bs-preloader__icon
ru kz en

Қайрат Чегебаев: «Актуарийлерді күні кеше дайындау қажет болатын»

Алматыда актуарийлердің екінші курсы аясында оқыту басталды. Оқытуды Қазақстан актуарийлері қоғамының жоғары білікті, тәжірибелі мамандары өткізуде. Жаздың басында басталған бірінші курс қарқындылықтың жоғары деңгейімен және бір күндік толық қамтылуымен үш аптаға созылған. Базалық актуарлық курстардың ұйымдастырушысы Қоғамнан басқа ҚР Ұлттық Банкінің және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың механика-математикалық факультетінің қолдауымен «НОМАД LIFE» ӨСК» АҚ болып табылады.
Қайрат Чегебаев: «Актуарийлерді күні кеше дайындау қажет болатын»

Актуарлық курстардың ұйымдастырушылары мен оқытушыларының бірі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математикалық факультетінің іргелі математика кафедрасының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор м.а. Мирбулат Сихов  Lifeinsurance.kz сайтына берген сұхбатында осы курстардың ерекшеліктері туралы әңгімелеп берді.

- Мирбулат Бахытжанович, Сіз биылғы жылы алғашқы базалық курстардың қаьысушыларының деңгейін қалай бағалайсыз?

 - Алғашқы курстың қатысушыларына өте қатаң талаптар қойылды, сондықтан олардың дайындық деңгейі де жоғары болған. Бұны емтиханның нәтижелері растады: бірінші топтағы 27 адамнан тең жартысы – 13 тыңдарман емтиханды табысты тапсырды. Бірінші курс бойынша екінші топқа қатысушылардың аз санына байланысты, қатысушыларға қойылатын талаптар төмендетілді, сондықтан оқуға математика тұрғысынан дайындығы аз болған тыңдаушылар қатыстырылды.

Бірінші топқа қарағанда, университетті баяғыда бітірген сондықтан кейбір академиялық білімді ұмытып қалған қаржы саласындағы түрлі компаниялардың, оның ішінде сақтандыру компанияларының өкілдері де тартылды. Бұл емтиханның нәтижелеріне де кері әсерін тигізді: емтиханды тапсыру деңгейі тыңдаушылардың жалпы санынан 20% құрады. Екінші курсқа жалпы 20 адамдай өтті.

- Актуарийлерді даярлаудың екінші кезеңінде (курсында) оқу бағдарламасы кеңейтілді ме?

- Үш аптаға созылған екінші курсқа бірінші кезеңнің нәтижелері бойынша емтиханды сәтті тапсырған тыңдаушылар өтті. Екінші курстың ерекшелігі актуарийлер білуге тиісті кейде өзара байланысты емес көптеген түрлі тақырыптарды меңгеретіндігі болып табылады. бұл тақырыпқа сондай-ақ жалпы сақтандырудың, өмірді сақтандырудың негізгі міндеттері, инвестициялар теориясы, зейнетақы қамсыздандыруы, медициналық сақтандыру және т.б.

- Бұл курстар тыңдаушыларға және жалпы нарыққа не береді?

- Бұл курстардың жалғыз демеушісі «НОМАД LIFE» ӨСК» АҚ болып табылады, ол биыл тағы ҚР-да актуарийлерді даярлау бағдарламасы бойынша 3-4-курстардың өткізілуін қаржыландыруды жоспарлайды. Біздің жастарымызды даярлау және нарықты дамыту ісіне қосқан осы үлесі үшін бұл компанияға үлкен алғысымызды білдіреміз, өйткені біздің жас мамандарымыз, олар жақсы, ақылды балалар, негізінен мехматтың студенттері, магистранттары, лайықты, қажетті және жақсы төленетін кәсіпті меңгеріп алу, сақтандыру және жалпы қаржы нарығында жақсы жұмыс табу мүмкіндігіне ие болды.

Актуарлық курстардың бағасы өте жоғары, бұл тыңдаушылардың биылғы жылы курстан ақылы өту мүмкіндігі болмас еді. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, бірінші екі курстың түлектері әдетте сақтандыру компанияларына актуарийлердің көмекшісі, андеррайтер, тәуекел-менеджері болып қызметке тұрады. Оларда ақылы негізде болса да, өз қызметкерлерінің біліктілігін көтеруде мүдделі компанияның есебінен болашақта әрі қарай білім алуға мүмкіндіктері бар. Сондықтан осы екі курстың өткізілуі тыңдаушыларға да, сақтандыру нарығына да үлкен мүмкіндіктерді береді.

Бұл орайда екінші курс бойынша сабақтар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математикалық факультетінде өткізіліп жатқандығын атап өткіміз келеді. Біз факультеттің басшылығына алғысымызды білдіреміз. Сонымен қатар болашақта актуарийлерді даярлау көбінесе университеттер қабырғасында жүзеге асырылатындығын айтқым келеді. Қазір біз бұл бағытта белгілі бір жұмысты өткізіп жүрміз. Нақты айтқанда, ҚазҰУ механика-математикалық факультетінде «Актуарлық математика» мамандығы бакалавриат бағдарламасы бойынша ашылды, сондай-ақ магистранттарды даярлау осы траектория бойынша жүзеге асырылады.

- Неліктен актуарийлерді қазір даярлау керек екені турлы «НОМАД LIFE» ӨСК» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Чегебаев айтып берді.

- Актуарийлер көбінесе басқа бағыттардың, оның ішінде андеррайтингтің, қайта сақтандыру, төлем және сүйемелдеу  қызметкерлері болып табылады. Яғни актуарий базалық білімді терең оқытудан өткен маман ретінде басқа маманға жақсы көмекші бола алады. Сонымен қатар біз Қазақстанда сондай-ақ бүкіл әлемде де болашақта үлкен қарқындылықпен өсетіндігі күтілуде. Бүгінгі таңда, егер өмірді сақтандыру компанияларының ағымдағы алымдарын жалпы әлемдік компаниялармен салыстыратын болсақ, олардың айырмашылығы жер мен көктей болады. Бұл біздің саламыздың білімінің, біліктілігінің деңгейі әлемдік стандарттарға сай болуы үшін әрі қарай дамуын талап ететіндігімен байланысты болған. Бірақ жергілікті актуарийлер батыс стандарттары бойынша білім алып, дамыған елдердің дайын білімдерін өзімен бірге алып келеді және сақтандыру компанияларына бұл ретте велосипедті ойлап табудың қажеті жоқ. Бұл біздің артықшылығымыз. Олардың міндеті –өз қызметінің әрбір бағытына арнап жақсы актуарийді дайындап, оған бар жауапкершілікті тапсыру.

Сондықтан біздің саламызға қажетті осындай оқытудың бастамашысы болдық. Бүгін білімге қаржы салып, біз ортақ болашағымызға инвестициялаймыз.

Сондай-ақ кейде математик студенттер мехматта ұзақ оқып жүріп, ғылымға терең кіріп кетеді де, практикалық, өмірлік қажеттіліктерді шешуден сырт қалып қою мүмкін. Сондықтан мұндай студенттерге актуарлық ғылымды меңгертіп отырып, біз оларға өз математикалық білімдерін өмірде пайдалану мүмкіндік береміз, ал екінші жағынан салаға жақсы мамандарды дайындаймыз.

- Нарыққа қанша актуарий жетіспей жатқаны бойынша статистика бар ма?

- Мұндай статистика жоқ. Бірақ, мысалы, біздің компанияда біз үнемі мамандарды қабылдаймыз, бас кеңсемізде шамамен 60 адам қызмет етеді, бөлімнің, департаменттің және Басқарманың көптеген басшыларында базалық актуарлық білімдері бар. Сондай-ақ әрбір компанияға актуарлық курстың алтауын бітірген 3-4 лицензияланған маман қажет. Мұндай кәсіпқойлардың өте жақсы жалақысы және талаптары бар.

- Сіздің тек екі базалық курсты емес, барлық алты курстың тыңдаушылары үшін оқытуды қаржыландыру туралы шешіміңіз немен байланысты?

- Мұндай ұсыныс бізге Қазақстан актуарийлері қоғамынан курстарда оқыту үрдісін талқылау барысында келіп түскен. Қазіргі таңда сақтандыру саласында лицензияланған актуарийлердің жетіспеушілігі байқалуда. Егер де біз бірінші-екінші курспен ғана шектелетін болсақ, онда, біріншіден, біздің түлектеріміздің жалықысы соншалықты жоғары болмайды, бірақ олар алған білімдерін қолдана алады. Екіншіден, олар жұмысқа тұрғандықтан өз біліктілігін жақын арада көтере алмайтыны анық. Қазір нарықта жұмыс істейтін актуарийлердің мәселесі де осы. Қазақстанда тереңдетілген 3-6 курстары қаржының тапшылығына байланысты жиі өткізілмейді ғой.

Осы жағдайды түсіне отырып, болашақта нарықта осы жастар жұмыс істейтіндігін ескере отырып, біз келесі актуарлық курстарды қаржыландыру туралы шешім қабылдадық.

Бірақ үшінші және төртінші курстардың ұйымдастырылуы ұзақ уақытқа, шамамен жарты жылға созылады, өйткені оқыту кестесі мен нарықта жұмыс істейтін, бірақ осы ғылымды әрі қарай меңгеруге ниет білдірген базалық актуарлық білімі бар мамандардың демалыс кестелерін келісу қажет.

- Сіздің компанияңызбен биылғы жылы актуарлық курстардың ұйымдастырылуы сынақ ретінде қарастыруға болады ма, немесе Сіз бұл курстарды кейінгі жылдарда да өткізуді жоспарлап отырсыз ба?

- Біз Қазақстан актуарийлері қоғамымен оқыту бойынша бастамамыз бен ынтымақтастығымызды нарықтың басқа да қатысушылары болашақта қолдаса екен дейміз. Бірақ біздің алғашқы екі базалық және бір ілгері курсты жыл сайын өткізуге ниетіміз бар. Осы бірінші жылы біз көбірек курсты өткізгіміз келген, бірақ бұл жағдайда оқытушылардың кестелерін, жайды жалға алуды және басқа да маңызды мәселелерді шешуді келістіруге байланысты. Яғни көптеген жағдайлар бізге ғана байланысты емес, бірақ біз өз тарапымыздан қаржыландыруды ұсынуға дайынбыз.

Суретте:

- актуарлық курстардың тыңдаушылары өз оқытушысы Мирбулат Бахытжанович Сиховпен бірге;

- «НОМАД LIFE» ӨСК» АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Чегебаев.

Бөлісу
Сондай-ақ, қараңыз

Ең қызықты материалдар сіздің электронды поштаңызда. Біздің жаңалықтарға жазылыңыз.

Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Сарапшыға сұрақ қойыңыз
Өтініш қалдыру