bs-preloader__icon
ru kz

Moody's Қазақстан туралы пікір жариялады.

Елдің кредит рейтингі Baa3 деңгейінде бағаланған, болжам позитивті. Агенттіктің ақпараты бойынша, Қазақстанның рейтингі індетке дейінгі көрсеткіштерге сәйкес келеді, деп хабарлайды LS.
Moody's Қазақстан туралы пікір жариялады.

«Әлемде және өңірде экономикалық жағдайдың тұрақты белгісіздігіне қарамастан Қазақстанның кредит бағасы Baa3 деңгейінде, болжам «позитивті». Бастапқыда мұндай рейтинг елге 2019 жылдың тамызында берілген болатын», - делінген Moody's-те.

Агенттікте Baa3 және жақсы болжам мәртебесін ұстап тұруға мүмкіндік берген факторлар: мемлекеттік қарыздың төмен деңгейі, елеулі фискалды резервтер, экономика өсімінің және халықтың табысының жоғары болашағы, антикризистік шараларды қалыптастыруда және фискалды тұрақтылықты қамтамасыз етуде үкіметтің икемділігі мен тиімділігі болды деп түсіндірді.

Сонымен қатар Moody’s-тің аналитиктері өндіруші, сондай-ақ өңдеу секторларында 2020 жылы нақты сектордың оң өсу темпін байқап, экономика өсімінің жоғары болашағын оң бағалады.

«Аталған динамиканы ескеріп, агенттік Қазақстан экономикасының кредит рейтингісінің жоғарылау ықтималын айтады. Бұл үшін мүмкіндікті қалыптастыратын факторлар: институционалдық ортаны одан әрі реформалауға дайындық, экономиканың одан әрі әртараптандыруы бойынша, банк секторының тұрақтылығын жоғарылату бойынша іс-шаралар болып табылады», - деп түйіндеді Moody's.

Дереккөзі: https://lsm.kz/rejting-kz

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өмірді сақтандыру қаржылық мақсаттарға жетуге қалай көмектесе алады
Өмірді сақтандыру қаржылық мақсаттарға жетуге қалай көмектесе алады

Әлемде көптеген қаржылық өнімдер бар, бірақ со...

Қазақстанда сақтандыру қалай өзгереді. Инфографика
Қазақстанда сақтандыру қалай өзгереді. Инфографика

Шілденің басында Президент Нұрсұлтан Назарба...

Демалыс күндері тым ұзақ ұйықтау неге қауіпті
Демалыс күндері тым ұзақ ұйықтау неге қауіпті

Жалпы тәжірибе дәрігері Лариса Алексеева РИА ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру