 млрд теңге жинады және 2 млрд теңге сыйлықақы тартқан және ӨСК бойынша ЖО сегментінің 18,4% үлесін алған «KM Life» ӨСК-ын озды.
2020 жылдың қаңтар-қазанының қорытындысы бойынша ӨСК бойынша ЖО сақтандыру секторының шоғырлануы ӨСК-ның көшбасшылар үштігі сыйлықақылардың 69,4%-ын жинаған кездегі, қаңтар-қыркүйектің қорытындысына ұқсас болып қалды. Бірақ 2019 жылдың осы кезеңінің қорытындысына сегментте шоғырлануы қатты төмендейді: ол кезеңде сегменттің көшбасшы-компаниялардың үштігі сыйлықақылардың 99,4% жинаған.
2020 жылдың он айы ішінде ӨСК бойынша ауыру жағдайына сақтандыру бойынша (ЕМС) сыйлықақылар жылдық көріністе өте жылдам қарқынмен өсуді жалғастырды және 1 млрд теңгеден асып, 6601,5%-ға өсті. Сегменттің өсуіне басты үлесті «KM Life» ӨСК қосты.
Компанияның портфелі 1 млрд теңгеге дейін ұлғаяды және сыйлықақылар сегментінің 94,7%-ын жинақтады. 2020 жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда «KM Life» ӨСК-ның нарықтық үлесі басқа компаниялардың пайдасына төмендеді. Осылайша, ЕСК ӨСК-ның үлесі 1,88%-дан 2,97%-ға өсті, «Freedom Finance Life» ӨСК-ның үлесі тиісінше 1,28% деңгейде қалды.
«Жұмыскерді еңбек міндеттерін атқарған кезде жазатайым оқиғалардан сақтандыру» (ЖОМС) секторында сыйлықақылар баяу динамиканы көрсетуді жалғастыруда және 2020 жылдың он айының қорытындысы бойынша жылдық көріністе 31,4 млрд теңгеге дейін 2,6%-ға өсті.
ЖОМС бойынша 8,16 млрд теңгеде ең үлкен портфель «Nomad Life» ӨСК-да, бұл ЖОМС бойынша жиынтық сыйлықақыларда 25,9%-ға дейін сегментте нарықтық үлесін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Екінші орында 6,89 млрд теңге сыйлықақы жинаған «Halyk life» ӨСК, бірақ оның сегментте нарықтық үлесі 21,9%-ға дейін қысқарды. Үшінші позицияны 4,9 млрд теңге портфельмен «Евразия» ӨСК алып отыр, ол ЖОМС сегментінде нарықтық үлесті 15,8%-ға дейін төмендетті.
2020 жылдың қаңтар-қазанының қорытындысы бойынша ӨСК-ның жиынтық активтері 573,4 млрд теңгеге дейін 40,2%-ға (жылдан жылға) өсті. Сақтандыру резервтері 25,2%-ға ұлғайып, 404,9 млрд теңгені құрады. ӨСК-ның меншікті капиталы 107,4 млрд теңгеге дейін 55,6%-ға (жылдан жылға) өсті.
Сурет ашық дереккөздерден