bs-preloader__icon
ru kz

Отандық өмірді сақтандыру саласы бір жылда 71,3%-ға ұлғайды

Қазақстанның өмірді сақтандырушылары өткен жылдың қорытындылары бойынша 71,3% қосты. Абсолюттік көрсеткіштерде жиналған сыйлықақылар сомасы 392,1 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды «Курсив» күнделігі.
Отандық өмірді сақтандыру саласы бір жылда 71,3%-ға ұлғайды

2021 жылы life-сақтандыру сегменті өсімінің қарқыны non-life нарығын 2,5 есеге озды. Бұған өмірді жинақтаушы сақтандыруды қамтыған заңнамалық өзгертулер ықпал етті. 2021 жылдың басынан клиенттер ЖТС есептеу үшін салық салынатын базаның төмендеуіне құқық алды. Сонымен қатар, зейнетақы аннуитеті қолжетімдірек бола түсті – бұрын құнының есебі ең төменгі жалақыға байланысты болған (43,2 мың теңге), 2021 жылдан бастап – ең төменгі күнкөріс деңгейіне (34,3 мың теңге) байланысты.

«Кейінге қалдырылған зейнетақы аннуитеті енгізілді, яғни адамдардың БЖЗҚ-дан өз жинақтарын 45 жастан бастап өмірді сақтандыру компанияларына аудару мүмкіндігі пайда болды» - дейді «Сентрас Коммеск Life» басқарма төрайымы Гүлжан Жақсымбетова.

Өсімнің тағы бір факторына – толыққанды unit linked инвестициялық өнімі лайықты. Бұл жерде келесіні айта кету керек. ҚР Ұлттық Банкі unit linked шарттары бойынша деректерді қорытынды бағанға енгізбейді. Бірақ Kursiv Research оларды қосты, сондықтан жиналған сыйлықақылардың қорытынды сомасы ресми сомадан 12,1 млрд теңгеге асады – бұл unit linked өнімі бойынша сақтандыру сыйлықақыларының сомасы. 2021 жылы осы қызметті көрсеткен жалғыз компания Nomad Life болды. Нақты unit linked шарттарын ескеріп, ӨСК ренкингін Nomad Life бастады, бұл сыйлықақыларды ескермегенде біріншілік жүлдесін «Халық-Life» алар еді.

Еске салсақ, unit linked өнімі екі қаржы қызметін біріктіреді – инвестициялар мен өмірді сақтандыру. Сақтандыру компаниясы алынған қаражатты клиент таңдаған инвестициялық портфельге орналастырады. Инвестициялау арақатынасы мынандай, қаражаттың 10%-ы кепілдендірілген мөлшерлемемен классикалық өмірді жинақтаушы сақтандыруға, қалған қаражат – инвестициялық портфельге жіберіледі.  

Салада жоғары өнімдік шоғырлану бар, сондай-ақ бірнеше үстем компаниялар бар. Салада жиналған сыйлықақылардан меншікті салмағы 5%-дан асатын барлық бағыттар талданды. Өмірді ерікті сақтандыру бойынша 177,6 млрд теңге (+82,0%) және аннуитеттік сақтандыру бойынша – 137,4 млрд теңге (+77,0%) тартылды. Сомада бұл екі позиция салада барлық жиналған сыйлықақылардан 80,3%-ды алады.

Басқа танымал өнімдер: қызметкер еңбек міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру (42,3 млрд теңгеге дейін; +6,4%) және жазатайым оқиғалардан ерікті сақтандыру (20,6 млрд тенгеге дейін; +61,2%).

Өмір бойынша көшбасшылар

Өмірді сақтандыру саласында тоғыз компания жұмыс істейді, және олардың барлығы табыс өсімін көрсетті. Көшбасшылар үштігіне барлық сыйлықақылардан 72,7%-ды тартқан Nomad Life, «Халық-Life» және «Еуропалық сақтандыру компания» кіреді.

Unit linked өнімінен сақтандыру сыйлықақыларын ескеріп, Nomad Life компаниясы өткен жылдың қорытындылары бойынша бірінші орынды алды. Ол 128,5 млрд теңгені жинай алды, бұл 2020 жылдың деңгейінен 78,3%-ға көбірек. Негізгі үлесті компанияға 61,7 млрд теңге әкелген, және бір жылда 76,1%-ды қосып, өмірді ерікті сақтандыру қосты (меншікті салмағы 48,0%).

««Өмірді сақтандыру» бағытында өсім Zoloto Nomadov өніміне жоғары сұраныспен байланысты. 2018 жылы біз бірінші болып нарықта валюталық өмірді жинақтаушы сақтандыру бағдарламасын іске қостық, және жыл сайын осы өнім бойынша жинақтардың үздік өсімі жүреді. 2021 жылы біз Capital – жарналардың икемді шарттарымен өмірді жинақтаушы сақтандыру өнімін іске қостық. Сонымен қатар, 2021 жылы біз өнімдерімізді оnline жасасу мүмкіншілігін іске қосуда жұмыс істедік, сервис жақсы динамиканы қамтамасыз етті», - деді компанияда.

Аннуитеттік сақтандыру 44,8 млрд теңгеге дейін өсті, өсім 67,7%-ды құрады (меншікті салмағы 34,9%). «Аннуитеттік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары жинағының негізгі ұлғаюы зейнетақы аннуитеті бойынша сақтандыру сыйлықақылары көлемінің ұлғаюымен байланысты. Көрсеткіштер өсімі зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегінің және зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін шекті жастың төмендеуімен байланысты», - деді Nomad Life-та. Unit linked – компания үшін №3 қызмет, ол оған 2,1 млрд теңге әкелді.

Қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру түсімді көрсетті – 9,3 млрд теңгеге дейін (–7,4%). Nomad Life-та «Курсивке» түсіндіргендей, жалпы қызметкерді жазатайым оқиғалдардан міндетті сақтандыру сегменті өзгерген жоқ, себебі бұл өнім сақтандырудың міндетті сыныбына жатады, және бәсекелестер ұсынатын барлық шарттар бірдей. Бірақ соңғы үш жылда ҚР нарығына жаңа үш ӨСК шықты, олар бәсекені күшейтіп, клиенттерді белсенді тартуда.

Екінші позиция – 124,8 млрд теңге тартқан немесе 2020 жылға қарағанда 87,6%-ға көбірек «Халық Life» компаниясында. Өмірді ерікті сақтандыру – негізгі өнім, ол компанияға барлық сыйлықақылардан 59,4%-ды немесе 74,2 млрд теңгені әкелді. Бұл бағыт бойынша өсім айтарлықтай - 102,2%. Маңыздылығы бойынша келесі қызмет, меншікті салмағы 30,9%-ды құраған аннуитеттік сақтандыру болып табылады. Ол бойынша түсім 38,5 млрд теңгені (+110,5%) құрады.

«Еуропалық сақтандыру компания» өткен жылдың қорытындылары бойынша ӨСК ренкингінде көшбасшылар үштігіне қосылды. Еске салайық, 2020 жылдың нәтижелері бойынша ол бесінші позицияны алған.  Компания 31,8 млрд теңгеге сыйлықақыларды жинап, 87,7%-ға түсімді көбейтті. Осы соманың үлкен бөлігі компанияға 27,6 млрд теңге (+56,3%) әкелген, өмірді ерікті сақтандыру есебінен қалыптасты. Маңыздылығы бойынша екінші бағыт – жазатайым оқиғалардан ерікті сақтандыру, осы бағыт бойынша түсім 3,7 млрд-ты (+42,1%) құрады.

Дереккөзі: https://kz.kursiv.media/2022-03-14/za-schet-chego-rastet-strahovaya-otrasl/

Сурет ашық дереккөздерден

 

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру