Заң халық және бизнес үшін сақтандыру қызметтерінің қолжетімділігін, сапасын арттыруға және құның төмендетуге, сақтандыру қызметтерін тұтынушыларының құқықтарын қорғауға, сонымен қатар қор нарығын белсендіруге бағытталған.
Заңды қолданысқа енгізген сәттен бастап мыналар қарастырылады:
- көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттары бойынша жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зияны үшін сақтандыру төлемдерін ұлғайту;
- зейнетақы аннуитеті шарттары және өндірісте зардап шеккен адамдардың немесе олардың асырауындағы адамдардың пайдасына жасалған аннуитет шарттары бойынша сақтандыру төлемдерін кепілдендіру;
- сақтандыру омбудсманымен міндетті және ерікті сақтандырудың барлық шарттары бойынша, тараптардың сотқа жүгіну құқығын сақтай отырып, сақтандыру дауларды қарау;
- сақтандыру нарығының қатысушыларының айқындылығын көтеретін қадағалау сипаттағы заңнамалық түзетулер;
- қор биржасының функционалын кеңейту;
- биржалық валюталық нарықтағы саудаға брокерлік ұйымдарға тікелей қатысуға рұқсат беру және брокерлік ұйымдармен банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыруға лицензияны алу мүмкіндігі;
- рұқсат беру процедуралардың мерзімін қысқарту және бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушыларымен Ұлттық Банкке ұсынылатын есептілікті оңтайландыру;
- қор нарығында әкімшілік жауапкершілік шараларын оңтайландыру;
- инвестициялық қорларды құруға, қайта ұйымдастыруға және қызмет етуге талаптарды ырықтандыру.
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Заңмен келесі түзетулер енгізіледі:
- сақтандыру компанияларының интернет-ресупстары арқылы сақтандыру шарттарын жасасуға мүмкіндік беретін онлайн-сақтандыруды енгізу және электронды нысанда сақтандыру полисінің легитимділігін бекіту;
- туроператор мен турагенттің жауапкершілігін міндетті сақтандырудың орнына шетелге шығатын туристтің өмірін және денсаулығын міндетті сақтандыруды енгізу;
- Бірыңғай тіркеуші мен Орталық депозитарийдің функционалын біріктіру;
- Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мәселелері жөніндегі сарапшы комитетінің қызметін құру және қамтамасыз ету бойынша өкілеттігін Қор биржасынан Ұлттық Банкке тапсыру;
- мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарумен, орналастырумен және өтеумен байланысты рұқсат беру процедураларын оңтайландыру;
- бағалы қағаздар нарығында ақпаратты ашу жүйесін жетілдіру;
- акционерлердің жалпы жиналысын өткізу процедурасын жетілдіру;
- акционерлік қоғамда ішкі корпоративтік конфликтерді алдын алу және жосықсыз тәртібіне қарсы іс-қимыл;
2019 жылғы 1 шілдеден бастап Заңмен төмендегілер қарастырылады:
- бағалы қағаздардың биржадан тыс нарығының біріктірілген ақпараттық жүйені жасау;
- акционерлік қоғаммен қоғамның акциялары бойынша дивидендтерді төлеу тәртібін оңтайландыру.
Фото Informburo.kz, ru.dreamstime.com сайттарынан алынды.