bs-preloader__icon
ru kz en

Өмірді сақтандыру жақсы инвестиция болып табыла ма?

Өмірді сақтандырудың кейбір өнімдерінің пайда болуымен көбіне-көп адамдар қор нарығында тікелей инвестициялардан бас тартуда және unit-linked-ті таңдап жатыр. Себебі UL – ақшаны оңай табуға ынталы, бірақ өз портфелін әртараптандырғысы келетін адамдарға жақсы жолы, деп жазады INDmoney.
Өмірді сақтандыру жақсы инвестиция болып табыла ма?

Өмірді инвестициялық сақтандырудың жұмыс істеу ережесі жинақтаушыдан ерекшеленеді. Сіз сақтандыру компаниясына тапсыратын ақшаны ол акцияларға, облигацияларға және бағалы металдарға салады. Қаражат екі бөлікке бөлінеді: кепілдік беру қоры және инвестициялық. Біріншісін сақтандыру компаниясы нақты, бірақ үлкен емес табыс әкелетін инвестициялаудың сенімді көздеріне салады. Екіншісі анағұрлым тәуекелді бір бағытқа жіберіледі, бұл жағдайда табыстың мөлшері жоғары, бірақ мүлдем ештеңе түспеуі де мүмкін. Сіздің шартыңыздың қолданылу мерзімі аяқталған кезде, компания сізге барлық соманы және инвестициялардан түскен табысты төлейді.

Артықшылықтары

Сенімділік. Сақтандыру компаниясы ақшаны инвестициялағанымен, сіз тәуекелге бармайсыз.

Үлкен табысты алу мүмкіндігі. Тәуекелді инвестициялар консервативтік құралдарға қарағанда көбірек кірісті алып келуі мүмкін.

Ажырасу кезінде қорғау. Инвестициялық сақтандыру бағдарламасы бойынша салынған қаражат ажырасу кезінде бөлінуге жатпайды.

Тәркілеуден қорғау. Өмірді сақтандыру бағдарламаларына инвестициялар сот шешімі бойынша тәркілеуге жатпайды. Оған қоса оларды декларациялау қажет емес.

Атаулы мұрагерлік. Шартты жинақтаушы сақтандыру бағдарламасындағыдай кез-келген адамның пайдасына жасауға болады.

Сақтанушының жасы. Егер жинақтаушы сақтандыруда жастың жоғары шегі – 60 жас болса, инвестициялық сақтандыруда – 80 жас.

Кемшіліктері

Төлем мөлшері белгісіз. Сақтандыру компаниясы салынған соманың төлеміне кепілдік береді, бірақ инвестициялардан табыстың мөлшері алдын-ала белгісіз.

Ұзақ мерзімділік. Шарттың ең аз мерзімі – бес жыл.

Шартты мерзімінен бұрын бұзған кезде жоғалтулар. Егер сіз шартты мерзімінен бұрын бұзуды шешсеңіз, онда сақтандыру компаниясы сізге салынған ақшаның 100%-ын емес, шартпен көзделген соманы қайтарады.

Дереккөзі: https://www.indmoney.com/articles/insurance/life-insurance-as-an-investment

Сурет ашық дереккөздерден

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Қаржыгерлер инвесторларды қорғаудың жаңа стратегиясын ұсынды
Қаржыгерлер инвесторларды қорғаудың жаңа стратегиясын ұсынды

Валютадағы депозиттер бойынша табыстылықтың ...

Білім беру үшін сақтандыру
Білім беру үшін сақтандыру

АҚШ-та ата-аналар балалардың білім алуына үш қ...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру