bs-preloader__icon
ru kz en

ҚР Ұлттық банкі Қазақстанда сандық қаржы инфрақұрылымын белсенді түрде дамытуда

Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Жанат Құрманов өзінің «Astana Hub» Халықаралық IT-стартап технологиялық паркінің алаңшасында баяндамасы барысында мәлімдеді, деп реттеушінің баспасөз-қызметі хабарлайды.
ҚР Ұлттық банкі Қазақстанда сандық қаржы инфрақұрылымын белсенді түрде дамытуда

Келесі жылдың басында банк аралық Жедел төлем жүйесін іске қосудан басқа Жанат Құрманов Ұлттық банктің 2019 жылдағы онлайн-сақтандыруды енгізу бойынша жоспарлары туралы да хабарлады. Қазақстан Ұлттық Банкі басшысы орынбасарының сөзінше, бұл жобаны енгізу сақтандыру қызметтерінің құнын төмендетуге әкеліп соғады, сонымен қатар сақтандыру компаниясының кеңсесі немесе агенті жоқ қашық өңірлердің тұрғындары үшін сақтандыру қызметтерінің географиялық қолжетімділігі де артады.

«Онлайн-сақтандыру қағаз сақтандыру полисінің толық жойылуын көздейді. Тұрғындар міндетті сақтандыру шарттарын делдалдардың қатысуысыз сақтандыру компанияларының интернет-ресурстары арқылы электрондық түрде жасай алады», – деді Ж.Құрманов.

Сонымен қатар ол тұтынушылардың биометриялық көрсеткіштері арқылы олардың қаржы қызметтерін сәйкестендіру бойынша пилоттық жобаны іске қосу 2019 жылдың 1 тоқсанында жоспарланып отырғаның айтты.

«Клиентті қашықтықтан сәйкестендірудің тетігін енгізу азаматтарға, оның ішінде қашық өңірлерде өмір сүретін азаматтарға географиялық орналасуына қарамастан қаржы қызметтеріне кез келген жабдықты – смартфондарды, планшеттерді, компьютерлерді пайдалана отырып, қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл шешім Интернет арқылы банктік шотты, төлем картасын ашу, несиені алу сияқты талап етілген қаржы қызметтеріне қашықтықтан қол жеткізу үшін қажет», – деп Ж.Құрманов түсіндірді.  

Бүгінгі таңда, оның сөзінше, ішкі істер, әділет, ақпарат және коммуникациялар министрліктерімен бірге клиенттерді биометриялық көрсеткіштерді (бет-әлпетін, дауысты тану) және мемлекеттік деректер базасынан алынған мәліметтерді пайдалану арқылы онлайн-сәйкестендіру мәселелері қарастырылуда.

Сондай-ақ Ж.Құрманов өз сөзінде ақпаратты және қаржы инфрақұрылымын кибер қауіпінен қорғау мәселелеріне де тоқталып кетті.

«Қазақстанның Ұлттық Банкісінде цифрлық ортада кибер шабуылдарға және алаяқтық іс-әрекеттеріне тиімді қарсы қимыл үшін жүйелі шаралар әзірленуде. Бұл Ұлттық Банк жанында құзыреттілік орталығын, қаржы секторында кибер қауіпсіздігін  қамтамасыз ету бойынша жедел орталығын, кибер қауіпсіздіктің оқиғаларына әрекет ету қызметін құру бойынша шаралар. Сонымен қатар ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары туралы, ақпараттық жүйелерде бұзушылықтар, ақаулар туралы мәліметтерді қоса алғанда; ақпараттық қауіпсіздіктің осалдығын, қауіпін және болуын айқындау критерийлері туралы банктермен мәліметтермен алмасу жүйесін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілуде», – деп Ж.Құрманов хабарлады.

Дереккөзі: ҚР Ұлттық Банкінің баспасөз-қызметі. 

Фотосурет  kazpravda.kz, zakon.kz сайттарынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру