bs-preloader__icon
ru kz en

Қайтыс болған кеншілердің отбасыларына кім қамқор болады – нарық немесе мемлекет?

«Евразия» СК-ның Басқарма төрағасы Борис Уманов Forbes.kz-ке қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы (ЖОМС) мақала жазды.
Қайтыс болған кеншілердің отбасыларына кім қамқор болады – нарық немесе мемлекет?

Жылдар өтуде – технологиялар дамып жатыр, ал кеншілер, сонымен қатар тек Қазақстанда ғана емес, өмірін құрбан етуде. Өкінішке орай, пайдалы қазбаларды өндіру адамдардың қаза болуымен қатар жүреді. Сіз қолыңызда ұстап отырған смартфонның, атап айтқанда оның өндірісі кезінде пайдаланылатын металлдың артында мүмкін біреудің өмірі бар.

БАҚ ТЖМ-ға сілтемемен ең аз ақпаратты құрайтын хабарламаны таратты:  «Ленин шахтасында газ атындысы болды, бесеуі қайтыс болды, 106 адам эвакуацияланды». Газ атындысы дегеніміз не және қаза болған және эвакуацияланған адамдардың құрғақ цифрларының артында не тұр?

Метан – кез-келген шахтадағы басты дұшпан, ол тіпті белгілі бір шоғырлану кезінде үлкен емес ұшқыннан тұтануы мүмкін. Осының себебінен кенжардың құлауымен және көптеген құрбандармен үлкен жарылыс болады. Шахталардағы ауада метанның мөлшерін бақылау үшін газталдағыш және сорғы жүйені пайдаланады.

Шахтадағы газдың шығарылу табиғаты әлі күнге дейін түсініксіз және соңына дейін зерттелмеген. Кенжардағы кеншілер қойнауқатқа түсуі мүмкін, ол жерде жоғары қысымдағы метан бар. Бұл зақымдалған кезде бір сәтте жарылатын, қайнап жатқан жылдам қайнатқыштың ашылуына ұқсас. Бұл жерде қысымның күрт өзгеруінен шамамен осындай оқиға болады.

Атынды айтарлықтай қираусыз, қуаттылығы жағынан үлкен емес болуы мүмкін. Алайда метанның жарылыс қаупі болғанмен, ол сонымен қатар улы. Жоғары шоғырлану кезінде 5-6 дем алу бір сәтте қайтыс болуға әкелуі мүмкін.

Эвакуацияланған кеншілер арасында ықтималдықтың жоғары үлесімен қандай-да бір бөлігі метанмен улануды алды, оның салдарынан ол дені сау адамның ми тіндерінің семуіне алып келуі мүмкін. Уланған адам үшін және көп жылдан кейін де салдары ең ауыр болуы мүмкін, тіпті сал ауруы және мидың когнитивтік қызметін жоғалтуы.

Лениннің қарғысы

Шахтинскідегі Ленин атындағы шахта 1964 жылы іске қосылған, оның кенжары ұдайы түрлі апаттармен және құрбандармен ілесіп жүрді. Оны пайдалану уақытында шахтада барлығы 71 адам қайтыс болды.

Қайтыс болған құрбандары бар бірінші оқиға 1978 жылы болды. Содан кейін 1985 жылы ірі оқиға орын алды, ол кезде де құрбандар болды. Тәуелсіздік алғаннан кейін және тоқсаныншы жылдары жекешелендіргеннен кейін адамдардың қаза болуына әкелген, тағы бірден үш оқиға орын алды – 1995, 1998 және 1999 жылдары.

Бірақ ең қорқынышты қасірет 2006 жылы қыркүйекте болды. Ол бір мезетте қырықтан астам адамның өмірін әкетті және біржола олардың жүздеген жақындарының өмірлерін өзгертті.

Шахтинск апаты

2006 жылы 20 қыркүйекте Ленин атындағы шахтада Қазақстанның бүткіл көмір өнеркәсібінің тарихындағы ең ірі техногендік апаттардың бірі болды. Ол кезде метанның жарылысы нәтижесінде 41 тау-кенші қайтыс болды, тағы 13 адам жарақат алды, оның нәтижесінде өмір бойы еңбекке қабілеттіліктен айырылды.

Апаттың себебі бәлкім қауіпсіздік техникасын бұзу болған шығар, алайда негізгі кінә дәл осы жұмыс беруші - «АрселорМиттал Теміртау» көмір департаментінің мойнында.

Мемлекеттік комиссия болған оқиғаға 22 адам, оның ішінде бірінші басшылар кінәлі деген қорытындыға келді. Учаскеге тікелей басшылық еткен алты қызметкерлерге бірнеше жылға жаза белгіленді.

Ол жылдары жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырумен жалпы сақтандыру бойынша компаниялар айналысқан, қазір мұны өмірді сақтандыру компаниялары жасайды. Қайтыс болған және зардап шеккен адамдардың отбасыларына төлемдерді сол кезде мен басқарған «Евразия» сақтандыру компаниясы жүргізді.

Біз үшін бұл өте үлкен қасірет және ауыр сабақ болды. Мән-жайлары мен егжей-тегжейін біздің компаниямызда әлі талқылаймыз.

Барлығы қайтыс болғандардың отбасылары сақтандыру компаниясынан 216 млн теңге, немесе 2006 жылғы бағам бойынша $1,6 млн алды. Бір отбасына орташа төлемнің мөлшері шамамен 39 мың долларды құрады. Белгіленген мүгедектіктер бойынша кеншілер 227 млн теңге алды. Өмір бойылық төлемдер жалғасып келеді, бүгінгі күні зардап шеккендер мен олардың отбасылары «Евразия» СК-нан шамамен $50 млн сақтандыру төлемдерін алды.

Апат болған күннен бастап міне он алты жыл өтті, және осы уақыт ішінде зардап шеккен отбасылардан бірде-бір шағым түскен жоқ. Тиісінше, осы төлемдер біздің компаниямыздың қызмет ету мәні болып табылады.

Өмір сабақтары

Бүгінгі күні қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандырумен (ЖОМС) өмірді сақтандыру компаниялары айналысады. Соңғы 15 жылда өмірді және денсаулықты сақтандырудың осы санатында ережелер мен заңнамалық реттеу кейде жақсы жаққа қарай, кейде керісінше өзгеріп отырды.

Мамандықтардың қауіпті санаттарын жіктеу бойынша соңғы өзгерістерді ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі жарты жыл бұрын іске асырды. Қауіпті мамандықтардың бір бөлігі кәсіби тәуекелдерді ескеріп, неғұрлым маңызды сақтандыру өтемін алды және бұл дұрыс.

Еңбек қауіпсіздігінің нормаларын сақтауға талаптар мен бақылау да өсуде. Егер 15-20 жыл бұрын Қазақстандағы шахталар жәй ғана жарылса, соңғы жылдары ондай жоқ. Апаттар өкінішке орай болады және бұл бәрімізді үлкен жұмыс күтіп тұр деген сөз.

Таяудағы он жылдықтарда тіпті автоматтандыру және роботтандырудың артушы деңгейін ескере отырып, қауіпті кәсіптер ешқайда кетпейді. Соған қарағанда, кенші жолын отандастарымыздың әлі бірнеше ұрпағы таңдайды.

Қазіргі таңда сақтандыру нарығының ардагерін не мазалайды? Кейбір министрліктердің әңгімелерінде шенеуніктер өндірісте зардап шеккен қызметкерлерді кеңестік әлеуметтік қорғау жүйесіне қайтаруды талқылауда. Алайда бұл шенеуніктердің сол жүйенің нақты қалай қызмет еткені жөнінде ешқандай хабары жоқ, атап айтқанда – кеңестік мемлекет қалай жұмыскерлерді пайдаланып және егер олар өндірісте зақымданса, оларға тиын төлегені жөнінде білмейді.

Менің ойымша, сақтандыру компанияларына қазіргі бар құқықтар мен міндеттерден көбірек құқықтар мен міндеттерді беру қызметкерлер мен мемлекеттің мүддесінде. Бәсекелестік пен нарықтық экономика жағдайында қазіргі кеншілердің ғана емес, сонымен қатар олардың немелерінің және шөберелерінің құқықтары да ең жақсы жолмен қорғалады және қорғалатын болады.

Әрине, жұмыс беруші қызметкерлерді сақтандыруы тиіс, сақтандыруды бақылауды – мемлекет жүзеге асырады, ал зардап шеккендер мен олардың отбасы мүшелеріне төлемдер жүргізуді жеке сақтандыру компаниялары тиіс. Олай болмаған жағдайда, біз жүздеген отандастарымыздың өмірі мен денсаулығын құрбан еткен жағдайлардан сабақ ала алмау қаупі бар.  

Дереккөзі: https://forbes.kz/finances/insurance/kto_pozabotitsya_o_semyah_pogibshih_shahterov_ryinok_ili_gosudarstvo/

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Экстремалды аттракциондар адамдарды қуантады- дейді ғалымдар
Экстремалды аттракциондар адамдарды қуантады- дейді ғалымдар

Питтсбург Университетінің когнитивті невроло...

Өмірді сақтандыру дегеніміз не?
Өмірді сақтандыру дегеніміз не?

Пандемия COVID-19 көптеген американдықтарды қайт...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру