ҚМА ағымдағы жылдың басынан бері 22 қаржы пирамидасын анықтаған. Кибербақылау жүйесінде 4000-ға жуық сайттар мен аккаунтар бұғатталды.
Алдын алу жұмыстары аясында әлеуметтік желі қолданушыларына ескертулер жіберу нәтижесінде бүгінде 52 мың желі пайдаланушысы қаржылық пирамида белгілері бар контентке жазылудан бас тартты.
Енді өз қаражатын инвестициялағысы келетін әрбір азамат ҚНРДА тізілімінде ғана емес, сондай-ақ жарияланған тізімде компанияның сенімділігін тексере алады.
Қаржы пирамидаларының тізімі (сотқа дейінгі тергеу)
QUASAR
Chia Tai Tiahging
Chia Tai Tianqinq Pharmaceutical Group
Q-net
Incruises
QazHome
Life is good LTD, Best way ТК холдингіне кіретін Hermes management LTD
Sincere Systems
ЖК-ОTAU KZ
LUXERY
World Business Consulting
GAP
ТОО Upgrade-AS
UBW.kz
Antares Trade, Antares Limited
Sincere Systems
Innova Gold
ТОО IG Group KZ
Тhe Great Tower
B2B Jewerty
ТОО «Семейный Капитал»
Robotice
BestRoadInvestment
TheFiniko
«Финстатус» ЖШС және «ПрофитГруп» ЖШС
AYBA-Жанұя ЖШС
Тергеу аяқталды (сотта қаралуда)
World Business Consulting
UBW.kz
Antares Limited, «Антерес Трейд»
Sincere Systems
Innova Gold
ЖК-OTAU KZ
Сот үкімі шыққан қаржы пирамидаларының тізімі
LV Force
Unique Finance
B2B Jewerly
Caspian Cocus
World Business Consulting
Finiko
Investment Consulting Agency
Eden life, MMK Investment
Шаңырақ+ (ТОО Best Road Investment)
River Coins Limited
Денежный поток
Великое будущее
Нұр-жиһаз
Лидер Капитал
Нарымбетова
Нарымбетова
ПК Ата-мекен
Асыл инвест
ПК GAP
Табыс
Котел
Раушан касса
Q-net
Hermes management LTD
Алаяқтық брокерлік компанияның белгілері:
тәуекелі аз немесе мүлде жоқ қысқа мерзімде салынған ақшалай қаражатқа мөлшерсіз жоғары пайдаға уәде беруі;
лицензия немесе оның жоқтығы туралы ақпаратты беруден бас тарту;
брокерлік компанияның веб-сайтының мекенжайын беруден бас тарту, ол туралы интернетте ақпараттың болмауы немесе компанияның веб-сайтында компанияның иесі, заңды мекенжайы мен байланыс деректері туралы мәліметтердің болмауы;
«жеке менеджердің» банк картасына ақша аудару туралы өтініш;
жасырын нөмірден немесе әртүрлі нөмірлерден «брокер» менеджерінен қоңыраулар;
тәуліктің кез келген уақытында «брокердің» жабысқақ қоңыраулары;
дөрекі немесе кәсіби емес іскерлік қарым-қатынас.
Сурет ашық дереккөздерден