bs-preloader__icon
ru kz

Өмірді биткойнмен сақтандыратын уақыт келді ме?

АҚШ-та ересектердің шамамен 28%-ы криптовалюта иеленеді. Сол себепті Зак Таунсенд өмірді биткойн арқылы сақтандыру полисін қаржылық қорғау жоспарының бір бөлігі ретінде қарастырудың уақыты келді деп есептейді.
Өмірді биткойнмен сақтандыратын уақыт келді ме?

Ол Meanwhile атты компанияны құрды — әлемдегі алғашқы әрі жалғыз өмірді сақтандыру компаниясы, толықтай биткойнда жұмыс істейді. Компанияның басты өнімі — «bitcoin whole life» (өмірді биткойнда жинақтау және қорғау) ұзақ мерзімді сақтандыру мен жинақтауды ұсынады.

Компания 2022 жылы Бермуд аралдарында құрылды. Мұнда өмірді сақтандыруды «ұзақ мерзімді сақтандыру» деп атайды. «Бұл атау дұрыс: бастысы — ұзақ мерзімге жинақ пен қорғау», — дейді Таунсенд. Meanwhile алғашқы полисін 2023 жылдың қарашасында шығарды.

Таунсендтің финтех саласында тәжірибесі бар. Ол серіктесімен бірге технологияны қолданып, жаһандық сақтандыру компаниясын құру жолдарын зерттеген. Ақыры таңдауы биткойнға түсті.

«Біз биткойн құнын сақтаудың сенімді құралы болады деп сенеміз. Келешекте биткойнмен номинацияланған қаржы жүйелері арта береді», — дейді ол.


Онлайн сақтандыру

Meanwhile полистерін толықтай онлайн сатады. Көп жағдайда клиенттер компания жайлы таныстары арқылы біледі немесе арнайы серіктес агенттіктерден естиді. Бірақ негізгі процесс қарапайым: сайтқа кіріп, полис рәсімдейді.

«Bitcoin whole life» — 10 жылдық төлем мерзімі бар өнім. Жарна биткойнмен төленеді, ал төлем де биткойнда жүргізіледі.

«Клиенттерден жиі сұраймыз: мұрагерлеріңізге 1,5 млн доллар алған дұрыс па, әлде 15 биткойн ба? Көпшілігі „Доллар беріңдер, сиқырлы бұршақтарыңды қалдыра беріңдер“ дейді. Ондай адамдар — біздің клиентіміз емес. Біз үшін клиент — 15 биткойн болашақта әлдеқайда қымбат болады деп сенетін адам», — дейді Таунсенд.


Негізгі аудитория

Компанияның басты клиенттері — 35–55 жас аралығындағы ер адамдар, биткойн құндылығына сенетіндер.

Таунсенд олардың екі негізгі тобын атап өтеді:

  • Биткойнның «натив» қолданушылары — 2015 жылы 25 жасында биткойн алған, қазір отбасы құрып, балалар тәрбиелеп жатқан буын.

  • Классикалық дәулетті клиенттер — кәсіпкерлер, отбасылық бизнес иелері, криптовалютаны инфляция мен валюта тәуекелінен қорғану үшін алғандар.


Болашаққа көзқарас

Meanwhile басқа сақтандыру компанияларымен де жұмыс істей бастады. Олар биткойн бағасына байланған өнімдерді ұсынуды немесе активтерін тек биткойнда басқаруды көздейді.

«Әлемдегі көптеген сақтандыру компаниялары клиенттеріне осындай өнімдер арқылы биткойн үлесін ұстауды ұсына бастайды. Біз оларға бұл идеяны жүзеге асыруға көмектесеміз», — дейді Таунсенд.

 Дереккөз: InsuranceNewsNet

Фотосурет ашық дереккөздерден алынған.

 
 
Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру