bs-preloader__icon
ru kz

Неліктен инвестициялық жоспарлау әйелдер үшін маңызды

Қазіргі заманғы қоғамда әйел адамның рөлі үй шаруасы бойынша міндеттерді орындаумен, бала күтімі, оларды тәрбиелеумен шектелмейді. Әйелдердің көбісі топ-менеджерлер бола бастады және ерлерінен көбірек табыс табады. Қазіргі қоғамда әйелдердің орны үй шаруасындағы әйел ретінде ғана қаралмайтындықтан, олар үшін әлеуметтік мәртебені сақтап қалуға мүмкіндік беретін келешек туралы ойлау маңызды. Өмірді сақтандыру – бұл қауіпсіз салымдарға және тұрақты табысқа кепілдік беретін құрал, деп жазады The Financial Express.
Неліктен инвестициялық жоспарлау әйелдер үшін маңызды

Өмірді сақтандыру қауіпті ауруларға немесе жазатайым оқиғаның салдарына байланысты денсаулықтың кенет нашарлауы сақтандырылушы және оның отбасы үшін қаржы күйреуіне айналмайтынына сенімді болуға мүмкіндік береді. Сақтандырушы сақтандыру шартымен айқындалған сақтандыру төлемін жедел жүргізеді. Бұл клиентке уақытылы және сапалы медициналық көмекті алуға, табыстың болмауын өтеуге және өмірдің әдеттегі деңгейін сақтауға көмектесе алады. Әйелдер ер адамдарға қарағанда еңбек өтілін жиі үзетінін айта кету керек, сол үшін сақтандыру оларға өте қажет.

Өмірді сақтандыру полисі шарттың қолданылу мерзімі аяқталған кезде кепілдік берілген төлемді, сондай-ақ компания өз қызметінің нәтижелеріне сүйене отырып есептейтін қосымша инвестициялық табысты алуға мүмкіндік береді. Зейнетақылық сақтандыру бағдарламасының көмегімен жоспарланған мерзім ішінде қосымша зейнетақы төлемдерін алу үшін капитал қалыптасады. Бұған қоса сақтандырылушы шартты жасаған сәтте-ақ өзінің болашақ зейнетақы мөлшерін өздігінен анықтайды.

Сақтандыру жарнасынан анағұрлым асатын сақтандыру төлемі денсаулықпен туындаған проблемаларды шешуге мүмкіндік береді, қалпына келуге және оңалтуға қажет ақшалай қаражатпен қамтамасыз етеді, сондай-ақ еңбекке жарамсыздық кезеңінде әдеттегі табыстан айырылудың орнын толтыруға көмектеседі.

Дереккөзі: https://www.financialexpress.com/money/why-is-investment-planning-important-for-women/2236555/

Сурет ашық дереккөздерден

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Зейнетақы қорлары 2019 жылы активтердің өсуін көрсетті
Зейнетақы қорлары 2019 жылы активтердің өсуін көрсетті

Зейнетақы қорларының активтері қор нарықтары...

Үндістанда балалардың өмірін сақтандырудың жаңа өнімі ұсынылды
Үндістанда балалардың өмірін сақтандырудың жаңа өнімі ұсынылды

Life Insurance Corporation of India (LIC) жинақталған балалардың...

ҚНРДА өмірді сақтандыру нарығында не өзгеретінін айтты
ҚНРДА өмірді сақтандыру нарығында не өзгеретінін айтты

Ерікті сақтандыруға сұраныстың өсуінің драйв...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру