bs-preloader__icon
ru kz

Онлайн-страхование в Казахстане

Қазақстан Парламентінің Мәжілісі сәрсенбі күні пленарлық отырыста «Сақтандыру және сақтандыру қызметінің мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістерді және толықтыруларды енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.
Қазақстанда онлайн-сақтандыруды енгізу туралы заң жобасы мақұлданды

Заңнамалық түзетулер халық пен кәсіпорындарға сақтандыру компанияларының кеңсесіне бармай-ақ және агенттердің делдалдық қызметтерісіз Интернет арқылы сақтандыру шарттарын жасасуға мүмкіндік береді. Мысалы, полисті сақтандыру компаниясының сайты арқылы онлайн режимінде сатып алуға болады. Төлем жасалғаннан кейін клиентке Бірыңғай сақтандыру деректер базасымен берілетін сақтандыру шартының бірегей нөмірі беріледі.

Өмірді сақтандыру әлеуметтік маңызы бар өнімдері бойынша сақтандыру төлемдердің қосымша кепілдігі енгізіледі. Зейнетақы аннуитеттері және еңбекке жарамсыз болып қалған қызметкерлердің аннуитеттері бойынша сақтандыру төлемдері бойынша міндеттемелерді атқару қормен кепілдендіру қарастырылады. Кепілдік сақтандыру компаниясын жою кезеңінде барлық міндеттемелерді басқа сақтандыру компаниясына бапсырғанға дейін әрекет етеді.

Мәжілістің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің қорытындысында сақтандыру саласындағы заңнаманы жетілдіруді, сонымен қатар отандық қор нарығының белсендірілуін, оның өтімділігінің, тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігінің артуын қарастыратын түзетулер енгізілген деп түсініктеме берілген.

Түзетулер өмірді сақтандыру компанияларының кепілдендіру жүйесіне қатысуға, аннуитеттік төлемдерді кепілдендіру тәртібін анықтауға, бір жыл ішінде сақтандыру оқиғалардың санына қарамастан сақтандыру полистің әрекет етуінің үздіксіздігі принципін қамтамасыз етуге, сонымен қатар көлік құралы иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру аясында жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін сақтандырушының жауапкершілігінің лимитін арттыруға бағытталған.

Заң жобасы жұмыс берушілер үшін икемді сақтандыру тарифтерін белгілеу арқылы өндірістің қауіпсіз жағдайларын жасауға түрткі болады деп болжамдайды. Құжат әрі қарай қарау үшін Парламенттің сенатына жолданды.

Дереккөзі: Интерфакс-Қазақстан. 

Фотосурет: mikrozaimfinans.ru, vseofinansah.ru сайттарынан алынды

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Өзіңізді мұздың құлауынан қалай сақтандыруға болады
Өзіңізді мұздың құлауынан қалай сақтандыруға болады

Қыстық кезеңде жиі шатырдан қызылсу мұзының қ...

Әлемде өлім санының артуы күтілуде
Әлемде өлім санының артуы күтілуде

2020 жылы БҰҰ мәліметі бойынша, қайтыс болғандар...

ЖИ негізіндегі өнім өмірді сақтандыру саласын өзгертеді
ЖИ негізіндегі өнім өмірді сақтандыру саласын өзгертеді

Сингапурда орналасқан Neutrinos компаниясы сақтан...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру