bs-preloader__icon
ru kz

Ұлттық банк телефон алаяқтарының белсенділігі туралы ескертті

Қазақстан Ұлттық Банкі телефон арқылы алаяқтық жағдайлары қайта басталғанын хабарлайды. Алаяқтар өздерінің «өкілеттіктерін» растау үшін жалған құжаттарды көрсетеді, деп хабарлайды реттеушінің баспасөз қызметі.
Ұлттық банк телефон алаяқтарының белсенділігі туралы ескертті

Естеріңізге сала кетейік, алаяқтар өздерін Ұлттық банктің қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері ретінде таныстыра отырып, азаматтарды адастырады. Бұл схемалар «Екінші деңгейдегі банктерде алаяқтарды ұстау» деген сылтаумен «Ұлттық банк қызметкерлерінің» қатысуымен жүзеге асырылады. Бұл ретте алаяқтар тіпті Ұлттық банк қызметкерлерінің жалған куәліктерін жібереді, өзге де бөгде тұлғаларға қоңырауларды бағыттайды, сондай-ақ банктік аударымдар үшін деректемелерді ұсынады.

Сонымен қатар, жалған құжаттарда азаматтардың сенімін арттыру үшін қолдар, имен, мөрлер орналастырылады.

«Осыған байланысты Ұлттық банк «Ұлттық банктің қауіпсіздік департаментінің қызметкерлерінен» телефон қоңыраулары түскен кезде әңгімені үзуді және қандай да бір «алаяқтарды ұстау жөніндегі арнайы операцияларды» жүргізуге қатыспауды ұсынады. Естеріңізге сала кетейік, ҰБ Жеке тұлғаларға қызмет көрсетпейді және халықпен ақшалай есеп айырысуды жүргізбейді, оның ішінде «алаяқтарды ұстау бойынша арнайы операциялар» жүргізу үшін азаматтарды тартпайды», - делінген реттеушінің релизінде.

Ұлттық банк ұялы қосымшаларды орнатпауды, өзінің дербес деректерін ашпауды, ұялы телефонға қашықтан қол жеткізуді ұсынбауды және телефон арқылы сөйлесу барысында алынған нұсқаулар бойынша ақшалай қаражатты үшінші тұлғалардың шоттарына аудармауды сұрайды.

Кеңес алу үшін Ұлттық Банктің Байланыс орталығына 1477 қысқа нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Ашық дереккөздерден алынған сурет

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Қазақстанда сақтандыру жүйесі қалай дамитын болады
Қазақстанда сақтандыру жүйесі қалай дамитын болады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау минис...

Өмірді өзара сақтандыру компаниялары қалай жұмыс істейді
Өмірді өзара сақтандыру компаниялары қалай жұмыс істейді

Өмірді сақтандыру полисін сатып алғанда, клие...

S&P NOMAD Life ӨСК рейтингін "BB+"деңгейінде растады
S&P NOMAD Life ӨСК рейтингін "BB+"деңгейінде растады

S&P Global Ratings рейтингтік агенттігі қаржылық тұра...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру