TD Ameritrade брокерлік компаниясының жүргізілген сауалнаманың мәліметтері бойынша 1981 ж. және 1996 ж. арасында туған әрбір екінші американдық миллениал бір күні миллионер болады деп есептейді. Әрбір бесінші осы жағдайға 40 жасқа толғанда жетеді деп ойлайды.
Бірақ Брукингс институтының зерттеуі бұл жастық оптимисттілікті теріске шығарады.
Статистикалық деректерге сәйкес қазіргі заманғы 35 жастағы адамдардың буыны 1989 ж. бастап 2007 ж. дейінгі қандай да бір жылда дәл осындай жастағы адамдарға қарағанда едәуір кедейірек болады. 2008-2009 жж. дағдарыс миллениалдарға ерекше соққы жасады. Егер 2016 жылы 20 жастан бастап 35 жасқа дейін адамдардың дәулеттілігін салыстыратын болсақ, ол 2007 жылы осыған ұқсас жасқа қарағанда, едәуір төмен болған.
Әрине, қазіргі жастардың алдыңғы ұрпақпен салыстырғанда, еңбек нарығында белгілі бір артықшылықтары бар: кем дегенде, олардың білімі жақсырақ. Алайда бұл ретте аналитиктердің мәліметтері бойынша оларда несиелік қарыздың ең жоғары дәрежесі бар.
Сонымен қатар миллениалдарға өз зейнетақысын қаржыландырылуына негізгі жауапкершілік жүктеледі, ал алдыңғы буындар өкілдері зейнетақыны қалыптастыратын басқа дереккөздерге белгілі дәрежеде сене алады.
Бүгінгі таңда көптеген жас қызметкерлер «кездейсоқ» жұмыстарда қызмет атқаруды. Сондай-ақ бізді әлдеқайда қиын экономикалық жағдай күтуде, экономиканың өсу қарқыны бұрыңғысына қарағанда төмен болады.
Брукингс институтының зерттеуі ағымдағы жұмысқа қабілетті адамдардың болашақ зейнетақысына дабыл қағып отырған алғашқы зерттеу емес. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының мәліметтері бойынша бүкіл әлем бойынша миллениалдардың аздаған пайызын «орташа тап» ретінде санауға болады. 35+ жастан асқан қазіргі заманғы санаулы адамдарда дәл осындай жастағы алдыңғы буындармен салыстырғанда, өз үйлері бар.
Дегенмен көптеген жастар оптимисттілікті көрсете біледі. TD Ameritrade жүргізген сауалнамасы бойынша 70% артық ерлер (35+) күннің бір күнінде олар миллионер болады деп айтады. Әйелдердегі сенімділік 40% деңгейінде ғана.
Миллениалдар зейнетақыға орташа есеппен алғанда 36 жасында жинақтауды бастайтындығын күтуде, ал бұл қаржы сарапшылар ұсынғаннан да кешірек болады. Қаржылық жоспарлау қағидасы: зейнетке ақшаны неғұрылым ерте жинап бастасаңыз, бұл сома қаншалықты төмен болса да, соғұрылым дұрыс болады. Бұның мәні жинақтардың күрделі пайызында, жинақтардың әрбір пайызына үстеме пайыздар есептелінеді.
Өзінің жеке зейнетақы капиталының қаржылық жоспарлауы мен қалыптасуы жолында негізгі мәселе ойлауға кеп тіреледі. Көптеген адамдар «менде артық ақшам жоқ, менің табысым аз, сондықтан мен ақшаны жинай алмаймын».
Осында адамдардың көбісі жылдар бойы шыға алмай жүретін негізгі ментальді тұзақ бар.
Одан қалай шығуға болады?
Сіздер айына тіпті 30 мыңнан жинап отырсаңыз да, олардың жиналып тұрғаның көріп отырасыз, бұл Сізде одан да көп ақшаны жинақтау ниеті пайда болады. Ал алғашқы миллионды жинап болған кезде, тәбетіңіз ашылып, ақшаны жинау керемет бір әдетіңізге айналады, бұл әдет болашақта күрделі пайыздың арқасында Сізге қомақты капиталды бере алады.
Дереккөзі: https://enpi.kz/mezhdunarodniy-opyt/neopravdannyiy-yunosheskiy-optimizm-35-letnih