bs-preloader__icon
ru kz en

ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінде өндірістік жарақаттанудың ең жоғары деңгейі қай салада болатындығын хабарлады

Ведомство хабарлағандай, 2017 жылғы қорытындылары бойынша республиканың кәсіпорындарында жазатайым оқиғалардың салдарынан 1678 адам зардап шеккен, оның ішінде 244 адам қаза тапты, деп Tengrinews.kz. хабарлайды.
ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінде өндірістік жарақаттанудың ең жоғары деңгейі қай салада болатындығын хабарлады

Ведомствода жарақатқа қауіпті салалардың бірі таукен-металлургиялық кешенді атады, онда өндірісте зақымданғандардың жалпы санынан 16 пайызы орын алады. Сондай-ақ оқиғалардың 15,2 пайызын құрайтын құрылыс саласын көрсетті.

Сонымен қатар 2018 жылғы бес айында республиканың кәсіпорындарында жазатайым оқиғаның салдарынан 579 адам зақымданып, оның ішінде 70 адам қайтыс болды, деп хабарланады.

«Жалпы, республика бойынша соңғы 5 жылда өндірістік жарақаттану 16 пайызға төмендетілгені байқалады», – ведомствоның есебінде көрсетіледі.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ақмәди Сарбасов тілшілерге бұрын хабарлағандай, 2017 жылы тексерілген 1,7 миллион қызметкерден әрбір төртінші адам, немесе 370 мың адам бүгінгі таңда еңбектің зиянды және қауіпті жағдайларында жұмыс істейді.

Оның ішінде жоғары шу және тербеліс жағдайында әрбір екінші адам қызмет етеді – олардың пайыздық үлесі 44% құрап отыр, жұмыс аймағының жоғары гахдылығы мен тозаңдылығы әсерінен – әрбір үшінші адам жұмыс жасайды, ауыр физикалық еңбекпен 84 мың адам айналысады.

Ұлттық еңбек гигиенасы орталығының ақпараты бойынша соңғы бес жылдың ішінде екі мыңнан астам қызметкерде кәсіби аурулар айқындалды. 2017 жылы зиянды жұмыс 331 адамның денсаулығына зиян келтірді.

Өңірлер бойынша зақымданғандардың ең көп саны Шығыс Қазақстан облысында – 215 адам, Қарағанды облысында – 190, Павлодар облысында 182 адам, Қостанай облысында және Алматы қаласында – 100 адам құрайды.

Өндірістік жарақаттанудың себептеріне еңбектің қауіпсіз жағдайларының жоқтығы, қызметкерлерге нұсқаулықты өткізбеу, жеке немесе ұжымдық қорғау құралдарымен қамтамасыз ету жатады. Оқиғалардың түрлері бойынша жазатайым оқиғалар қозғалатын, ұшып кететін, айналатын заттар мен бөлшектердің (14%), биіктен құлау (13%), опырылуы, заттардың, материалдардың құлауы (10%) әсерінен орын алады.

Дереккөзі: https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/nazvanyi-samyie-opasnyie-professii-v-kazahstane-347355/

https://abctv.kz/ru/news/%C2%ABmy-prenebregaem-bezopasnostyu-truda%C2%BB

Фотосурет abctv.kz, stroy-plys.ru сайттарынан алынды.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру