bs-preloader__icon
ru kz

AM Best есебі: Қазақстан сақтандырушылары үшін операциялық ортаны жақсарту

AM Best рейтингтік агенттігі ұзақмерзімді перспективада Қазақстан сақтандырушылары үшін нарықтық ойыншылар санының қысқаруы негізінде операциялық ортаның жақсаруын болжайды
AM Best есебі: Қазақстан сақтандырушылары үшін операциялық ортаны жақсарту

Бұл туралы Қазақстанның сақтандыру нарығын салыстырмалы талдауға арналған AM Best “Kazakhstan Insurance Ratings: Benchmarking» есебі. Агенттік сарапшыларының ойынша, қызмет ету үшін жағдайлар экономикалық өсуінің бәсеңдетуіне және реттеуші нормаларының өзгеруіне байланысты қиын болып қалуда.

Non-life сақтандыру секторында компаниялардың бірігуі және қосылуы бойынша мәмілелерден кейін немесе кейбір сақтандырушылардың сақтандыру бизнесінен шығуынан санының қысқаруына қарамастан, бәсекелестік өте жоғары. Бұл ретте аға қаржы аналитигі Евгений Асатрян «сақтандыру нарығындағы шоғырлануы негізінен банктік сектордағы бірігуі мен қосылуы арқасында орын алған. Сонымен қатар 2019 жылы Қазақстан Ұлттық Банкі нормативтік талаптарды сақтамады деп, өмірді сақтандырумен байланысты емес екі компанияның лицензиясының күшін жойды», деп атап көрсетті.

AM Best аналитиктерінің пікірінше, бақыланатын үрдістер болашақта жалпы сақтандыру нарығының операциялық ортасына қолайлы әсер етуі мүмкін.

AM Best Қазақстан сақтандырушылары үшін реттеуші тәуекел жоғары болып қалуда, өйткені ақпараттық-құқықтық база оны жетілдіру қажеттілігіне байланысты тұрақты түрде өзгеріп тұрады. Оның үстіне қазақстандық сақтандыру нарығы әлі де жас, - дейді олар.

Дереккөзі: http://news.ambest.com/presscontent.aspx?refnum=27792&altsrc=9

Фотосурет ашық дереккөздерінен алынды. 

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз
Отандық өмірді сақтандырушылар қанша сыйлықақы жинайды
Отандық өмірді сақтандырушылар қанша сыйлықақы жинайды

Ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында өмірді...

Шұғыл және кейінге қалдырылған аннуитет: айырмашылығы неде
Шұғыл және кейінге қалдырылған аннуитет: айырмашылығы неде

АҚШ-та аннуитет – бұл өмірді сақтандыру компа...

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру