bs-preloader__icon
ru kz en

Сақтандыру нарығының онлайн-серпілісі

Бүгінгі күні дәл цифрландыру мен қаржы технология сақтандыруды қосқанда, қаржы нарығының одан әрі дамуын маңызды дәрежеде анықтайтын бағыттар болып табылатыны ешкімде күмән келтірмейді. Сақтандырушыларға IT-технологияның әсерін Қазақстан қаржыгерлерінің IX Конгресінде талқылады.
Сақтандыру нарығының онлайн-серпілісі

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мадина Әбілқасымова сақтандыру нарығын реттеуші жұмысының екінші басым бағыты екенін атады: «Сақтандыру сыйлықақыларының жалпы көлемінде ерікті жеке сақтандырудың үлесі 43%-ға дейін ұлғайды. Осылайша, біз өмірді жинақтаушы сақтандырудың жинақтаушы құрал ретінде өсімін көріп отырмыз. Сақтандыру нарығы үшін басымдықты міндет сақтандыру төлемдерін алу үдерісін электронды нысанға аудару болып табылады. Бұл үшін сақтанушы бойынша тәуекелдерді сапалы бағалау, шартты жасасудан бастап төлемдерді алғанға дейін бүткіл үдерістің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында деректердің толық және анық статистикалық базасы құрылатын болады».

Сақтандыру секторы сақтандыру сыйлықақыларының тұрақты өсімін және жоғары қаржылық тұрақтылықты көрсетуде. Сақтандыру нарығының активтері соңғы үш жылда 64%-ға өсті және 1,7 трлн теңгені құрады. Жыл басынан-ақ сыйлықақылардың өсімі 37%-ды құрады. Сақтандыру секторының өсіміне цифрландыру мен жаңа технологияларды енгізу ықпал етті. Бүгінгі күні сақтандырудың міндетті түрлері электронды нысанға аударылған. «Сақтандыру өнімдерінің желісін кеңейту үшін сақтандырудың жүктелген түрлерін дамытуға жағдайлар жасау, инвестициялық сақтандыру және өмірді сақтандыру бойынша жаңа өнімдерді енгізу көзделген. Міндетті сақтандыруда өңірлік статистиканы ескеріп икемді тарифтеу механизмін енгізу жоспарлануда», - деп ол түсіндірді.

Сонымен, өткен жылы Nomad Life нарықта бірінші болып Unit-linked инвестицияларға қатысумен сақтандыру шарттарын жасай бастады. Жинақтаушы сақтандыруда 2021 жылғы қаңтардан бастап ұзақ мерзімді сақтандыру өнімдері бойынша салық жеңілдіктері енгізілген болатын. «Біздің көзімізше қаржы нарығы сұлбасының өзгеруі және дәстүрлі банктердің, сақтандыру ұйымдарының қаржы IT-компанияларына және экожүйелерге айналуы болып жатыр. Экожүйелер нарықта бәсекелестіктің қозғаушы күші болуда, клиенттердің қалауларын және нақты секторда бизнесті жүргізу талаптарын өзгерте отырып, қаржы қызметтерін көрсету кезінде инновациялардың өсімін ынталандыруда», - деді Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының төрағасы Елена Бахмутова.

Оның сөзінше өткен жылы індетке қарамастан сақтандыру компаниялары өсім көрсетті, міндетті сақтандыру бойынша ғана емес, сондай-ақ сақтандырудың ерікті түрлері бойынша да қамтуды кеңейтті. Локдаунға байланысты онлайн-сатулардың дамуы үдеді. Қашықтан жиі сақтандырудың моторлы түрлері бойынша полистер, шетелге шығушыларды сақтандыру, жазатайым оқиғадан сақтандыру сатылады. Технологиялар онлайн сатуға сақтандырудың мүліктік түрлерін, оның ішінде сол мүліктің өзін қарауды талап етпейтінді ауыстыруға көмектеседі. Енді сақтандырушыға қарауға автокөлікті немесе пәтерді көрсетудің қажеті жоқ, оны сақтандыру компаниясының кеңесшісінің басшылығымен видео түсіріп өзіңіз жасауға болады. Онлайнға анағұрлым күрделі сақтандыру өнімдері де өтуде, атап айтқанда өмірді сақтандыру. «Біз жеке үдерістерді онлайнға ауыстырдық: құжат айналымы, төлемдер. Цифрлық аналитиканы және Big Data пайдалануды тырысып жатырмыз, маркет-плейстерді құруға жұмыс істеудеміз. Бұл шығыстарды оңтайландыруға әкеледі, және адамдар біздің қызметтерімізді азырақ ақшаға сатып ала алады», - деген сенімде «Халык-Life» ӨСК-нің Басқарма төрайымы Жанар Жұбаниязова.

Алайда сатулар – бұл клиенттің сақтандырушымен өзара іс әрекетінің басы ғана. Сақтандырушылар таңдаған өзгерістің сценарийлері қаншалықты тиімді болатыны нарық пен сала жалпы қаншалықты табысты болатынына байланысты. «Біз сақтанушыларымыз туралы шамамен барлығын білеміз. Бірақ бұл деректерді сақтандырушылар жеткілікті түрде жақсы пайдаланбайды. Сол себепті клиенттер үшін жеке ұсыныстар аз. Мысалы, өмірді сақтандырушылар үшін әлеуметтік байланыстар, клиенттердің хоббиі, денсаулық жағдайы туралы ақпарат өте маңызды. Жақын арада бізге сақтанушылардың тәуекелдерін бағалауды құру қажет, деп санайды Олег Ханин, «Коммеск-Өмiр» СК-ның басқарма төрағасы». Мен үшін реттеуші бізге сақтандыру резервтерінің үстіндегі артықты біз осындай компанияларды сатып ала алуымыз үшін, IT-компанияларға инвестициялауға рұқсат берсе деп едім, себебі оларсыз жақсы цифрлық өнімді құру қиын.

Сақтандыру тез дамушы сала болып есептелмейді. Бірақ соңғы жылдары бұл ең дәстүрлі сала венчурлік капиталдарға және стартаптарды құрушыларға ең танымал болды. Инвесторлар бұл салаға соңғы үш жылда 20 миллиард доллардан астамды салды – цифрлық технологияларға бағытталған сақтандырушылардан бастап жасанды сананы пайдаланумен және SaaS-жобалар клиенттеріне бағытталған тәуекелдерді өлшеу құралдарына дейін. «Әлемде технологиялық сақтандыру белсенді дамуда. Мысалы, мұндай стартаптарға ғаламдық инвестициялар 24,2 млрд долларды құрайды. Бұл сақтандыру компанияларының инвестицияларынан басқасы. Сол себепті барлығымызға (сақтандыру компанияларының топ-менеджерлеріне және акционерлеріне) ұран тасталды: бізге IT-ға инвестициялай алуымыз үшін қорларды бөлу қажет», - деп санайды «Еуропалық сақтандыру компания» ӨСК-нің Басқарма төрағасы Дмитрий Надиров.

Қазақстанда сақтандырудың цифрлық өзгерісі – таяу жылдары саланың негізгі қозғаушы күші болатын сөзсіз үдеріс. Сапалы цифрлық клиенттік тәжірибені ұсынушы сақтандырушылар біртіндеп бірінші таңдаулы компаниялар болып шығады және көшбасшылықты нығайтатын болады, себебі бүгін жеке клиент үшін қызметті алудың ыңғайлығы мен жылдамдығы бірінші кезекте маңызы бар.

ҚҚҚ баспасөз қызметінің суреті

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Зейнеткерлік табыс
Зейнеткерлік табыс

50 жастан асқан қазақстандықтар "күміс жас" бағ...

Иммунитетті көтерудің Топ-7 тәсілі
Иммунитетті көтерудің Топ-7 тәсілі

Салауатты иммундық жүйесіз біз ауруларға бейі...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру