Сақтандыру нарығында түбегейлі өзгерістер орын алуда. Сақтандырушылар мен Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы (ҚҚҚ) барлық ұсыныстары қабылданса, қазақстандықтар өмірді сақтандыру компаниялармен (ӨСК) бірге өмірді жинақтаушы сақтандыру бойынша сыйлықақыларды басқаруға қатыса алады. «НОМАД LIFE» ӨСК басқарма төрағасы, сақтандыру заңнамасына өзгерістер енгізу туралы жұмыс тобының қатысушысы Қайрат Чегебаев «Kapital.kz» бизнес-ақпараттық орталығының тілшісіне берген сұхбатында, жақында Unit-linked сияқты өнімнің пайда болу мүмкіндігін айтты. Сондай-ақ, ҚҚҚ алаңында Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорында (СТКҚ) өмірді сақтандыру компанияларының жарналарын шегеру мәселесі талқыланды.
- Қайрат Садырбаевич, сіз сақтандыру заңнамасына өзгерістер енгізу туралы жұмыс топтарына қатысасыз. Қандай бастамалар талқылануда?
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алға жылжып, дұрыс жүріп жатыр. Мысалы, жақында Салық кодексіне түзетулер енгізілді, оларға сәйкес өмірді жинақтаушы сақтандыру бойынша салық тетігі түзетілді - қосарланған салық салу тәуекелі алынып тасталды, мұнда екінші деңгейдегі банктердің салымдарына салық салу сияқты принцип қолданылды.
Сақтандырылушының инвестицияларда қатысуымен өмірді жинақтаушы сақтандыру - Unit-linked сияқты өнімді енгізу туралы талқыланады. Бұл әлемдегі ең танымал сақтандыру өнімі. Дамыған елдерде Unit-linked өмірді сақтандыру нарығының жиынтық үлесінің орта есеппен 60% құрайды. Бүгінгі таңда Unit-linked өнімнің дамуына бірнеше кедергі бар. Қаражатты инвестициялау басқарушы компанияларды тартумен шектеледі, бұл өнімнің өзіндік құнын айтарлықтай арттырады (бастапқы инвестициялар және қызметтер құны). Осыған байланысты өмірді сақтандыру компанияларына инвестициялық портфельді басқаруға лицензия алу құқығы беріледі деп сенеміз. Өмірді сақтандыру саласына әсер ететін пруденциялық нормативтерді қайта қарау қажет. Қазақстан Ұлттық Банкі бұл мәселелерді шешуге ниетті.
— Сақтандырушылар клиенттері бұл өзгерістерді қалай сезінеді?
— Активтерді басқару тәсілі түбегейлі өзгереді. Полис бойынша сыйлықақы екі бөлікке бөлінеді: жинақтаушы және сақтандыру бөліктеріне. Жинақтаушы компонент клиент өзі таңдаған инвестициялық стратегияға сәйкес индекстеледі. Активтерді бөлек есепке алу жүргізіледі. Сақтандыру сыйлықақысы мен жинақталған активтер сақтанушыға меншік құқығында тиесілі болады. Бұл өнім толығымен транспарентті. Unit-linked енгізілуі Қазақстан қор нарығының дамуына серпін береді, әлемдік тәжірибеде өмірді сақтандыру компаниялары экономикадағы институционалдық жобаларды қаржыландыру үшін пайдаланылатын «ұзын» және салыстырмалы арзан құралдардың негізгі көздерінің бірі болып табылады.
Бұл өте елеулі өзгерістер, өйткені оларды енгізген кезде Азаматтық кодекске және сақтандыру қызметін және бағалы қағаздар нарығын реттейтін бірқатар заңнамалық актілерге түзетулер енгізілетін болады.
— Менің білуімше, кепілдік жүйесі де өзгерістерге ұшырайды?
— Қазіргі кезде 60 мыңнан астам адам ӨСК-дан тұрақты төлемдер алады, олар зейнеткерлер, өндірісте қайтыс болған жұмысшылардың отбасылары және мүгедектер. Осы келісімшарттардың әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, сондай-ақ ұзақ мерзімді төлемдерді ескере отырып, заң жобасымен кепілдік беру жүйесіне сақтандыру төлемдерінің үздіксіздік және уақтылық кепілдіктерін енгізу қарастырылған. Қазіргі кезде КСТҚ жүйесімен «Жалпы сақтандыру» саласы бойынша тек жауапкершілікті міндетті сақтандыру қамтылады.
Біз Ұлттық Банктің өмірді сақтандыру компанияларын кепілдік жүйесіне қосу туралы ұсынысын қолдаймыз. Өмірді сақтандыру нарығының прогрессивті дамуының пайдасына тағы бір фактор кепілдік берудің жаңартылған жүйесі болуы мүмкін деп үміттенеміз.
Кепілдік беру, бөлек есеп беру – ӨСК ұстанымдарын нығайту бағытында тұжырымдамалық және жаһандық өзгерістер болып табылады. Бұл бастама, оны жүзеге асыру арқылы зейнетақы реформасы шеңберінде ӨСК-ны жинақтау институты ретінде қатысуға оң әсерін тигізеді.
— Қазіргі кезде сақтандырушылар онлайн-сақтандыруды енгізу туралы мәселені белсенді талқылайды ... 2018 жылы бұл формат іске қосылады деп болжануда ... Бұл талқылауда біршама ілгерілеу бар ма?
— Нарықта сақтандырушылар мен сақтанушылар арасындағы өзара әрекеттесудің осы форматының дамуына қажеттілік бар екенін нақты түсінушілік бар. Банк нарығы ұзақ уақыт бойы онлайн-операцияларды жүргізіп келеді. Біз, ӨСК клиенттері ұзақ мерзімге (өмір бойы) мерзімге келісімшарт жасасқанда, сондай-ақ келісімшарттарға онлайн режимінде өзгертулер енгізе алуын қалаймыз, бірақ қазір олар кеңсеге әр кез келіп, уақытты жұмсау керек. Онлайн полистер соңғы тұтынушы үшін өнімнің өзіндік құнын төмендетеді және сақтандырушы мен клиент арасындағы бар кедергілерді алып тастайды.
— Қайта сақтандыру саласы туралы не деуге болады?
— Біз, қайта сақтандыру институты бойынша мәселе заң жобасы бойынша сұрақтардың қорытынды тізіміне бар енгізілді ме, білмейміз, алайда, бұл мәселе депутаттармен бірнеше рет көтерілген болатын. Сондықтан біз нарықтағы жағдай туралы өз көзқарасымызды ұсынғымыз келеді. Қайта сақтандыру жөніндегі қызметтің негізгі қағидаттарын ұстану өте маңызды.
Біріншіден, тәуекелдерді (қайта сақтандырудың негізгі мақсаты) беру үшін жеткілікті механизм болуы керек.
Екіншіден, қайта сақтандырушы ауқаттылығының бағалануы және тәуекел-қабылдау саласындағы тәжірибесі- тікелей сақтандыру лицензияның болуы- қамтамасыз етілуі тиіс, олар шығындар резервінің жеткіліктілігін бағалауында көрсетіледі, ол болашақ міндеттемелер, өз кезегінде, бүкіл саланың төлем қабілеттілік тәуекелі болып табылады.
Үшіншіден, толассыз резервтеу принципі сақталуға тиіс- сақтандырушының қайта сақтандыру активі мөлшерінің, нақты қайта сақтандыру келісімшарты бойынша қайта сақтандырушының міндеттемелерінің мөлшеріне сай болуы.
ҚЖОМС класы бойынша қайта сақтандыру соңғы уақытта көбірек қаржылық сипатқа ие болады, бұл осы клас бойынша көрсеткіштерге әсер етеді, бұл кезде қайта сақтандырушының үлесін ескермегенде, шығындылық коэффициентінің мөлшері, қайта сақтандырушының үлесін ескергендегі шығындылық коэффициентіне қарағанда неше есе үлкен болады. Сондай кезде қайта сақтандыруда тәуекелдерді қабылдаған ұйымдардың шығындылық коэффициенттері нөлге тең. Бұл алдын-алу шаралары ҚЖОМС класы бойынша жинақталған мәселелерді шешуге көмектеседі, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада қолданыстағы тәуекелдерге сәйкес резервтеудің ұзақ мерзімді жүйесін жақсартады.
Авторы: Анна Видянова
Дереккөз: https://kapital.kz/finance/66701/led-tronulsya-strahovoj-rynok-zhdet-peremen.html