Ұлттық банкте халықтың әл-ауқаты деңгейінің өсуіне қарай әлеуетті тәуекелдерді сақтандыруға және зиянды өтеуге бейімділік өседі деп санайды. Қадағалау органының өкілдері жақын арада Қазақстанда сақтандыру мәдениетінің деңгейі ұлғаятынына сенімді. Бұл ретте сектор өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыруға бағытталған өнімдердің кең желісін ұсына бастайды. Технологиялар бүгінгі күні сақтандыруға жеңіл қолжетімділікті, тиімді тарификацияны және жылдам реттеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. «Бүгін қаржы нарығындағы сақтандыру – ең салауатты сектор. Оның дамуы көбіне сақтандырушыларға байланысты. Біз үздік тәжірибені қабылдаймыз, бірақ технологиялық өзгерістер өте жылдам және біз өте тез бейімделуіміз керек», – деп Centras Group холдингінің иесі Елдар Абдразақов панельді сессиясын ашты.
Цифрлық өнімдер адамдардың өмірін жеңілдетуі тиіс. Бүгінгі таңда өмірді сақтандыру полисін сатып алған клиенттер сауалнаманы бірнеше параққа толтырады. «Біз адам бізге аз уақыт жұмсауы үшін клиенттің уақытын үнемдеу бағытында қозғалуымыз керек. Мысалы, біздің компанияда онлайн сауалнаманы қосымша арқылы толтыруға болады», – деді «Nomad Life» ӨСК» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Чегебаев.
ӨСК жаңа өнімдері
Қазіргі уақытта Ұлттық банк стандартты үлгі ("қорапты") өнімдерді құруды ынталандыруға бағытталған жұмыстар жүргізуде. «Олар клиенттердің түсінуі үшін жеңіл болуы, сақтанушының қажеттіліктері мен мүдделеріне жауап беруі тиіс. Олар клиенттердің түсінуі үшін жеңіл болуы, сақтанушының қажеттіліктері мен мүдделеріне жауап беруі тиіс», – деп ҚР Ұлттық Банкінің сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаментінің директоры Гүлфайрус Шайкакова түсіндірді.
Спикер ӨСК нарығы үшін үш өнімді таныстырды: білім беру жинақтау жүйесі, бірлескен зейнетақы аннуитеттері және unit-linked.
2013 жылдың қаңтарынан бастап елімізде Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі жұмыс істей бастады (МБЖЖ). Қазақстанның кез келген азаматы өз атына не баланың атына депозит ашып, кейіннен оның оқуын төлей алады. Мұнда мөлшерлемелер өте тартымды: жылдық 10,5%-ға дейін, оған қоса мемлекеттен 5-7% жыл сайынғы сыйақы. «Біз басынан бұл өнімді өмірді сақтандырудың классикалық өнімі деп айтқан болатынбыз. Бізді естіп, қазір осы өнімді енгізуге мүмкіндік беретін заңға өзгерістер енгізілуде. ӨСК екінші деңгейлі банктерді алмастырмайды, бірақ олардың артықшылықтары бар, себебі компаниялар сақтандыру қорғанысын береді», – деп түсіндірді Гульфайрус Шайкакова.
Бірлескен зейнетақы аннуитеттері ерлі-зайыптылардың екеуін де қорғауға мүмкіндік береді. Олардың біреуі болмаса да, екіншісі отбасылық зейнетақы аннуитеті қаражатын пайдалануды жалғастыра алады.
«Келесі өнім – unit-linked сақтанушыға инвестициялық стратегияны таңдауға құқық береді. Батыста жинақтаушы өнімдер ӨСК портфелінде 30-40%-ды мемлекеттік қолдаудың арқасында алады. Қазіргі уақытта ұзақ мерзімді жинақтарда жеңілдіктер енгізу мәселесі пысықталуда», – деп баяндады ҚР ҰБ сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаментінің басшысы.
Минималды зейнетақыдан күнкөріс минимумына көшу
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы Жұмыс тобы шеңберінде ең төменгі зейнетақыдан (МЗ) қарттыққа арналған жинақтарды есептеудің ең төменгі күнкөріс деңгейіне (КМ) көшу мәселесі зерделенеді. Бірінші көрсеткіш өз бетінше өсіп келеді, және инфляцияны 2-3%-ға басып озады. Мәселен, соңғы он жылда ең төменгі зейнетақы өсімінің орташа қарқыны шамамен 15%-ды құрады, ал ең төменгі күнкөріс деңгейі орта есеппен 8%-ға өсті. Бұл ретте барлық бюджеттік төлемдер КМ-ға байланысты болады. «Парадоксалды, бірақ тек қана ӨСК төлемдері КМ-ға байланысты. Нәтижесінде, алшақтық үнемі өсуде және ӨСК өнімі халыққа қол жетімді бола алмай қалады. Оны қысқартып, және ӨСК-ға зейнетақы жүйесіне қатысуға мүмкіндік беру үшін, есеп айырысу кезінде күнкөріс минимумға көшу ұсынылып отыр», – деп Ұлттық банктің өкілі егжей-тегжей баяндап берді.
Реттеу
Өмірді инвестициялық сақтандыру – нарық конъюнктурасына байланысты өзгеретін табыс алуға тәуекелдік құрамдас бөлікке қосымша мүмкіндік беретін өнім. Банк салымдары бойынша мөлшерлемелердің төмендеуі аясында қазақстандықтар ақшаны ӨСК-ға белсенді түрде аударатын болады. ҚР Ұлттық Банкінің реттеу жүйесі қатаң, сондықтан сақтандырушылар компания қызметкерлерінің жартысына дейін белгілі бір дәрежеде ҚР ҰБ үшін есеп беру үстінде жұмыс істейтінін айтады. «Бүкіл әлемде және Қазақстанда тәуекелге бағытталған қадағалау енгізілуде. Кейбір шарттар бойынша әр ай сайын резервтерді санаудың қажеті жоқ. Жаңа өнімдерге қатысты Ұлттық банк түсіністікпен қарап, реттеуді жеңілдетті», – деп Nomad Life басшысы атап өтті.
Қайрат Чегебаев лайф-сақтандыру нарығында соңғы 15 жылда жаңалық болмағанын еске салды. «Қазіргі ағымдағы жағдайда реттеу де, Ұлттық банкпен жүргізілетін жұмыс та біз үшін қолайлы», – деп қорытындылады әңгімелесуші.
Жаңа ойыншылар
Тек ағымдағы жылдың 9 айында қаржы-сақтандыру қызметі саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 60,2 млрд теңгені құрады. 2018 жылғы қаңтар–қыркүйекпен салыстырғанда өсім 38,7%-ға жетті.
Биыл бірден бірнеше өнеркәсіптік және қаржы топтары өмірді сақтандыру компаниясының ашылғанын жариялады. Олардың бірі Centras Group. Centras Ұлттық Банкінің тізілімінде сақтандыру топтарына жатады, бірақ өз сайтында инвестициялық құрылым ретінде көрсетеді. Бұл бекер емес, өйткені дәл «Сентрас Секьюритиз» АҚ нарықта жеке тұлғалар үшін пайды алғашқы болып ұсынған еді. «Біздің жоспарларымызда өмірді сақтандыру компаниясын ашу бар, өйткені біз өмірді сақтандыру – сақтандырудан гөрі инвестициялық өнім деп есептейміз. Біздің базалық сараптамамыз – бұл инвестицияларды басқару. Инфрақұрылымның 90%-ы құрылған, команда бар», – деп өмірді сақтандыруға туындаған қызығушылықты Centras Group иесі Ельдар Абдразаков түсіндірді.
Сентрас инвестициялық тобы 2004 жылы құрылды және бүгінгі таңда Қазақстанда және ТМД елдерінде өз қызметін жүзеге асыратын бірнеше компанияны қамтиды. Бұл топқа, оның ішінде «Сентрас Секьюритиз» АҚ (Қазақстан), «Центрас Капитал» ЖАҚ (Ресей) және бірқатар басқа компаниялар жатады. Біздің мақсатымыз адамдарға қажетті болу, сондықтан біз өнімдердің жаңа желісін құруға ниеттіміз. Біз үшін ӨСК – бұл табиғи қадам», - деп қорытындылады Абдразаков мырза.