bs-preloader__icon
ru kz

" Nomad Life" ӨСК" АҚ-ға S&P агенттігінен «BB» рейтингі берілді

S&P Global Ratings Халықаралық рейтингтік агенттігі «Nomad Life» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-ға «ВВ» (болжамы тұрақты) деңгейінде ұзақ мерзімді рейтингті берді. Сонымен қатар Компания «kzАА-» деңгейінде ұлттық шәкілі бойынша рейтингке ие болды.
" Nomad Life"  ӨСК" АҚ-ға S&P агенттігінен «BB» рейтингі берілді

«Nomad Life» ӨСК» АҚ рейтингтері өмірді сақтандырудың қазақстандық нарығында компанияның тұрақты позицияларын және соңғы бес жылдың ішінде операциялық қызметінің жоғары көрсеткіштерін көрсетеді. Компания Қазақстандағы өмірді сақтандыру нарығында жетекші позициялардың бірін иеленеді және пайда мен табыстылықтың күшті көрсеткіштері бар», –  деп есептейді S&P аналитиктері.

«Біз үшін ірі рейтингтік агенттіктердің бірі S&P Global Ratings рейтингінің берілуі компанияның дамуындағы оң трендті растайтын маңызды оқиға болып табылады және оның іскерлік серіктес ретінде сенімділігінің куәсі болып табылады. Өмірді сақтандыру компанияларының жұмысы ұзақ мерзімді міндеттемелермен байланысты, сондықтан сақтандырушының сенімділігі қаржы институтын таңдау кезінде клиенттер үшін негізгі фактор болып табылады, өйткені олардың жинақтарын сақтауға, көбейтуге және тұрақты болашаққа сенімділікті ұялатады», – деп атап өтті «Nomad Life» ӨСК» АҚ Басқармасының төрағасы Қайрат Чегебаев.

Компания халықаралық рейтинг агенттіктерінің "Үлкен үштігіне" (Standard & Poor's, Moody’s, Fitch Ratings) кіретін агенттіктен өмірді сақтандыру саласында ТМД елдерінің аумағында ең жоғары рейтингке ие болды.

Сонымен қатар, " Nomad Life" ӨСК " АҚ Қазақстанда және Орталық Азиядағы KPMG қолдауымен Forbes Kazakhstan зерттеулеріне сәйкес өмірді сақтандыру компанияларының рейтингісін екі жыл қатарынан басқарып келеді. Қазақстанның қаржы нарығындағы ең жылдам өсіп келе жатқан ойыншылардың бірі және әлеуметтік жауапты бола отырып, Компания саладағы ең үлкен салық төлеуші болып табылады.  

Анықтама: «Nomad Life» ӨСК» АҚ 2007 жылғы 13  қарашада құрылған, және ҚР ҰБ 2019 жылғы 21 қаңтарда берілген № 2.2.47 лицензия негізінде (алғашқы рет лицензия 2008 жылғы 28 мамырда берілген) «өмірді сақтандыру» саласында сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асырады. 

2012 жылдан бастап Компания өмірді сақтандыру нарығында активтер, өзіндік капиталы, төлемдер, сақтандыру қорлары, сонымен қатар сақтандыру сыйлықақыларын жинақтау бойынша, соның ішінде қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру және аннуитеттік сақтандыру сыныптарында көшбасшылық позицияға ие. «Nomad Life» ӨСК» АҚ тәуекелдері бүкіл әлемде жұмыс істейтін АА- (S&P бойынша) рейтингімен ең ірі еуропалық қайта сақтандыру қоғамымен қайта сақтандырылады. «Nomad  Life» ӨСК» АҚ өзінің дамыған сату желісі бар, Қазақстан Республикасының облыстық және аудандық орталықтарында 17 филиалы және 12 өңірлік кеңсесі қызмет етеді. 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өмірді жинақтаушы сақтандыру не үшін қажет
Өмірді жинақтаушы сақтандыру не үшін қажет

Өмірді жинақтаушы сақтандыру – сақтандыру ме...

Нарық аннуитеттерді қолдады
Нарық аннуитеттерді қолдады

ӨСК жиынтық брутто-сыйлықтары 2023 жылғы ақпанд...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру