Ағымдағы жылдың 12 шілдесінде Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын реттеу мен дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Соңғы бес жылдың ішінде сақтандыру нарығы тұрақты өсімді көрсетіп келеді. Өткен жылы саланың екі негізгі көрсеткіші айтарлықтай өсімді көрсетті: сақтандыру сыйлықақыларының көлемі – өткен жылға 37%-ға өсті, төлем қабілеттілігінің маржасы (сақтандыру компанияларының міндеттемелеріне активтер қатысы) 7%-ға дейін 567,5 млрд теңгеге өсті.
Нарықтың өсімі жеке ерікті және жеке мүліктік сақтандыру секілді, сақтандырудың ерікті түрлерінің дамуымен байланысты. Бұл ретте ең алдымен өмірді жинақтаушы сақтандырудың жаңа әлеуметтік-бағытталған өнімдерін енгізу, сақтандыру қызметтерін одан әрі цифрландыру, сонымен қатар осы қызметтерді тұтынушылардың қорғауын қамтамасыз ету есебінен сақтандыру нарығының болашағы зор.
Заңмен қарастырылған, өмірді сақтандырудың жаңа әлеуметтік маңызды өнімдерінің бірі Мемлекеттік білім беру жинақтаушы жүйесі (МБЖЖ) аясында білім беру жинақтаушы сақтандыру өнімі болып табылады. «Банктік депозиттен айырмашылығы бұл өнім қосымша сақтандыру қорғауын ұсынады. Ата-ананың біреуі қайтыс болған жағдайда немесе ол еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан жағдайда сақтандыру шарты бойынша жинақталған сомаға тәуелсіз оқудың құны төленеді», - деді Мария Хаджиева. Бұдан бөлек, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры төлемдердің толық сомасына кепілдік береді, ал сол мезетте банктік салым бойынша кепілдік 10 млн теңгеден аспайтын соманы өтейді.
Бірінші қыркүйектегі жағдай бойынша МБЖЖ бағдарламасында 4 банк қатысады және 33,5 млрд теңгеге жуық жалпы сомаға барлығы 22 мың депозит ашылған. МБЖЗ-ға өмірді сақтандыру компанияларының қатысуы осы өнімді сатудың баламалы каналдарын құруға және халық арасында осы жүйенің танымалдылығын жоғарылатуға көмектеседі.
Заңның тағы бір жаңартпасы ерлі зайыптылардың немесе жақын туыстардың зейнетақы жинақтарын біріктіруге және олардың әрқайсысына жеке кесте бойынша өмір бойылық төлемдерді тағайындауға мүмкіндік беретін, бірлескен (ерлі-зайыпты) зейнетақы аннуитетін енгізу болып табылады. Бірлескен зейнетақы аннуитеттерін енгізу азаматтардың жинақтау бастамашылықтарын жоғарылатуға және оларға зейнетке шығу сәтіне қарай қосымша жинақтарды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Заң сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің айтарлықтай өзгертулерін көздейді. СТКҚ кепілдік беретін, сақтандыру сыныптарының тізбесі кеңейеді. Кепілдік беру жүйесі сақтандырудың барлық міндетті және әлеуметтік маңызды сыныптарына, оның ішінде жаңа өнімдерге – бірлескен зейнетақы аннуитеттеріне және МБЖЖ шеңберінде жасалатын, өмірді сақтандыру шарттарына қолданылады.
Тұтынушылардың сақтандыру төлемін алуды күту мерзімі едәуір қысқаруда. Қазіргі таңда тұтынушылар СТКҚ-нан төлемдерді алу үшін ұзақ уақытты алатын сот шешімін күтуі керек. Жаңа жүйе бойынша, Заңға сәйкес тұтынушылар сақтандыру ұйымын тарату туралы сот шешімін күтпей, оны лицензиядан айырғаннан кейін-ақ ала алады.
Сурет ашық дереккөздерден