bs-preloader__icon
ru kz en

Өмірді сақтандыру саласының көшбасшылары 2019 жылғы қорытындыларын шығарып, келесі жылға жоспарларымен бөлісуде

«LIFE INSURANCE» Өмірді сақтандыру туралы ақпараттық-талдамалық сайт» желілік басылымы 2019 жылғы басты оқиғалар мен үрдістерді еске түсіруді шешті. Бұл үшін редакция еліміздің ең ірі екі ӨСК топ-менеджерлерімен әңгімелесті. Бұдан басқа, біз сақтандырушылардың 2020 жылға арналған жоспарлары туралы білдік.
Өмірді сақтандыру саласының көшбасшылары 2019 жылғы қорытындыларын шығарып, келесі жылға жоспарларымен бөлісуде

Өмірді сақтандыру саласы қаржы нарығындағы ең жоғары өсу қарқынын көрсетуде. 11 ай ішінде өмірді сақтандыру және аннуитеттік сақтандыру бойынша сыйлықақы жинау 132 млрд теңгені құрады. Бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 75,2%-ға көп. Бұл ретте, егер өмірді сақтандыру бойынша өсім 44%-ды құраса, аннуитеттік сақтандыру бойынша өсім 126%-ды құрады.

2012 жылдан бастап «Nomad Life» Өмірді сақтандыру компаниясы активтер, меншікті капитал, төлемдер, сақтандыру резервтері бойынша ҚР ӨСК нарығында көшбасшы орынға ие. LIFE INSURANCE.KZ сұрақтарына Nomad Life басшысы Қайрат Чегебаев жауап беруде.

- 2019 жылдың басты оқиғаларын атап өтіңіз.

- Бірінші кезекте, жетекші S&P рейтинг агенттігінен жоғары баға алуды атап өткім келеді. «Nomad Life» ӨСК» АҚ-ға ұзақ мерзімді рейтинг «ВВ» деңгейінде (тұрақты болжам) және ұлттық шәкілі бойынша рейтинг «kzАА-» деңгейінде берілді.

2019 жылы өмірді сақтандыру нарығы сенімді сезініп, бұрын берілген қарқынды жалғастырды. 2019 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша нарықта сақтандыру сыйлықақыларының өсуі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 58%-дан жоғары, ал алымдар-174,6 млрд. теңге көрсеткішті құрады. 2019 жыл life секторы 195 млрд. теңге сомасымен жабады деп күтудеміз.

«Nomad Life» ӨСК» АҚ үшін 20019 жыл жақсы болды, біз барлық бағыттар бойынша өсудің әсерлі нәтижелеріне қол жеткіздік, Компания нарықтағы активтер өсуінің ең жоғары көрсеткішін көрсетті, 40 млрд. теңге немесе 36% (01.12.2019 ж. күніне жағдай бойынша).

01.01.2020 ж. жағдай бойынша сақтандыру сыйлықақыларының алымдары 61 млрд. теңгеден асады деп жоспарлаймыз.

Біздің компания 2019 жылы іске асырған маңызды міндет инвестициялық портфельді басқаруға лицензия алу болды.

«Nomad Life» компаниясында ӨСК арасында аналогы жоқ Online-жүйені әзірлеуде елеулі қадамдар жасалды. Online-жүйе Компанияның серіктес банктерінің қарыз алушыларының өмірін ерікті сақтандыру шарттарын жасасу кезінде пайдаланылатын болады.

2019 жылдың ішінде «Nomad Life» тауар белгісін тіркеген болатынбыз.   Қазіргі уақытта компанияның жинақтаушы сақтандыру бойынша ең табысты өнімі «Zoloto Nomadov» тауар белгісін тіркеу жүзеге асырылуда.

- 2020 жылда нарықты не күтіп тұр?

- 2020 жылғы көктемінде біз жинақтаушы өмірді сақтандыру өнімдерін пайдаланушылары үшін қосымша ынталандыруды көздейтін ҚР Салық Кодексіне өзгерістерді күтіп отырмыз.

Жалпы нарықтың және «Nomad Life» компаниясының негізгі міндеттері, атап айтқанда, алдағы жылы Unit Linked инвестицияларына қатысатын сақтандыру өнімін, зейнетақы бағдарламаларын құру және енгізу, сондай-ақ нарық соңғы бірнеше жылда дайындалған Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі (МБЖЖ) бағдарламасына қатысу болады

Біз осы жобаларды іске асыру есебінен өмірді сақтандыру нарығын кеңейтудің перспективаларын өте маңызды деп бағалаймыз.

Осы бағыттарды енгізу ӨСК саласын мүлдем басқа деңгейге шығарады. Егер біз бұны іске қоссақ, онда қаржы «өрісінде» бұл қор нарығы жұмысының елеулі жақсаруына әкеліп соғатын соңғы 10 жылдың ішінде ең ауқымды өзгерістер болады.

Қазақстан Халық банкінің «Халық-Life» Өмірді сақтандыру еншілес компаниясы 2005 жылғы қараша айында құрылды. Ресми деректерге сәйкес, құрылым активтерінің мөлшері 1 шілдедегі жағдай бойынша 153,9 млрд. теңгені құрады, бұл ҚР өмірді сақтандыру компаниялары арасында активтердің мөлшері бойынша бірінші орынды қамтамасыз етті. LIFE INSURANCE.KZ сұрақтарына Халык-Life Басқарма төрайымы Оксана Радченко жауап береді.

- 2019 жылдың басты оқиғаларын атап өтіңіз.

- Біріншісі, сақтандыруды диджитализациясы бойынша жұмыстарды жүргізу. Компания клиенттерге және компанияның дистрибьюторларына арналған сандық сервистерді жетілдіру, сондай-ақ жеке тұлғаларға арналған өмірді сақтандыру шарттарын сатудың сандық арналарын дамыту бойынша жұмыстарға кірісті. Оның ішінде клиенттер үшін сақтандыру сыйлықақыларын төлеу тәсілдері кеңейтілді: компанияның сайты арқылы, «Қазақстан Халық жинақ банкі» АҚ терминалдар желісі, Homebank қаржы порталы арқылы, «Қазпошта» АҚ терминалдары мен кассалары арқылы.

Екінші, бұл компанияның өмірді жинақтаушы сақтандырудың өнім жүйесіне АҚШ долларының ағымдағы бағамына шарт валютасын индекстеуді қарастыратын өнімді енгізу. Инвестициялық құрамдас бөлігі бар жаңа сақтандыру өнімін құру бойынша жұмыс басталды.

Бизнес көлемінің өсуінің оң қарқыны, оның ішінде барлық негізгі бағыттар бойынша. 2019 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Компанияның сақтандыру сыйлықақыларының өсімі 30%-ды құрады. Компания өмірді сақтандыру нарығында көшбасшы компания позициясын берік иеленіп отыр. 01.12.2019 жылғы жағдай бойынша Компанияның активтері өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 23%-ға артты, сақтандыру резервтерінің мөлшері 17%-ға артты.

Қаржылық тұрақтылықтың рейтингісін растау. 2019 жылғы наурыз айында AM Best Компанияның қаржылық тұрақтылық рейтингін B+ (Good) деңгейінде және эмитенттің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингін «bbb-» деңгейінде растады. Осы кредиттік рейтингтер (рейтингтер) бойынша болжам тұрақты болып табылады.

2019 жылы өмірді сақтандыру нарығына әсер еткен негізгі оқиғаларға мыналарды жатқызуға болады: аннуитеттік төлемдердің мөлшерін арттыру мақсатында зейнетақы аннуитеті бойынша клиенттерге қолданыстағы шарттарға қосымша келісімдер жасауға мүмкіндік беретін заңнамалық актілерден кейбір шарттардың күшіне енуі, зейнетақы аннуитеті шартын жасасу үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын пайдалану мүмкіндігі пайда болды. Бұл 2019 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша зейнетақы аннуитеті нарығының 139%-ға немесе 33,7 млрд. теңгеге өсуіне ықпал етті.

Бұдан басқа, жыл ішінде ӨСК зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға өзгерістер енгізу, инвестициялық құрамы бар өнімдер туралы мәселелер бойынша, сондай-ақ өмірді сақтандыру нарығын дамыту бойынша ұсыныстарды бастамашылық ету мәселелері бойынша, мысалы, өмірді сақтандыру бойынша компаниялардың мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысу мүмкіндігі, бірлескен (ерлі-зайыпты) аннуитет институтын енгізу және т. б. бойынша мемлекеттік құрылымдармен белсенді ынтымақтастық жасады.

- 2020 жылда нарықты не күтіп тұр?

2020 жылы біз сақтандыруды одан әрі цифрландыруды күтеміз. 2019 жылы компания сақтандырудың ерікті түрлерін диджитализацияға қатысты бір қатар мәселелерге бастамашылық етті. Біз осы жылы Компанияның сақтандыру өнімдерінің портфелінде клиенттерге online режимінде қолжетімді болатын сақтандыру шешімдері пайда болады деп күтеміз, яғни олар бойынша сақтандыру шарттарын клиенттің сақтандыру компаниясының офисіне бармай немесе сақтандыру агентінің делдалдықсыз ресімдеуге болады. Сақтандыру қызметтерін жылжытудың мұндай тәсілі клиенттер үшін тиімдірек, өйткені сақтандыру шарттарын ресімдеуге жұмсалған уақыт пен қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді. Екінші жағынан, бұл сақтандыру компаниясының өзіне де тиімді, өйткені online сату Компанияның делдалдарға комиссиялық сыйақыны төлеуге байланысты шығыстарын төмендетеді, сақтандыру шарттарын сүйемелдеу уақыты мен шығындарын қысқартады. Сонымен қатар, «Халық-Life» АҚ цифрлық сервистерді жетілдіру бағытында және сақтандыру өнімдерінің дистрибьюторлары үшін белсенді жұмыс істейді, олар осындай делдалдарға сақтандыру шартын жасау үшін қажетті ақпаратты жедел алуға және беруге, жеке сыйақы төлемін бақылауға және сақтандыру төлемдерін бақылауға көмектесетін болады. Компания сондай-ақ маркетплейсте сақтандыру қызметтерін сату жобасына қатысады. Сақтандырудың сандық салаға көшуі сақтандыру компанияларына өздерінің бизнес-процестерін, АТ-жүйелері мен технологияларын нарық талаптарына тезірек бейімдеуге түрткі болады. Технологиялық шешімдерді дамытудағы келесі қадамды біз қаржылық экожүйені құруда көреміз.

Өмірді сақтандыру саласындағы соңғы екі жылдың үрдістері сақтандыру бизнесін дамытудың барлық бағыттарында сапалы қайта құру үшін ынталандыратын бәсекелестікті күшейтуге ықпал ететін болады. Біз бәсекелестіктің күшеюі сақтандыру нарығында клиенттердің дербестігін дамытуға алып келеді, жаңа сақтандыру шешімдерінің пайда болуы үшін қуатты серпін береді, сондай-ақ сақтандыру қызметтерін бөлудің пайдалы және тиімді тәсілдерін, соның ішінде сандық технологиялар арқылы ашуға ықпал етеді деп күтеміз. Сақтандыру компаниялары үшін бұл кезең клиенттердің, сақтандыру агенттерінің және жалпы сату арналарының қайта бөлінуі болғандықтан, жаңа «есептеу нүктесі» болуы мүмкін. «Сапалы өзгерістерге» дайын компаниялар үшін бұл көшбасшылық болатын және клиентке ең жақсы сақтандыру шешімдерін ұсына алатын кезең: икемді дербес талаптар, сақтандыру шартын жасасудың ыңғайлы тәсілі, оны ресімдеуге және кейінгі қызмет көрсетуге уақытты қысқарту, клиенттерге қосымша ілеспе сервис ұсыну және т. б.  Сонымен қатар, жаңа ойыншылардың пайда болуы өмірді сақтандыру нарығының дамуына да оң әсер етеді, өйткені бұл ел халқын ерікті сақтандыру түрлерімен және заңды тұлғаларды міндетті сақтандырумен қамтуды ұлғайту үшін жағдай жасайды.

Валюталық, сонымен қатар инвестициялық құрамдас бөлігі бар жинақтаушы сақтандыру өнімдерін, Unit-Linked деп аталатын өнімдерді дамыту. Бүгінгі күні нарықта шетел валютасының ағымдағы бағамына шарт валютасын индекстеуді көздейтін сақтандыру өнімдері бар. Мұндай сақтандыру өнімдері басқа қаржы құралдарына салынудан гөрі клиенттер үшін тартымды, өйткені сақтандыру мерзіміне байланысты валютада 3,41%-ға жетуі мүмкін табыстылықтың жоғары мөлшерімен қатар, сақтандыру өнімі клиентке сақтандырудың бүкіл мерзіміне сақтандыру қорғанысын қамтамасыз етеді. Дәл мұндай өнімдер, біздің ойымызша, сақтандыру компанияларының клиенттері арасында оларды көпфункциялылығы үшін танымал болады: сақтандыру арқылы қорғауды, жинақтау мен инвестициялауды қамтамасыз ету. Бұдан басқа, қазіргі уақытта өмірді сақтандыру бойынша бірнеше компания инвестициялық құрамдас бөлікті көздейтін сақтандыру өнімдерінің келесі буынын әзірлеу бағытында жұмыс істейді. Қолданыстағы заңнама талаптары өнімді қысқа мерзімде іске қосуға мүмкіндік бермейді, өйткені іс жүзінде жүзеге асыру кезінде өнім бойынша кейбір талаптар заңнамалық актілерде нақты реттелмегені анықталды.  Сондықтан қазір сақтандырушылар тиісті заңнаманы келісу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Қажетті түзетулерді енгізгеннен кейін, біз нарықтың жаңа, өте қызықты, ең бастысы, инвестициялау тұрғысынан пайдалы, сақтандыру шешімдерімен толықтырылатынына сенімдіміз.

2020 жылы сақтандырушылардың азаматтардың 50/55 жасқа толған мерзімінен бұрын, бірақ  зейнетақы жинақтары жеткілікті болған кезде, зейнетақы аннуитеті шартын жасасу құқығын көздейтін зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға өзгерістер енгізу туралы бастамасы зейнетақы аннуитеті нарығының дамуына мүмкіндік береді деп ойлаймыз. Сондай-ақ, зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің кешенді реформасына кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті құралын енгізу туралы мәселе кіреді, бұл өзінің лайықты зейнетақысын алдын ала қамтамасыз етуге, мемлекетке әлеуметтік жүктемені азайтуға жеткілікті қоры бар жұмыс істейтін халықты тартуға мүмкіндік береді. Бұл мәселе биыл қаржы нарығын реттеушімен одан әрі талқыланатын болады.

Қаржы нарығында жаңа құрылым - қаржылық қадағалау агенттігінің құрылуына байланысты біз сақтандыру нарығы мен жаңа құрылым арасында, оның ішінде заң шығару қызметі бөлігінде тығыз өзара әрекеттесу пайда болады деп есептейміз. Бұл өз кезегінде «өмірді сақтандыру» саласына оң әсер етеді, өйткені қазір біз заң шығару қызметі тарапынан қолдауды қажет ететін жаңа сақтандыру шешімдерін құру табалдырығында тұрмыз.

 

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Қаржылық жоспарлау: жеке өсуге Инвестициялар
Қаржылық жоспарлау: жеке өсуге Инвестициялар

Қаржылық жоспарлау әр адамның өмірінде маңызд...

Аюбадам өмір ұзақтығын арттырады
Аюбадам өмір ұзақтығын арттырады

Дәрігерлер өсімдік өнімдерінің көбісі ұзақ өм...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру